«Зимний фестиваль знаний 2025»

Орман 2-сынып дуниетану

Білімділік: Оқушыларға орман –тоғай белдеуі, оның ерекшеліктері және орман –тоғай жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімдерін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға, ұжымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Дүниетану

24.02.17

Сабақтың тақырыбы:

Орман –тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға орман –тоғай белдеуі, оның ерекшеліктері және орман –тоғай жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.


Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімдерін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға, ұжымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, «Айналмалы бекет», «Бутерброд» әдісі, «Топтастыру» әдісі, «Кластерлік» әдіс «тренинг», ментальді карта, «От шашу» әдісі, «Постер» әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:

Нақыл сөздер:

Карта, интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильм, орман көрінісін бейнелейтін пейжаз, құстардың, аңдардың даусы бейне жазба, табиғат туралы нақыл сөздер, кептірілген шөп.

«Сынып түссе бір бұтақ, бір қабырғам сынғаны»,

«Біреу кессе орманның тірі ағашын, жауап бермей қалайша тұра аламын».

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, бейнелеу, музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық сәт:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің!

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің!

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Үй тапсырмасы:

«Шөл өсімдіктері мен жануарлыры»

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.

І топ: «Саялы орман»

  1. Шөгінді жер табиғатының ерекшелігі неде?

  2. Өсімдіктер мен жануарлар шөлдердің табиғат жағдайына қалай бейімделген?

  3. Шөлді жерде кездесетін өсімдңктер мен жануарларын атаңдар.

ІІ топ: «Орман сақшылары»

  1. Дала дегеніміз не?

  2. Далалы жердің өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктері неде?

  3. Өсімдіктер мен жануарлар даланың табиғи жағдайларына қалай бейімделген?

  4. Дала өсімдіктерін атаңдар?

  5. Дала жануарларын атаңдар?


ІІІ- топ: «Жасыл желек»

  1. Шалғынды жер дегеніміз не?

  2. Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?

  3. Шалғын өсімдіктерін атаңдар.

  4. Шалғынды адамдар қалай пайдаланады?

Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту:

Оқушылар әр сұрақтарға жауап берген сайын ағаштардың, құстардың, аңдардың бейнесін тақтаға ілу арқылы үлкен ну орман құрастырады. (Аңдар мен құстардың дауыстарын бейнежазба көрсету.)

Слайд: Орман суреті бейнеленген.

- Міне балалар үлкен ну орман пайда болды. Әр бала бір тал шыбықтан егіп, өсірген ну орман сендердің істеген ортақ еңбектеріңнің жемісі. Қай нәрсе болмасын әрқайсысымыз өз үлестерімізді қоссақ үлкен дүние пайда болады.

- Орман сөзін естігенде көздеріңе не елестейді, және ойларыңа не түседі.


Топтастыру әдісі:



Орман –жер бетіндегі табиғи қорлардың оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бөлігі. Құрамында ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.

Тоғай –шөл мен шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алқаптарында өсетін орман.

Картамен жұмыс:

Орман, шөл, таулы белдеулерін көрсету.

Еліміздің солтүстігінде Орал мен Алтайға дейінгі алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі.

Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тон болып ұатып қалмайды. Жануарларға мол азық, ыңғайлы баспана.

Орманның адам денсаулығына тигізер қасиеті мол. Орманды «денсаулыққа шипалы ауа қоймасы» десе де болады. Сондықтан да демалыс орындары мен шипажайларды орманды жерлерге салады. Қарағайлы орманның аңқыған хош иісті

ауасы адамның жүйке жүйесін, денсаулығына тез арада қалпына келтіреді. Орман жер бетінің көркі.

Слайд: орман өсімдіктері, орман жануарлары, ұлттық бақтар, қорықтар, орман сақшысы




(Көкшетау, Бурабай туралы айту.






Орман


Қылқан жапырақты аралас жапырақты

(шарша, балқарағай, (шырша, (қайық, терек,

мүк, қырыққұлақ, қарағай, тал)

қырықбуын) қайың, шетен)


«Жасыл ел» жарқын бастамалар(слайд).

Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жастары Елбасының қолдауымен құрылған «Жасыл ел», «Студенттер құрлыс отряды», секілді ұйымдар жұмыс істеуде.

Табиғат әдемілігі, сұлулығы туралы ақындар ән жазды, өлең шығарды, ғалымдар, табиғат кереметтерін зерттейді, журналистер мақала жазды, эколгтар табиғат тазалығын тексереді, қадағалайды.

Бейнефильм көрсету.

Осы бейнефильмнен ойларыңа не түйдіңдер.


Миға шабуыл.

Орман тоғай ағаштарының жауы не деп ойлайсың ? орманда өрт болған жағдайда ағаштардың қалыптасуына қаншама уақыт қажет деп ойлайсың?

Сергіту сәті:

Австралия жауыны

Кітаппен жұмыс:

Әр топ тізбектей оқыту

Топпен жұмыс

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғау.


1-топ. «Орман» тренинг. Орман суретін салу арқылы топ оқушыларының мінездерін анықтау.


2- топ. «Кластерлік талдау» әдісі бойынша орман аңдарына сипаттама беру.



3-топ. Ментальді карта. Жалпы орман, орман түрлері, өсімдіктері, жануарлары туралы түсінгендерін қағаз бетіне түсіру.


Кері байланыс


Әр топ, топтарға баға беру, кері байланыс жасау. «Бутерброд» әдісі бойынша бағалау, мадақтау, сын айту.


Эколгог маман сөзі.

Экология –өсімдіктердің, жан –жануарлардың қоршаған ортамен қарым –қатынасын зерттейтін ғылымның аса саласының бірі. Әрбір ағзалардың тұрған жеріндегі және оның компоненттерін, яғыни топырақ, су, ауа және өсімдікті тиімді пайдалану үшін бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Экология сауаттылықты беретін, бастайтын орын. Табиғатты таза, сұлу мол қалпында сақтап қалу үшін әрбір адам табиғатты қорғай білу керек, табиғат жәндіктеріне, аң құсына, жануарларына жанашырлық танытып мейірімді болу керек. Сондай сақшылар өздеріңсіңдер, бүгінгі біздің оқушылар.


Экологиялық бағдаршам туралы түсіндіріп кету.

Мұғалім сөзі: Қазақ елінің жері де, жер қойнауында өсімдік, жануарлар дүниесіне өте бай. Табиғат байлығы –ұлттық мақтанышымыз, еліміздің ертеңгі болашағы да, бақыты да осы.

«Сынып түссе бір бұтақ бір қабырғам сынғаны»

«Біреу кессе орманның тірі ағашын, жауап бермей қалайша тұра аламын» ,-деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай әрбір ағаш, әрбір жануар, әрбір құс табиғат байлығы. Оны қорғай білейік.

Табыс кілті

(Сәттілік баспалдағы)

Оқушылар өздерін бағалау.

Төменнен жоғары қарай стикер ілу.



Сабақты қорыту.

«Мен бүгін өзіме нені алдым?


От шашу әдісі.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее