«Осенний фестиваль знаний 2024»

Тригонометриялык функция

Рационал сандардың периодты ондық бөлшекпен жазылуы.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандардың периодты ондық бөлшекпен жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға рационал сандардың периодты ондық бөлшекпен жазылуы, шектеусіз ондық бөлшек жазылу жөнінде білім беру.

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №

Сабақтың типі:

Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі:

Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике» 6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

    1. рационал сандар жиыны.

    2. Q- бөлшек сандар жиыны.

    3. m/n бөлшегін ондық бөлшек түрінде жазу үшін. m : n бұрыштап бөлу керек.

    4. Мысалы: 5 / 7=5 : 7= 1,4; 1/9=1:9=0,11….

1 жағдай: Қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге жай көбейткіштер болмайды: Мысалы: 4/5; -1/2; 7/20; 1/8 т.с.с Мұндай жағдайда жай бөлшектің алымы бөліміне қалдықсыз бөлінеді, одан ог\ндық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшек алынады.

4/5=0,8; -1/2= -0,5; 7/20=0,35; 1/8=0,125.

Ондық таңбаларының саны шектеулі (санаулы) ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады.

Анықтама: Бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге жай көбейткіштер болмайтын өзге жай көбейткіштері болмайтын қысқарылмайтын жай бөлшекті шектеулі бөлшекпен жазуға болады.

2-жағдай: Қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімі 2 мен 5-тен өзге де жай көбейткіштері бар.

Мысалы:

Мұндай жай бөлшектердің алымы бөліміне қалдықпен бөлінеді.

1/6=0,1666…; 2/15=0,1333…; 1/3=0,333…; -5/12=-0,41666…;

Мұндағы сандар соңындағы көп нүкте ондық таңбалар санның шектеусіз көп екенін көрсетеді.

Ондық таңбаларының саны шектеусіз көп ондық бөлшектер шектеусіз ондық бөлшектер деп аталады.

Шектеусіз ондық бөлшектер периодты ондық бөлшектер және периодсыз ондық бөлшектер болып бөлінеді.

Анықтама: Егер шектеусіз көп ондық бөлшектің ондық таңбаларында қайталанатын бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы болса,онда онда ол периодты ондық бөлшек деп аталады.

Мысалы: 0,333..=0,(3); -0,41666…=-,041(6).

Периодты ондық бөлшектер таза периодты ондық бөлшектер және аралас периодты ондық бөлшектерболып бөлінеді.

Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп атайды.

Мысалы:2/3=0,(6); -2/11= -0,(18).

Бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 саны да, 5саны да болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшектерді таза периодты ондық бөлшекпен жазуға болады.

1/9=0,(1); 1/99=0,(01); 1/999=0,(001).

Кез-келген бүтін санды таза перидты ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы: 7=7,000…=7,(0); -19= -19,000…=-19,(0);

Егер периодты ондық бөлшектің үтірі мен бірінші периодының аралығында бір немесе бірнеше қайталанбайтын цифрлар тобы болса, оны аралас периодты ондық бөлшек деп атайды.

Мысалы: -5/12= -0,41666…= -0,41(6); 7/15=0,4666…=0,4(6);

-1/12= -0,08333…=-0,8(3).

Бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 немесе 5сандары және басқада жай сандар болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді аралас периодты ондық бөлшекпен жазуға болады.

Кез-келген шектеулі ондық бөлшекті аралас периодты ондық бөлшекпен жазуға болады.

Мысалы: 2,31=2,31000…=2,31(0); -4,5= -4,5000…=-4,5(0);

Шектеусіз перидсыз ондық бөлшек түрінде өрнектелмеген сандарды иррационал сандар деп атайды.

Rнақты сандар жиыны: рационал және иррационал сандар жиынының бірігуі.



IV. Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау :

  • Рационал сандар жалпы түрде қалай жазылады ?

  • Қандай қықартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшекпен жазылады ?

  • Қандай қықартылмайтын жай бөлшектер таза перидты ондық бөлшекпен жазылады ?

  • Қандай қықартылмайтын жай бөлшектер аралас перидты ондық бөлшекпен жазылады ?

V. Жаңа материалды: №597, №598, №599 есептерді шығару арқылы бекіту.

VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №600, №601, №602, №603.

2) Сабақты қортындылау.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее