«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Үй жануарлары»

урок про домашних жывотных для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу».

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, үй жануары

туралы толық мағлұмат беру. Үй жануарлары жайында білімдерін

бекіту. Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтау және ойлау

қабілеттерін дамыту. Үй жануарларын күтуге, қорғауға

қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқу іс- әрекет арқылы балалардың ойларын есте сақтау

қабілеттерін дамыту, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру.

Қөрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық плакат.

Құрал- жабдықтары: Ақ қағаз, жасыл гуаш, губка, балауыз, дымқыл

шөберек.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, түйе, сиыр, қой, жылқы.

Билингвалдық компонент: Үй жануарлары- домашние животные, түйе-

верблюд, сиыр- корова, қой- овца, жылқы- лошадь.

Инклюзивты әлеумент: Қайратқа жеке көмек көрсету.


Оқу қызметі

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғауыш

Шаттық шеңбер!

Армысың шапағатты күніміз!

Армысың мейірімді жеріміз!

Армысың табиғат анамыз!

Келді міне өзіңіздің балаңыз!


Здравствуй небо голубое!

Здравствуй солнце золотое!

Здравствуй воздух и вода!

Здравствуй матушка земля!

Балалар жартылай шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қимыл көрсетіп табиғат анамен амандасады.

Ізденуші- ұйымдастырушы

- Балалар , жылдың қанша мезгілі бар?

-Қане атап беріңдерші

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жарайсыңдар балалар!


Жануарлар туралы тақпақ:





Ойын «Сөзді жалғастыр»

Көктем...

Ағаш ...

Күн ...

Жер ...


Жарайсыңдар балалар!

Ал бугінгі оқу- қызметі үй жануарлары туралы білімімізді толықтырамыз.

Үй жануарлары деген адамдардың өте жақсы көріп қамқарлықпен бағып күткен жануарлары. Осы үй жануарларының төрт түлікті ерекше қастерлеген .


Жұмбақ шешу:

Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ ,

Мінсең қанат,

Сүті дәрі, еті тамақ.


Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.


Өріске ерте кетеді,

Біздерге сүт береді


Кіп кішкентай бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


Суретпен Жұмыс

Олар түйе, сиыр, қой, жылқы. Адамдар оларды өз қажеттеріне қолданған. Осы төрт түліктің ішіндн ең ауыр, салмақты жануар – түйе.

Түйе шөлге шыдамды, еті , сүті құнарлы. Түйе арқасына май жинайды, оны өркеш деп атайды. Түйенің төлін қалай атайды.

Балалар түйенің сүтінен қандай сусын дайындалады?

Ерте кезде түйені адамдар көшіп қону үшін көлік ретінде пайдаланған.

Түйені балалар орысша -верблюд дейді


Келесі үй жануары – жылқы

Адамдар жылқыны мініп көлік қылып, оның сүтінен өте пайдалы қымыз жасаған. Жылқының еті де өте пайдалы. Жылқының төлін қалай атайды?

Жылқыны – лошадь дейді


Сиырдың да пайдасы өте көп. Терісі, еті, сүті халық игілігіне қолдануда.

Сиырдың сүтінен айран, ірімшік, құрт, май, қаймақ, қатық жасайды. Сиырдың төлін қалай атаймыз?

Сиырды орысша – корова дейді


Қойды да қазақ ерекше бағалаған. Қой момақан түлік. Қойдың еті, сүті өте пайдалы. Қойды кез келген өңірде өсіре беруге болады. Суыққа да ыстыққа да түзіміді. Қойдың төлін не деп атаймыз?

Ал қойды – овца дейді


Сергіту сәті «Төлдер»

Қане балалар бойымызды сергітіп алайық.

Олай болса төлдер жырын қимылмен орындайық.


Қойдың төлін қошақан деп атаймыз балалар, ал олай болса екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз


Дидактикалық ойын «Төлін тап»

Саусақ жаттығуын жасап алайық:

«Жануарлардың дене мүшелерін толықтыр»



Шығармашылық орталыққа барып сурет саламыз.

1 топ «Қошақанның» суретін салады

2 топ құм терапиясында «Көктем мезгілі» суретін саламыз.


Ал балалар кім үй жануарлары туралы мақал- мәтелдер, тиым сөздер кім біледі?






- Төрт жыл мезгілі бар

Қыс, көктем, жаз, күз

Талдар бүршік жарып , көк көтеріледі құстар келеді.........................



Айсұлтан:

Түйе малдың үлкені,

Жылқы малдың үркегі,

Сиыр малдың сүттісі,

Қой түліктің құттысы.


Келді

бүршік жарды

жылынды

көгерді.

















Жылқы



Түйе



Сиыр



Қой












Түйенің төлін бота деп атайды.















Жылқының төлін құлын деп атайды








Сиырдың төлін бұзау деп атайды










Қойдың төлін қозы, қошақан деп атайды



















Саусақ жаттығуын жасайды. Жануарлардың дене мүшелерін толықтырады






Балалар суреттерді салады.





-Ат- ер қанаты

-Жылқыны сүті шекер,

Еті бал.

-Сиырды теппейді,

Ақты төкпейді.

-Малды тебуге болмайды

-таяқпен маңдайынан ұруға болмайды

Рефлексивті түзету

Тіл жаттығуы

Та -та- та жібек жүнді бота

Зау-зау-зау мөңірейді бұзау,

Шақ-шақ-шақ құлдырайды құлыншақ,

Зы-зы-зы моп- момақан қозы


Балалар бүгінгі оқу- қызметінде не туралы әңгімеледік?

Үй жануарларына нелер жатады?


Балалар түйені орысша не дейді?

Сиырды

Жылқыны

Қойды

Сұрақ жауап арқылы оқу – қызметін қорытындылау.

Балаларды мақтау, мадақтау, бағалау.

«Қошақан» әні хор

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп айтамыз!




Тіл жаттығуын жасады






Үй жануарлары туралы.


Түйе, сиыр, жылқы, қой


верблюд

корова

лошадь

овец







Қошақан әнін айтады.


Хормен айтып қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Не білді: Үй жануарлары туралы білді.

Не алды: Сұрақтарға жауап бере алды.

Не істей алды: Суретті сала алды.














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее