«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Үй жануарлары» (сурет бойынша әңгімелеу)

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше тұрлерін (сиыр-сиырлыр, түйе-тұйелер) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары» (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту

Білімділік: Үй жануарларын бір – бірінен ажырата алуға, төлдерін дұрыс атап, көрсете алуға үйрету.

Дамытушылық: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (сиыр – сиырлар, түйе-түйелер, ) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

Тәрбиелік: Үй жануарларын қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Үш тілдік компонент: Сиыр – корова – cow, түйе – верблюдица -  she –camel, қой – овца – sheep мысық – кошка - lady – cat, ит – собака – dog .

Керекті құралдар: Ноутбук, сірінке кораптар, әуен.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық




Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын жинайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылу шуақты,

Қонақтарға шашайық!

(Сүйіспеншіліктерін қонақтарға сыйлайды)

  - Здравствуйте, ладошки! Хлоп, хлоп, хлоп (3 раза хлопают в ладошки).

- Здравствуйте, ножки! Топ, топ, топ (3 раза топают ножками).

- Здравствуйте, щёчки! Плюх, плюх, плюх (3 раза слегка похлопывают по щекам)

- Здравствуйте, губки! Чмок, чмок, чмок (качают головой).

- Здравствуй, мой носик! Бип, бип, бип (гладят кончик носа).

- Здравствуйте, наши гости! (протягивают руки вперед).

- Здравствуйте!

Good morning! Good morning!

Good morning to you!

Good morning! Good morning!

I'm glad to see you.


Жарты шеңберде отырады.



Бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.





Ұйымдастыру– іздестіру

Слайд арқылы үй жануарлар суретін көрсету.

  • Қазір назарларыңызды экранға аударамыз.

Жекеше және көпше айтуды үйрету.

Экранда 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттерін көрсетіп балаларға жекеше түрін айтқызу. Осы суреттердің жанына жануарлардың суреттерін қосып, көпше түрлерін айтқызу.

- Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

1. Екі айнасы бар, 
Екі найзасы бар, 
Төрт сылдырмағы бар, 
Бір шыпыртқысы бар.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

2. Кезікті бір жануар, 
Үстінде екі тауы бар.


- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

3. Кішкене ғана бойы бар, 
Айналдырып киген тоны бар.
- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

4. Сүтті жақсы көреді, 
Жылы жерде ұйықтайды.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

5. Үй жанында өмір сүреді, 
Адам келсе үреді.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

6. Секең - секең етеді, 
Таумен тасқа жетеді.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

7. Тұмсығы дөңгелек, 
Денесі он бөлек.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

8. Бір шыбыртқысы бар.
Екеу елеңдеп келеді.
Төртеу төбелесіп келеді.

- Суретте не көріп отырсыңдар?

- Төлдерін ата?

- Осы жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Сендер қалай ойлайсыңдар, неге үй жануары деп атайды?


  • Қ














  • Сиыр – корова – cow

  • Сиырлар.

  • Бұзау.


  • Түйе – верблюдица -  she -camel

  • Түйелер.

  • Бота.


  • Қой – овца – sheep.

  • Қойлар.

  • Қозы.


  • Мысық – кошка - lady – cat.

  • Мысықтар.

  • Мырғау.  


  • Ит – собака – dog

  • Иттер.

  • Күшік.


  • Ешкі – коза – gowt.

  • Ешкілер. 

  • Лақ.


  • Шошқа – свинья – pig.

  • Шошкалар.

  • Торай.  



  • Жылқы – кобыла – mare.

  • Жылқылар.

  • Құлын.


  • Үй жануарлары.

  • Өйткені, олар үйдің жанында қорада тұрады, үйде өмір сүреді, қолға үйретілген.






  • Үй жануарларының бізге берер пайдасы қандай?









- Көрдіңдер ме, үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен.

- Қой, ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?

Қызықты мәлемет:

Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор. Суық тигенде ыстық сүт ішіп емделуге болады, шөлдегенде айранды сусын етіп пайдалануға болады. Ал, егер адам ұзақ уақыт ет жемесе ауырып қалады екен, себебі етте адам ағзасына керек көптеген дәрумендер бар екен.Үй жануарлары адам өміріне маңызды, сондықтан адамдар оларға, қамқорлықпен қарап: қыста жылы қорада үстап, жем - шөп, су беріп асырайды.
- Сендер үй жануарлары туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.












Артикуляционное упражнение:

«Собачке жарко!»

Жарко нашему Дружку:

Он побегал по лужку!

Язык в сторону свалился,

Дружок устал, - воды напился.

Саусақ жаттығуы: «Мысық пен тышқан»

Тышқан қашты мысықтан, 

Қатты –қатты жүгірді.  


- Сиырдан сүт аламыз, сүттен -май, айран, ірімшік аламыз. Сиырдың етін тамақ етіп жейміз. Ал түйе бізге шұбат береді, жылқы болса қымыз береді. Түйе мен жылқыны мінсек көлік болады. Үстіне жүк артып тасуға да болады. Қой мен ешкінің сүтін ішіп, етін тамақ етіп жеп, жүнінен киім тоқимыз.



- Жіп, киім тоқиды, көрпе жасайды.














1. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір.

2. Ат - адамның қанаты.

3. Малды баға біл, бабын таба біл.

4.Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік.

5. Жылқы малдың патшасы.
Түйе малдың – қасқасы.
6. Түйе малдың үлкені,
Жылқы малдың үркегі.
Сыйыр малдың – сүттісі,
Қой – түліктің құттысы.


Язык высунуть изо рта, частые вдохи и выдохи.

Соответственно.


Ласкательные движения языком.



Еденде саусақтармен қашады. Жылдам жүгіреді.



Орын тапты қуыстан,

Зәресін мысық ұшырды.

Қарады мысық тесіктен,  

Тышқанға бері шық,- деді.

Еденді ұрды «Тук-тук» деп,   


Тырналады, кетпеді.                            

Сергіту сәті:

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз –

Мойнымызды бұрамыз,

Аяқтармен топ – топ басып,

Орнымызға барамыз.

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап» (сіріңке қораптармен)

Мақсаты: Балалар жануарлардың көлеңкесін тауып қосады.

  • Үй жануарлар туралы өлеңдер айтуды сұрайды.


Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды.

Көздерімен жан - жаққа қарайды.

Қабағын түйеді.

Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады.

Еденді тырналайды.




Қимылдарды жасап, қайталайды.





Тапсырманы орындайды.


1.Шөре-шөре, лағым, 
Тентек болма, шырағым. 
Секектеме демінді ал, 
Селтеңдемей кұлағың. 
2.Әукім - әукім, әукешім, 
Қасиыншы әукесін. 
Енең әне келеді, 
Ақ мамасын береді.
3. Қара көзің мөлдіреп 
Қызықтырмай қоймайды, 
Жібек жүнің үлбіреп, 
Қарасам көз тоймайды
4. Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам
Сүеді анам «қозы» деп 
«Қошақаным» өзін деп
5. Құлын – құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы,
Құйрығында құндызы.

6. Тентек болма, ақ бұзау, 
Еріншек болма, ақ бұзау. 
Кең далада сенімен, 
Жарысып мен жүгірем. 
7. Мысығым менің ақырын, 
Аяғыма оралды. 
Қашып барып жасырын, 
Сүттің бәрін қотарды. 
8. Күшігімді кіштентай, 
Көрінген жұрт мақтайды. 
Мақтаса да барлығы, 
Меннен алыс қашпайды. 
4. Құлыншағым – құндызым, 
Құлдырлайды, шабады. 
Жылтылдаған жұлдызым, 
Құстай қанат қағады.

Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды сұрақтар қояды:

- Бүгін біз қандай жануарлар туралы әңгімелестік?

- Үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар?

- Үй жануарлары қайда өмір сүреді?

- Сиырдың төлін не дейміз?

- Түйенің төлін ше?

- Бүгінгі өткен оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

Рефлексия:

Қоштасу рәсімі:

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер.




  • Үй жануарлары туралы.

 

- Көп пайдасы бар.

- Үйде, қорада.

- Бұзау.

- Бота.






Қайталап айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Үй жануарлрының аттарын, төлдер аттарын атау.
Болу керек: Үй жануарлар туралы түсінік .

Істей білу керек: Сұрақтарға толық жауап беру, жануарларға қамқор болып және оларды қорғай білуі керек.




















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее