«Осенний фестиваль знаний 2024»

"Үшбұрыштардың түрлері" ашық сабақ

Ашық сабақ ертегі желісінде өткізілген. 7 сыныпқа арналған бұл тақырыпта оқушылар үшбұрыштардың түрлерімен танысады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пәні:______________

Сыныбы:_________

Күні:___________

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың түрлері.

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды үшбұрыштардың түрлерімен таныстыру. Олардың бойында геометрия пәніне деген қызығушылықты ояту, осы тақырыпқа арналған есептер шығару, сызбамен жұмыс істеуді үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ ертегі түрінде.

Сабақ көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, плакаттар, слайд.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

II. Ертегілер еліне саяхат (Мақта қыз бен мысық)

Бүгінгі ашық сабағымыз ертегілер еліне саяхат түрінде болмақ. Олай болса, оқушылар біз барлығымыз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз бе? Әрине, ол барлығымызға да таныс қой. Ондағы мысық біздің ең жақсы досымыз болып келеді. Ертегіде Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады, себебі мысық оның қатығын төккен болатын. Мысықты Мақта қыз қатық әкелуге жұмсайды. Ендеше, біз барлығымыз мысыққа көмектесейік. Олай болса, балалар мені мұқият тыңдаңдар.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Ағаштың тапсырмасы) № 56; 59 есептер

Ал оқушылар ағаштағы алмаларды теріп алайық. Алмада өткен материалды қайталауға арналған сұрақтар жасырылған.

  1. Үшбұрыш дегеніміз не?

  2. Үшбұрыштың биіктігі деп неге айтамыз?

  3. Қиылыспайтын екі түзу не деп аталады?

  4. Үшбұрыштың медианасы деп неге айтамыз?

  5. Үшбұрыштың периметрі дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақ: (Сушы қыздардың тапсырмасы)

1) Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тең қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, қабырғалары әр түрлі үшбұрыш.

Анықтама. Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш (∆АВС) тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.

Анықтама. Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш (∆EKD) тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. Тең қабырғалар үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп аталады да, үшінші қабырғасы үшбұрыштың табаны деп аталады. EK мен KD - EKD үшбұрышының бүйір қабырғалары, ал ED – осы үшбұрыштың табаны.

Анықтама. Үш қабырғасының ұзындықтары үш түрлі үшбұрыш (∆MFQ) қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп аталады.

B K F




A C E D M Q

AB=BC=AC EK=KD MF≠FQ≠MQ


Үшбұрыштың қабырғалары ұзындықтарының қосындысы үшбұрыштың периметрі деп аталады. Периметр P әрпімен белгіленеді. АВС үшбұрышының периметрі P=AB+BC+AC болады немесе P=a+b+c.

2) Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тік бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш.

Анықтама. Бір бұрышы тік бұрыш болатын үшбұрыш (∆АВС) тік бұрышты үшбұрыш деп аталады. Тік бұрыш жасайтын екі қабырғаның әрқайсысы катет деп аталады. Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға гипотенуза деп аталады.

Анықтама. Бір бұрышы доғал үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады (∆DEK).

Анықтама. Барлық бұрыштары сүйір болатын үшбұрыш сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады (∆FNM).

Оқушылар осы жаңа тақырып бойынша постер қорғайды.

V. Топтық жұмыс. (Сатушының тапсырмасы)

11;12 (тақтада орындалады).

Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

12

Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 3см. Бүйір қабырғасы табанынан 2см ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

13

Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары берілген:

а) 10 см, 12 см, 1 дм;

ә) 1 см, 0,5 см, 0,8 см;

б) 15 см, 14 см, 5 см;

в) 9 см, 8 см, 7 см.

Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

14

Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 5 см және 6 см. Үшінші қабырғасын табыңдар.

16

Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 4 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар.

VI. Сергіту сәті «Кім жылдам?» (Тауықтың тапырмасы)

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Омашқа

Қалды сонда неше алма? (24 алма)

  1. Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6 үйрек)

  1. Үш қабырғаның әрқайсысына қарсы бір бұрыштан және әр бұрышқа қарсы бір қабырғадан жатса, бұрыш нешеу? Қабырға нешеу? (үш бұрыш, үш қабырға)

VII. Бекіту сұрақтары (Тышқанның тапсырмасы)

  • Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар нешеге бөлінеді және оларды ата?

  • Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

  • Бұрыштарына қарай үшбұрыштар қалай бөлінеді?

  • Катет дегеніміз не?

  • Гипотенуза деп неге айтамыз?

Мысық: Оқушылар маған көмектескендерің үшін көп рахмет!

Үйге тапсырма №17,18.

Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Оқушылар бағаланды.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее