«Зимний фестиваль знаний 2025»

Технологическая карта для старших групп

Технологическая карта для старших групп в казахских группах

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Театрға саяхат»

Мақсаты:

-Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу.

- Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

- Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

- Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру.

Сөздік жұмыс:актёрлік шеберлік, театр атрибуттары, театр қызметкерлері: режиссёр,гримдеуші, сахна, әрлеуші, т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар:Театр суреттері,бейнеленген слайдтар, театр мамандарының суреттері,билеттер, көлеңке театрына қажетті құралдар, көңілді әуен,әліппе-дәптер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қонаққа

Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгенін

айтады. Қуаныш және Айсұлумен танысып, дос болуларын

сұрайды.

(Ұ) Ойын: «Танысу».


(Жайлы әуен қосылады )

Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып,

«Сәлеметсіңдер ме!» – деп өздерінің атын атап, өз

мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады. (Сәлеметсіңдер ме,

менің атым Тоғжан, мен көңілді қызбын)

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілермен танысқанына

қуанышты екенін айтып, оларды керемет ғажайып әлемге

саяхатқа баруға шақырады. Онда қуыршақтарға жан бітіп,

жан-жануарлар сөйлеп, түрлі ғажайыптар болатынын айтады.

Ол не деп ойлайсыңдар?)

Педагог:

– Балалар, саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші,

театр туралы не білесіңдер?

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Театр деген не екенін білесің бе? Театрға барып

көрдің бе? Театрдан алған әсеріңмен бөліс.

Қандай театрға бардың?

Тәрбиеленушілердің жауаптары.

Айсұлу: Менің сендерге қосарым бар, «театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты.Театрдың негізгі үш түрі бар:

қуыршақ театры,

опера театры,

драма театры.

Театрда ойнайтын адамдарды «актёр» деп айтамыз. Актёр –

әртіс, орындаушы дегенді білдіреді.

Қуыршақ театры:жұмсақ қуыршақ

театры,көлеңке театры, саусақ театры,үстел үсті театры,конус театры,қасық театры т.б.суреттерін көрсету.

ПК) Балалар, сендер театрда кімдер жұмыс істейтінін

білесіңдер ме?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсың?

(Ұ) Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр»

Қуаныш пен Айсұлу:

– Балалар, енді театрға барайық.

Ал театрға бару үшін не керек?

– Билетті қайдан аламыз?)

– Ендеше, кассаға барайық.

(ҮМ) Балалар ақша төлеп, кассирден билеттер алады.

Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.

(ПК) «Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы

көрсету.

Педагог балалардың көңілін кейіпкерлердің дауыс ырғағына,

көңіл күйіне аударады.

(Ұ) Айсұлу тәрбиеленушілерге: Сендер де актёр болып ойнап

көргілерің келе ме? Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек?

Ол үшін актерлік шеберлікті игеруіміз керек. Қанеки, әртүрлі

көңіл күйді көрсете аласыңдар ма?

Мысалы: қуану, ренжу, ашулану, таңдану т.б.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ойын: «Бетперделердегі көңіл күйді қайталап көрсет».

Айсұлу: Жарайсыңдар, балалар, сендер әртүрлі көңіл күйді

көрсете алады екенсіңдер, демек сендер де актёр бола

аласыңдар.

(Ұ) Ойын: «Актёрлер».

Театрдағы тәртіп ережелері

(Ұ) Айсұлу театрдағы тәртіп ережелерімен таныстырады.

Педагог дәптердің 36-бетіндегі ережелерді оқып беріп,

толықтыра отырып түсінік береді.

1. Қойылым болып жатқанда тыныштық сақтау – басты ереже.

Сыбырлап сөйлесуге, орынсыз қозғалыстар жасуға болмайды.

Онда тек көрерменге ғана емес, актерлерге де кедергі жасауың

мүмкін.

2. Театрға кешігіп баруға болмайды. Ерте келіп, шешініп,

айнаға қарап, өзіңді ретке келтіруің керек.

3. Театрға әдемі киініп келу керек.

Театрға бару да мереке.

4. Қойылым ұнап жатса, шапалақ ұр, ұнамаса, шулама.

1-бөлім біткеннен кейін шығып кетуге болады. Қойылым

болып жатқанда орныңнан тұруға болмайды, жаныңдағы

көрермендерге кедергі жасайсың.

Театр


-Балалар театр туралы өз ойларын айтады.





-Опера театры,

-драма театры,

-қуыршақ театры

-суреттері бейне-

ленген слайдтар




-Балалар үш тілде қайталайды










-Балалар мұқият педагогтың әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.


-актерлер


-Тәрбиеленушілер театр қойылымдарына қажетті құралдармен

танысады.

-Ойын ойланады.

-Билет

-Кассадан

1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!

2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!

1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?

2-бала (кассир): Әрине.

Балалар: Рақмет!

Кассир: Оқасы жоқ!

Әңгімелесу. Тәрбиеленушілер ертегі мазмұнын әңгімелеп

береді.


3-тапсырманы орындау.


-Тәрбиеленушілер Әліппе-дәптердегі бетперделердің көңіл

күйін қайталап көрсетеді.



-Тәрбиеленушілер бір-бірден жасырын суретті көріп, дауыссыз, ым-ишарамен балаларға көрсетеді, балалажасырын суретте не бейнеленгенін табады.

















- Театрдағы тәртіп ережелерімен танысады.



Рефлекциялық-

түзетушілік

(Қ) Рефлексия. Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады:

көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:

– Театр деген не?

– Актёр дегеніміз кім?

– Қандай қойылымдарды көрдіңдер?

– Кімнің ойыны сәтті шықты?

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін

бояйды.

Күтілетін нәтиже :

Біледі:бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді;кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады;сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып, белсенділік көрсетеді.

Білу керек:тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау дағдыларын меңгереді.

Білді:ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі, құралдармен жұмыс істей алудағдылары қалыптасады;заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіруді қолдана біледі.
















Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Дұрыс сөйлеу мәнері»

Мақсаты:

- Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

- Кеңістікте бағдарлау (ойластырылып құрылған сахна алаңында),

түрлі қарқында қозғалу.

- Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет

ететінін алдын ала сезу.

- Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс

әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар:Әліппе-дәптер,түрлі суреттер т.б

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу

рәсімін өткізеді.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық ойлаймыз.

-балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдары арқылы орындайды





Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ұ, Ө) «Дыбыстар әлеміне саяхат»

Қуаныш фонограммаға қоршаған ортадағы көптеген әртүрлі дыбыстарды жазып алып келгенін айтады: адамдардың, жануарлардың, музыка аспаптарының, табиғат құбылыстарының,көліктің т.б.

(Ұ) Проблемалық жағдаят:

Айсұлу кейбір балалардың сөздерді неге дұрыс айтпайтынын

сұрайды.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап

жасайды.

(ПК) Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды

үнемі қайталап отыру керектігін айтып түсіндіреді.

(Ұ, Ө) Артикуляциялық жаттығу жасау.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру

керек.

«Инеше» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей

шығарып, 10 – 15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін

жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп

ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір

жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма.

Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр.

Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.

Ай-ай-ай – болсын көңіл жай.

Жаңылтпаш

Асқат пен Мақсат.

Жамап-жасқап,

Жасапты он шақты аспап.

Соның ішіндегі

Ақ сапты аспабы

Жап-жақсы аспап.

(Ұ, Ө) «Тәтті сөздер» ойыны

Сөздер қайда кездеседі:


Педагог: Олай болса, бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы.


-Тәтті сөздерге қандай сөздер жатады деп ойлайсыңдар?

Ал сөйлем дегеніміз не?


Кәне, осы тәтті сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырып

көрейік.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

3-тапсырма. Суреттегілердің атын ата. Олардың дыбысын келтір.

Мысалы: маса, ара, жылан, ұшақ, тамшы, краннан аққан су.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

4-тапсырма. Біліп жүр. Пантомима (pantmimos) – оқиғаны сөзді

қолданбай, ым-ишараның немесе дене қимылдарының көмегімен

беретін сахналық қойылым.

Суретпен жұмыс. Сахнада актёр қандай өнер түрін көрсетіп тұр?

(Ұ, Ө) Ойын: «Ыммен көрсет».


(Ұ) Ойын-жаттығу: «Түзет».

Педагог ортада тұрады. Шеңберде тұрған балаларға допты кезекпен лақтырып, бір сөзді бұзып айтады, бала сөзді түзетіп айтып,допты қайта педагогке лақтыру керек.

(ПК) Үш тілде сөздерді қайталату:

сөз – слово – word

тіл – речь – speech

дауыс – голос – voice

дауыс ырғағы – интонация – intonation

Әліппе-дәптер

-Балалар көздерін жұмып, үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап,

алған әсерлерімен бөліседі.











-Балалар тәрбиешінің айтқан кеңесіне құлақ түреді



Артикуляциялық жаттығу жасау.










-Жаттығуды жайлап жасау керек. Жаттығу жасап болған соң

терең тыныс алып, демді қалыпқа келтіру






-Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды.





адамдар бір-бірімен сөйлескенде,

ертегіде,

өлеңде,

әңгімеде, т.б.

Кәмпит, балмұздақ, бал, т.б.

Сөйлем сөздерден құралады.

Мен кәмпит жедім.

Мен балмұздақты жақсы көремін.

Балды аралар жинайды, т.б.




-Балалар тапсырмаларды орындайды







-Сәлем, бері кел, тыныш, үндеме, күшті, жоқ, иә, сау бол, т.б.ыммен көрсетеді.


(Мітап – кітап, шөмке – сөмке, саушақ – саусақ).





Рефлекциялық-

түзетушілік

(Қ) Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын

бағалауды ұсынады:

Дұрыс сөйлеу не үшін керек?

Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға, дыбыстауға не көмектеседі?

Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту үшін не істеу керек?

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо-

яйды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқында қозғалу дағдылары қалыптасады;ым-ишара қимылдарын орынды жасай біледі.

Білу керек:интонацияларды ажыратады және оларды айтады;дауыс ырғақтарын ажырата біледі.

Білді:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін

алдын ала сезе біледі.








































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: Мектепте не үйренемін?

Мақсаты:

- Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

- Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін

қолдану.

- Эмоциялық күйді анықтау және беру.

- Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін

алдын ала сезу.

- Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

- Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасау.

Қажетті құрал-жабдықтар:Әліппе-дәптер, атрибуттар, ертегі желісі бойынша суретті

карточкалар,көңіл күй бейнеленген карточкалар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог қоңырау соғып, балаларды шаттық шеңберіне жинайды.

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

«Шеңберге тұр!» – деп баршаңды.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

– Қайырлы күн, апай!

-Балалар шеңберге тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар мектепке не үшін барады?

Мектеп сендерге ұнай ма?

Мектептен не үйренесіңдер?

Мектеп бізге керек пе?

(Ұ) Педагог «Тіл дамыту және көркем әдебиет» бойынша оқу

іс-әрекетінен өткен А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісін естеріне түсіреді (Қосымшадан қараңыз).

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. «Оқу құралдары хикаясы» ертегісінің кейіпкерлерін ата.

Жарты топ ойнаушы, жарты топ ешқандай сурет бейнеленбеген карточкалары бар көрермендер.

(Ұ) 2-тапсырма. «Бірлік болмай, тірлік болмас». Мақалдың мазмұнын талдай отырып ертегі мазмұнымен байланыстыру.

(Ұ) 3-тапсырма. Дыбысты дұрыс айту жаттығулары:

Ме-ме-ме – мектеп.

Дә-дә-дә – дәптер.

Кі-кі-кі – кітап.

Бі-бі-бі – білім.

Көптілділік:

мектеп – школа – school

дәптер – тетрадь – notebook

кітап – книга – book

4-тапсырма. Қасында отырған жұбымен оқу құралдары арасындағы диалогті құрастыруға тапсырма беріледі.

1. Өшіргіш пен Дәптер.

2. Өшіргіш пен Қаламсауыт.

3. Кітап пен Дәптер.

(Ұ, Ө) Ойын-жаттығу: «Менің көңіл күйім»

Педагог тәрбиеленушілерге:

- көңілсіз, жабырқаған, ойланған, ашулы;

- көңілді, күлкілі, қайырымды т.б.

кейіпке еніп, адамдардың бейнесін келтіруді ұсынады. Көңіл күйді күлкімен көтеруге

болатынын түсіндіреді.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

«Есіңде сақта» айдары.

Нақты және дұрыс сөйлеу дегеніміз – барлық дыбыстарды,сөздерді, сөйлемдерді қатесіз айту.Бұл талаптарды сақтау не үшін қажеттігі талданады.

(Ұ, Ө) Сөздік ойын: «Дарындылар мектебі».

Тәрбиеленушілер дауыс ырғағын келтіріп, әртүрлі екпінде сөзді айтады, қалған балалар дыбыс ырғағы арқылы қандай көңіл күйде айтылғанын табады.

Балалардың жауаптары тыңдалады






(Т)Айсұлу тәрбиеленушілерге дайындап алып келген карточкаларын таратады немесе таңдау жасатады. Балалар сол карточкаларға байланысты өз рөлдерін алады.

Тәрбиеленушілер ертегі желісі бойынша рөлдерге бөлініп,сахналайды.

Бірінші топ балалары екінші топ балаларымен ауысып ойнайды.


-Балалар тапсырмаларды орындайды






-кейіпке еніп, адамдардың бейнесін келтіреді.



-дәптермен жұмыс орындалады.

Рефлекциялық-түзетушілік

(Қ) Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерініңжұмыстарын бағалауын ұсынады:


Мектепке не үшін барады?

Дұрыс сөйлеу не үшін керек?

Кітап не үшін керек?

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін

бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі::түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін іске асыру дағдылары қалыптасады;

дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту дағдылары қалыптасады.

Білу керек:сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу арқылы диологпен сөйлеу қабілеттері артады;

дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту дағдылары қалыптасады,

сыбырлап және қатты айтуды ажыратады.

Білді:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу дағдылары қалыптасады;






Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Мақсаты: - Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

- Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын

ала сезу.

- Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.

Сөздік жұмыс: көңіл күй, сезім, дауыс ырғағы.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді.

Біз ерекше баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

(ПК) Тәрбиеленушілерге көздерін жұмып отыруын сұрайды.

Ыңғайланып отырып, өзімізді еркін сезінейік, өз бойыңдағы жылуыңды, махаббатыңды достарыңа тарат. Осылайша сендер

достарыңа жылылық, ізгілік, қуаныш тілеңдер. Тілеген тілектерің өздеріңе достарың арқылы жақсылық болып қайта оралады.

Терең тыныс алып, көзімізді ашайық.

Осы жақсы қасиеттерді бойымызға дарыта отырып, «Мектеп бізге

не үйретеді?» сұрағына жауап іздеп көрейік.

Тәрбиеленушілер көздерін жұмады.












Балалар бір-бірімен құшақтасып, жағымды көңіл күйлерімен

бөліседі.


Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ұ) Айсұлу мен Қуаныш балаларға «Мақтаншақ қоян» ертегісін

оқып береді (Қосымшадан қараңыз).

Айсұлу дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп оқып шығады,

ал Қуаныш жай ғана оқып шығады.

(ПК) Зерттеу:

Педагог кімнің оқыған әңгімесі ұнағанын сұрайды. Неліктен?

екпін қойып, дауыс ырғағын келтіріп оқу тыңдағанға жақсы, қызықты екенін анықтайды.

Айсұлу балаларға әңгімені мәнеріне келтіріп айту тыңдаушының

оның мазмұнын тез түсінуіне көмектесетінін айтады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жаса.

(ПК) Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар

мен тыныс алу жаттығуларын үнемі қайталау керектігін педагог

ескеріп отыруы керек.

(Ұ, Ө) Артикуляциялық жаттығулар:

«Сағат» – тілді жіңішкертіп оңға, солға жайлап қозғау.

«Саңырауқұлақ» – ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра

ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашу.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға,

біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

Осылай 10–15 рет қайталау.

Тыныс алу жаттығулары.

(Ұ) Ойын: «Сөздерді дауыстап және ақырын айт».

Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілін, есту қабілетін дамыту; сөздерді жылдамдығына, дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету; әрі жылдамдықпен, әрі дауыс

жоғарылығымен айтып жаттықтыру.

Ойынның барысы:

(жаттықтырған дыбысына бай-

ланысты). Мысалы: с – з дыбыстарын салыстыру кезінде.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Жаңылтпашты әртүрлі екпінде қайталайды.

Сыздық судан сүлік сүзді,

Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

Жаңылтпашты ең алдымен сыбырлап, сосын ақырын дауыспен,

сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.

3-тапсырма. Есте сақта! Адам өзінің көңіл күйін екпінмен сөйлеу

арқылы білдіреді.

(Ұ, Ө) Сөздік ойын: «Сиқырлы сөздер».

Сөйлемді әртүрлі екпінде қайталайды.

(ПК) Осы сөйлемде қай сөзді дауысты көтеріп, қай сөзде ақырын

айтылды?

Қай сөзді созып, қай сөз созылмай айтылды?

Сөздерді бір-бірінен қалай ажыратамыз? (Сөз арасында үзіліс жа-

сап).

(Қ) Қорытынды. Біз тек қана қатты немесе жай сөйлемейміз.

Біз сөздерді әртүрлі қарқында айтамыз, оны екпін немесе дауыс

ырғағы дейміз.

(Ұ) Балалар, Айсұлу сендерге қызықты бір ойын алып келіпті.

Сол ойынды сендермен бөліскісі келіп тұр.

Ойын: «Банан».

Ойынның барысы: балалар шеңберге тұрады. Өлең сөздерін қимылмен көрсетіп, әндете орындайды.

Банан аламыз (қолды жоғары созып, ағаш басынан банан алғандай қимыл жасау),

Банан, банан аламыз.

Әкелеміз, әкелеміз банан (алға қарай жүру).

Тазалаймыз, тазалаймыз банан (қимылмен көрсету).

Тазалаймыз оң жағын (оң жағын аршу).

Тазалаймыз сол жағын (сол жағын аршу).

Ап, жейміз (екі қолмен ауызды жауып қалу).

Осы өлеңді аюдың даусымен, тышқанның даусымен,

лақтың даусымен әртүрлі екпінде айтқызу.





Тәрбиеленушілер екпін қою, дауыс ырғағының не үшін керек

екенін айтады.









Айнаға қарап артикуляциялық жаттығулар жасалады






Осылай

санап отырып 15–20 рет қайталау.

























Балалар жаңылтпашты жаттайды



Бір тәрбиеленуші ортаға шығады, қалған тәрбиеленушілер бір-

бірден әртүрлі екпінмен, әр-түрлі көңіл күймен «Сәлеметсің бе, досым!» – деп айтады. Ортаға шыққан тәрбиеленуші сол балаға өзінің айтқан екпінінде «Сәлеметсің бе, досым!» – деп жауап

беруі керек.
























-Балалар қайталайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

(Қ) Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын

бағалауын ұсынады:

Сөздерді қалай айтамыз?

Сөздерді қалай бір-бірінен ажыратамыз?

Дауыс ырғағы арқылы адамның көңіл күйін байқауға бола ма?

Қорытындылау

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо-

яйды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру дағдылары қалыптасады.

Білу керек:дауыс ырғағын ажыратып, айта біледі.

Білді:өз ойын құрдастарының ортасында білдіреді;

басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады.

















Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: Айсұлудың туған күні

(сюжетті-рөлдік ойын)

Мақсаты:

- Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

- Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты

айту.

- Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін

қолдану.

- Эмоциялық күйді анықтау және беру.

- Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

- Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

- Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына

көшіру

Сөздік жұмыс:

Қажетті құрал-жабдықтар: Полька, вальс, марш,«Қамажай», «Қара жорға»Әліппе-дәптерАтрибуттар: ойыншықтар,бөлме жасауға арналғаншымылдық,жиһаз, ыдыстар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Балалар бір-бірімен амандасады.

Тәрбиеленушілер кезекпен ортаға шығып,сәлемдеседі.

Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін – Айсұлудың туған күні.

Есіңде сақта! Адамның негізгі көңіл күйлері –қуаныш, таңдану, ренжу, қорқу, ашулану.

-Сәлемдескен балаға бұрылып қарап,қол соғады. Бала сөзді мақұлдағандай болып басын

жай ғана изейді.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суреттерді қара. Қалай ойлайсың,суреттегі қай бала туған күнге барады? Не үшін олай

ойладың?

2-тапсырма. Туған күнге бару үшін алдымен не туралы ойлайсыңдар?

Туған күн иесіне қандай сыйлық апаруға болады?

Айсұлуға қандай сыйлық апаратындарын ойластырады.

Туған күнге қандай сыйлық апарғың келеді, сол заттың суретін сал.

Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстайсың?

Туған күн мерекесін қалай өткізуге болады, онда не істейсіңдер?

Педагог балаларға тілек айтқанда дауыс ырғағын анық, дұрыс айту қажеттігін естеріне салады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

«Туған күніңмен құттықтаймын!» сөзін түрліекпінде айт. Қалай айтқан дұрыс деп ойлайсың?

Сыйлықты қалай ұсынасың?

Ойын-жаттығу: «Әртүрлі бейнеге ауысу»

Алдымен ойын жүргізушіні таңдайды. Жүргізушітеріс қарап тұрады. «Әртүрлі бейнеге ауыс,қалмағын қалыс. Бір, екі, үш!» – деп айтқанда тәрбиеленушілер түрлі бейне жасап қатып қалады.Жүргізуші тәрбиеленушілерді қозғалту үшін әртүрлі

қимылдар жасайды.

(Ұ) Ойын: «Фотосуретші»

Топтан бір тәрбиеленуші фотосуретші болып сайланады. Қалғандары қуану, ренжу, таңғалу, аяныш білдіру сияқты эмоцияны көрсетіп суретке түседі.

(Ұ) Музыкалық жаттығу:

Балалар музыка әуенінің ырғағына қарай би

қимылдарын жасайды (баяу, көңілді).

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Өлеңді ата-анаңмен бірге жатта.

Сахналау. Педагог «Айсұлудың туған күні»

тақырыбында сюжетті-рөлдік ойын ойнайтындарын айтады. Ол үшін карточкалар таңдап алуларын ұсынады. Тәрбиеленушілер таңдап алған

карточкадағы кейіпкерлердің суреті бойынша рөлдерге бөледі.

-Балалар сұрақтарға өз ойларын айтады.







Топта талқылайды













Көңіл күйіңді бейнелеп көрсетеді.

Балалар әр-түрлі бейне жасайды.






-Ойын ойналады








Балалар рөлдерге бөлініп, ойнайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Сендерге қандай мерекелер ұнайды?

Отбасында қандай мерекелерді атап өтесіңдер?

Туған күнге қандай сыйлық апаруға болады?

– Туған күнге бару үшін не естеріңе түседі?

(Ө, Қ) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге

өз жұмыстарын бағалауын сұрайды.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденіңсуретін бояйды.


Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды.

Күтілетін нәтиже

Біледі:ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;

командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді;

дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.

Білу керек:түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін

қолданады;

сюжетті-рөлдік ойындарға қатысады.

Білді:заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіреді.











Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз» (сахналау)

Мақсаты:

-Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

- Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

- Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.

- Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.

- Кеңістікте бағдарлау (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында

қозғалу.

- Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

- Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Сөздік жұмыс:

Қажетті құрал-жабдықтар: Сиқырлы қоржын, текшелер,Сахна қойылы-

Мытрибут,киімдерліппе-дәптер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Педагог Айсұлу мен Қуаныштың қонаққа келгенін айтып, оларды

достық шеңберіне шақырады.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең сенімді дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең мейірбан дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз шыншыл дос болып.

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз қайырымды дос болып.

– Балалар, Қуаныш пен Айсұлу сендермен дос болғысы келеді.

– Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

– Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келдіме? Қандай жағдайда?

Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас.

Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап,оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды

мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-бірінекөмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Достық туралы өз ойларын білдіреді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру.

Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.

(Ұ) Ойын: «Достасу»

Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады.Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған баладосына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп оралып біткенше жалғасады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады? Солардың дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет.

Достық туралы қандай ертегі білесің?

«Достық» ертегісін ұсынады.

Педагог ертегіні суреттер көрсетіп баяндайды (Қосымшаны қараңыз).

Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.

Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?

Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады?

Балара оларға не деді?

Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па?

Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Педагог ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне көмекке келгенін айтады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың? Досыңмен бірігіп ым-

ишара арқылы көрсет.

Сергіту сәті.

Достар бірге жүреміз (қол ұстасып айнала жүру),

Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу).

Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу),

Қуанамыз, билейміз (би қимылдарын жасау).

Бөлінбейді іргеміз (қол ұстасып, жоғары созу),

Әрқашанда біргеміз (иілу, қол шапалақтау).

Осыдан кейін «Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның

достығы жайлы әңгімелеседі.

(Т) Топқа тапсырма:

Педагог бал араның айтқан сөзінен үзінді оқиды.

(Ұ) Жұмбақ-ойын: «Айна».

Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал

басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады.

Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады.

Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап алуды тапсырады.

Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.

Педагог тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай ұстайтындары туралы түсіндіреді.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Досымызға үнемі жақсы,

жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі.

Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал

болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.__

Әліппе-дәптермен жұмыс жасалады







Сурет бойынша кейіпкерлердің дыбысын салады.

















Өздеріне ұнаған кейіпкердің суретін салады


Қимылмен орындайды








-Топтан бір балашығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды (сыбырлап және

ақырын).


-Ертегі сахналанады





Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады. Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме?

Қандай жағдайда?

Сен досыңа қандай көмек берер едің?

(Ө, Қ) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге өз жұмыстарын

бағалауды айтады.

Көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады;кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады;командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді.

Білу керек:түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады;

басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.

Білді:ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасайды.
























Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: Кішкентай маса (қуыршақ театры)

Мақсаты:

-Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

- Интонацияларды ажырата алу және оларды қайталап айту.

- Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін

білдіру.

- Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау.

- Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру.

- Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін білу.

Сөздік жұмыс: жебе, біздей, кеміргіш.

Қажетті құрал-жабдықтар: Сандық,үнтаспа, вальс,полька, марш,сандық

Киілмелі қуыршақтар Сандық, жұлдызшалар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым-

қатынасқа түсу. Шаттық шеңберіне жинау.

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық.

Сәттіліктер күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейіл тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Бүгін бізге Қуаныш пен Айсұлу сиқырлы сандықалып келді. Сандықтың ішінде түрлі әуендер барекен. Олар: көңілді, қуанышты, баяу, көңілсізәуендер. Қане, тыңдап көрейік.

Бүгін бізді Қуаныш пен Айсұлу театр көрмесіне

шақырды. Көрмеге саяхат жасап қайтайық.

Шаттық шеңберіне тұрады





Әуен ырғағына қарай өздерінің көңіл күйлерін ым-ишара арқылы көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Суретте қандай театртүрі бейнеленген?

Бұл театрдың ерекшелігі неде?

Суреттегі қуыршақтар қалай өнер көрсетеді деп

ойлайсың?

(Ұ) Көрмеге саяхат жасау.

Алдын ала дайындалған көрмеге барады. Көрмеде бірнеше театр түрлерін көрсетеді, олармен таныстырады. Өздері білетін ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеседі.

Жаттығу-ойын: «Менің көңіл күйім».

Таңданады (қолын екі жаққа жаяды).

Ренжиді (қолдарын кеудесіне айқастыра қойып, аузын бұртитады).

Қорқады (көздерін бақырайтады).

Қуанады (алақайлап қолдарын жоғары көтереді).

Күтпеген жерден алыстан,

Досым келді сағынған (қуанады).

Ол маған абданды алып келді (таңданады).

Арыстанның баласы – абдан

Інімнің бармағын тістеді (жылау).

Енді қайда қоямыз

Арыстанның баласын? (Қорқу).

Досым інімді жұбатты:

«Жылағаның ұят-ты.

Кәне, босқа жыламай,

Көңілденші, балақай!» (Қуану).

– Қараңдаршы, сандықтың ішінде тағы бір сыйлық барекен.

Педагог сандықтың ішінен қуыршақ театрын алыпкөрсетеді. Қуыршақ театрымен таныстырады.Бұл – қуыршақтарды жандандыру арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақтарға актердің қолында жан бітіп, сөйлейді. Қуыршақты сөйлетумен қойылымның мазмұны ашыла қоймайды.

Көрерменге ұғынықты, әсерлі болу үшін әуен мен

ырғақтың да үйлесімді болуы шарт.

(Ұ) Педагог «Кішкентай маса» ертегісімен таныстырады (Қосымшаны қараңыз).

– Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

– Кішкентай маса қалай мақтанды?

– Маса тышқанды не үшін тістеп алды?

– Тышқан нелерге жолықты?

– Арыстанды кім қорқытты?

– Ең батыр кім болып шықты?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген? Кейіпкер не айтты?

(Т, Ж) Топқа бөлу, тапсырма беру.

1-тапсырма. Педагог ертегі кейіпкерін атайды,

тәрбиеленушілер оның жүріс-тұрысын, қимылын,

дауысын салады. Топта талқылайды.

2-тапсырма. «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны. Педагог ертегінің кез келген жерінен үзінді айтады, топтан бір бала шығып жалғастырады.

_ (Ұ) Тіл ұстарту жаттығуы. Түрлі екпінде анық және дұрыс айт.

Са-са-са – Ұшып келді маса.

Қа-қа-қа – Көлшікте отыр бақа

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ертегінің соңын өзің құрастырып әңгімеле.

Сахналау. Педагог балаларға қуыршақ театрын

көрсетуді ұсынады.

Педагог сандықтың ішін ашып қарайды.

– Мына кереметті қараңдар! Сандықтың ішінде көп жұлдызшалар бар екен.Жұлдызшаларды алып көрсетеді.Тәрбиеленушілерге бір-бір жұлдызшадан таңдап алуды ұсынады.

Ссұрақтарға жауап береді









Балалар жаттығуға сәйкес жаттығулар жасайды


















Балалар мұқият тыңдайды.





Ертегімен танысып, өз ойларын айтады
















(қатты, сыбырлап

айтады).









Ертегі соңын құрастырып әңгімелейді


Тәрбиеленушілер жұлдызшадағы ертегі

кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Сендер қандай театр түрлерін білесіңдер?

Бұрын театрға барғандарың бар ма?

Қай театр ұнайды? Несімен ұнайды?

(Ө, Қ) Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге

өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің

суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің

суретін бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ілікпе сөз бен фразаларды айту тыныс алуды реттейді;тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін біледі.

Білу керек:интонацияларды ажырата алады және оларды сыбырлап және қатты айтады;түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін көрсетеді.

Білді:заттармен және ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына

көшіреді.






































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: Ақ бидай (сахналау).

Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.Эмоциялық күйді анықтау және беру.Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырып құрылған сахна алаңында),түрлі қарқында қозғалу.Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойынатрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Сөздік жұмыс: каумалап, алқымға алып, найза

Қажетті құрал-жабдықтар: Музыка әуені,Полька, вальс,марш, қазақ биінің

қимылдары(«Қамажай», «Қара жорға»)Әліппе-дәптер,Сиқырлы қорапша,сахнаның

безендірілуі,билеттер, хабарландыру, күннің макеті,атрибуттар, киімдер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Балалар бір-бірімен амандасады. Тәрбиеленушілер кезекпен ортаға шығып, сәлемдеседі. Сәлемдескен балаға бұрылып қарап, қол соғады. Бала сөзді мақұлдағандай болып, басын жай ғана изейді.

Бүгін бізді Айсұлу мен Қуаныш «Театр әлемі»байқауына шақырды. Ол үшін бізге дайындалу керек.

Актёрдің дауыс ырғағы қандай болу керек?

(Ұ) Тіл ұстарту жаттығуы:

Бала балараны қуалады,

Балара баланы қуалады.

– Актёрлер тек қана дауыс ырғағын келтіріп қоймайды.

Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді.

– Бүгін сендермен актёр болуды үйренуді жалғастырамыз.

Сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңді қозғалту арқылы бейнелейсіңдер.

1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.

2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан құлап түскен балапан сияқты, иттен қорыққан бала сияқты.

3. Жылап тұрған баланы көрсету.

4. Күлімсіреп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

5. Өлең айтып тұрған адамды көрсету.













Жаттығу жасалады.


(Қатты, сыбырлап айтады).









Бет әлпеттерін қозғалту арқылы бейнелейді

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Актёрлік шеберлік дегеніміз не?

Мәнерлі сөйлеу деген не?

2-тапсырма. Өзіңе таныс ертегіні тап. Кейіпкерлерді ата,оларға сипаттама бер. Олардың бейнесін ым-ишарамен

көрсет.

Педагог «Ақ бидай» ертегісін ұсынады. Ертегі желісі

бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын

баяндайды (Қосымшаны қараңыз).

– Ертегі сендерге ұнады ма?

– Қандай кейіпкерлермен таныстық?

– Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?

– Оның өсуіне не кедергі болды?

– Ақ бидайға кім көмектесті?

– Ертегі бізді неге үйретеді?

(Ұ) Музыкалық жаттығу.

Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді.

Әуен тоқтағанда бастарын иеді.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

(Т, Ж) Суреттерге қарап, бидайдың көңіл күйін ым-ишара

арқылы көрсет.

Ойын: «Көңіл күйі» (ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсету).

– Қуаңшылық болғанда ақ бидай қалай қысылды? (Жылау.)

– Кедергі жасаған өсімдіктерге қалай ренжіді? (Ренжу.)

– Адамға мұңын қалай жеткізді? (Мұңаю.)

– Адам көмектескенде қалай қуанды? (Қуану.)

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Бидайға көмекке келген кейіпкердің суретін сал.

Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады.

Педагог сиқырлы қорапшаны көрсетеді. Қорапшаның ішінен жұлдызшалар таңдап алуды ұсынады.

Тәрбиеленушілер алған жұлдызшадағы суреттерге қарапрөлдерге бөлінеді.

Қалған балалар – көрермендер.

Сұрақтарға жауап береді




Кейіпкер бейнесін ым-ишарамен

көрсетеді























Іс-әрекетке сәйкес қимыл жасайды








Дәптермен жұмыс жасалады

Рефлекциялық-түзетушілік

Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді?

Саған ертегідегі қай кейіпкерді сомдаған ұнайды?

(Ө, Қ) Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге өздерінің

жұмыстарын бағалауды ұсынады.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бо-

яйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін

бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;

дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады;

кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады;командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді.

Білу керек: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады;

басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.

Білді: ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды

.





































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Гастрольдік сапарға шығу»

Мақсаты:

-Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

- Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін

қолдану.

- Эмоциялық күйді анықтау және беру.

- Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін

алдын ала сезу.

- Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

- Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасау.

Сөздік жұмыс: афиша, эмблема, гастроль, театр бағдарламасы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Шақырту қағазы, күннің, жүректің суреттері,ертегі кейіпкерлерінің суреттері салынған карточкалар,әр түрлі афиша


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.

Айсұлу мен Қуаныш балаларға Астана қаласына ертегі қоюға шақырту қағазын көрсетеді

Астана қаласына гастрольге шығу керектігін айтады.

Педагог балаларға сұрақ қояды:

– Гастроль деген не?

– Гастрольге шығу үшін не қажет?

Балалар өз ойларын білдіріп, гастрольге шығу үшін қандай қойылым қоятынымызды, театр

эмблемасы мен бағдарламасын ойластыруымыз керек деген қорытындыға келеді.




Балалар өз ойларын білдіріп, гастрольге шығу үшін қандай қойылым қоятынымызды, театр

эмблемасы мен бағдарламасын ойластыруымыз керек деген қорытындыға келеді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Т) Ойын: «Дайын бол».

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог бір сөз айтады, ал тәрбиеленушілер сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.

Мысалы: күлдіргіш (клоун) – күлдіреді, көрермен – қол шапалақтайды, әртістер – рөл ойнайды, т.б.

Ойымызды жинақтадық, енді эмблеманы ойлап табуға бо-

лады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Гастрольге шығатын театрға ат қойып, эмблемасын жаса.

Тәрбиеленушілер театрға ат қояды, театр эмблемасын жасайды. Онда нені бейнелегенін түсіндіреді.

(Ұ) 2-тапсырма. Енді әртістер өзіміз дайындалайық.

Ол үшін тіл ұстарту жаттығуларын жасайық

Тіл ұстарту жаттығулары:

Ер-ер-ер,

Әдемі қимылдайды актёр.

Ол-ол-ол,

Өнерге барар жол.

Актерді жұрт біледі,

Сахнадан көреді.

Өнері жұртқа ұнаған

Сүйкімді танымал жан.

(Ұ) Ойын-жаттығу: «Буги-буги» (Қосымшаны қараңыз).

Әуеннің мазмұны бойынша қимыл-қозғалыстар жасау.

Ойын тапсырма: «Сен ертегідегі қандай кейіпкерді сомдағың келеді?»

Ертегі кейіпкерлерінің суреті салынған карточкаларды таңдау ұсынылады.

– Көрермен біздің қойылым қашан, қай жерде болатынын білмейді ғой?

– Ол үшін біз не дайындауымыз керек?

(Ұ) 3-тапсырма. Афишаны безендір.

– Міне, біз гастрольге шығуға дайынбыз.





-күледі

-қол шапалақтайды

-рөлде ойнап көрсетеді



Балалар тапсырмаларды орындайды





(әртүрлі ырғақпен айту).









Қимылмен жаттығу жасайды





Тәрбиеленушілер өз бетінше түрлі түсті қарындаштармен афишаны безендіреді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Гастроль дегеніміз не?

Афиша не үшін қажет?

Бағдарлама не үшін қажет?

(Ө, Ж) Тәрбиеленушілер сабақтағы өзінің жұмысына баға

береді.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады;

түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады.

Білу керек: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді.

Білді: басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі;

ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар

негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды.













Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық» (Қуыршақ театры)

Мақсаты:

-Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.

- Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.

- Интонацияларды ажырата алу және айту.

- Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.

- Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты

басқарудың кейбір әдістерін білу.

- Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби

шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Сөздік жұмыс: атрибуттар, мейіз, пойыз, аялдама

Қажетті құрал-жабдықтар: Сюжетті суреттер, әліппе-дәптер, түрлі-түсті қарындаштар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Жағымды эмоциялық орта тудыру.

Педагог тәрбиеленушілерге шаттық шеңберіне тұрып,бәрінің бірге айтуын ұсынады.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан алайық,

Жылуын жүрек сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Ендеше біз Қуанышпен бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз.

Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз керек.

Алыс сапарға бара жатқан адамдарға қандай тілек айтуға болады?

(Ұ) Ойын: «Ырғаққа сал».

Педагог тәрбиеленушілерге «Жолың болсын!», «Ақ жол!» деген сөзді әртүрлі дауыс ырғағына салып айтуды ұсынады.

Сапарға немен баруға болады?

Ендеше бүгінгі сапарымызға пойызбен барамыз.

«Пойыз» ойыны

Бір тәрбиеленуші паровоз, қалған тәрбиеленушілер вагондары болады. Шеңбер бойымен жүріп, әуенді айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Пойыз:

Қиындықтан қашпайық,

«Пойыз» ойынын бастайық:

Бип-бип, бип-бип!

Мен паровоз от алам,

Ертегі еліне бет алам:

Бип-бип, бип-пыш...

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз: У-у-у.

Балалар шаттық шеңберге тұрады








-Балалар өз ойларымен бөліседі.











Балалар ойын ойнайды.

Қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде

кездеседі? Оларға сипаттама бер. Осы кейіпкерлердің бейнесін ойнап көрсет.

Бірінші тапсырмадан кейін тағы да пойыз болып тұрып, өлеңдерін айтып, екінші аялдамаға келеді.

(Ө) 2-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлердің диалогін әуенге салып айт.

Қандай театрда сөз әуенмен айтылады?

1. Мысық көңілді дауыспен айтады.

2. Мақтақыз ашулы дауыспен айтады.

3. Сиыр жалынышты дауыспен айтады.

4. Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады.

Педагог соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз болып тұрғызып, өлеңдерін айтқызады.

(Ө) 3-тапсырма. Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал.

Ойын-жаттығу: Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал.

Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо, сиыр – мө-ө, тышқан – шиқ-шиқ.

(Т, Ө) Қуыршақ театры арқылы ойнату (Қосымшаны қараңыз).

Педагог тәрбиеленушілерге «Мақта қыз бен мысық»ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнауды ұсынады.

Тәрбиеленушілерді санамақ арқылы рөлдерге бөледі.Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған образдың қуыршағын алады.

Санамақ

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойынға барады.

Қалған тәрбиеленушілер көрермен болып отырады.Көрермендерге театрдағы әдеп ережелерін еске түсірту.Сабақ соңында Қуаныш ертегі қандай іс-әрекетпен

аяқталғанын сұрап, эмоциясымен бөлісуін сұрайды.

Балалар әр аялдамаға пойыз болып тоқтайды.


Балалар тәрбиешінің нұсқауымен дәптер бойынша тапсырмаларды орындайды.







Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо, сиыр – мө-ө, тышқан – шиқ-шиқ.









Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған образдың қуыршағын алады

Рефлекциялық-түзетушілік

Саяхатқа қандай көлікпен барамыз?

Қай театрда мәтінді әуенмен айтады?

Қуыршақ театрын ойнау үшін не қажет?

(Ө, Қ) Қуаныш тәрбиеленушілерге сабақта өзінің

жұмысына баға беруін сұрайды.

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің

суретін бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады

Білу керек: интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады;басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады.

Білді: түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты

басқарудың кейбір әдістерін біледі;ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.

















































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

Мақсаты:

-Кеңістікте бағдарлану (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі

қарқында қозғалу.

- Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін

алдын ала сезу.

- Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.

- Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты

қимылы арқылы жасау.

- Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.

Сөздік жұмыс: Ассалаумағалейкүм, уағалейкүмассалам.

Қажетті құрал-жабдықтар: Жайлы әуен, әліппе-дәптер, ата, әже киімдерінің атрибуттары,әліппе-дәптер,қарындаштар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


(Ұ) Педагог тәрбиеленушілерге жағымды ахуал қалыптастырады.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан алайық,

Жылуын жүрек салайық.

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

Педагог балаларға қонаққа барғанда, қонақ келгенде,мектепте, көшеде адамдар бір-бірімен қалай амандасу керектігін естеріне түсіруін ұсынады.

(Ұ) Ойын-жаттығу: «Сәлемдесу». Балаларға бірін-бірі қайталамай, әртүрлі дауыс ырғағымен және қимылдарымен сәлемдесуді ұсыну.












Балалар бір-бірімен әр-түрде сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Берілген суреттен өздерінің достарымен сәлемдескенін қайталап көрсету.

Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен-ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен-саулық сұрасудан

бастаған. Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген.

Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?

Қазақ салтында тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп те амандасады.

Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?

Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.

Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандарымен де бірінші болып қоштасады.

Адамдардың бір-бірімен сәлемдесу диалогі (балаларға атрибуттар беріп, рөлдерге бөлу).

1. Ата мен баланың сәлемдесуі. (Ассалаумағалейкүм!

Уағалейкүмассалам!)

2. Ата мен әженің сәлемдесуі (Амансың ба? Есенсің бе?)

3. Әже мен немересінің сәлемдесуі

(Сәлеметсіз бе? Амансың ба, шырағым?)

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма.

Қуаныш балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға

шақырады:

Же-же-же – мейірімді әже.

Лем-лем-лем – мен айтамын сәлем.

Ол-ол-ол – зерлі қамзол.

Педагог балаларға «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет»ұоқ-де танысқан «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске алуды ұсынады.

3-тапсырма. Сызба бойынша «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру.

Досыңмен бірге диалог құрып айт (Қосымшаны қараңыз).

(ПК) Педагог әңгімені сахналауды ұсынады.

Балалар «Сиқырлы дорба» ішінен кейіпкерлердің суреттері

бар карточкаларды алады (ана, бала, сатушы, әже).

Ал қалған балалар көрермен болады.

Қуаныш театрға бару үшін не керек екенін сұрайды.

– Билетті қайдан аламыз?

– Ендеше, кассаға барайық.

1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!

2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!

1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?

2-бала (кассир): Әрине!

Балалар: Рақмет!

Кассир: Оқасы жоқ!

Сахналау.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.


Айсұлу әжеге сыйлық жасауды ұсынады.

4-тапсырма. Әжеге сыйлыққа өздеріңе ұнаған заттың суретін сал (орамал, көзілдірік, сақина, білезік т.б.).



Әліппе –дәптер бойынша тапсырмаларды орындайды.










Балалар мұқият тыңдайды.


















Тіл ұстарту жаттығуын орындайды.











Сахналайды.











-Кассир апайға

-балалар кассаға барады

(Балалар ақша төлеп, кассирден билет, бағдарлама алады).

Балалар билеттеріне сай орындарына отырады.


Рефлекциялық-түзетушілік

Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?

(Ө, Қ) Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ

барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауын

ұсынады:

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің

суретін бояйды.

Балалар өз ойларымен бөліседі.




Бетперделерді бояйды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бірлесе әрекет ету тәсілдерін біледі;интонацияларды ажыратады және оларды айтады.

Білу керек: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;кеңістікте бағдарланады (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады.

Білді: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.






































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Ата, әжеге Шұбар тауық алтын жұмыртқа тапты»

Мақсаты: Балалардың қиялын, жеке тұлғасының қайталанбастығын таныту, баланың қозғалыс белсенділігін арттыруда шығармашылығын дамыту. Бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық қозғаушы

Тәрбиеші жұмсақ ойыншықты немесе оның суретін көрсете отырып, балаларды Шұбар ала тауықпен таныстырады. Тауық қыт-қыттап жүр, балалар оның тапқан жұмыртқасын көреді.

-Ой, қараңдар, мынау не?

Сендер қуырылған, пісірілген және салатқа қосылған жұмыртқа жегенді жақсы көресіңдер ме?


Тәрбиешіге салған суретіне назарларын аударады.





Жұмыртқа

Балалар өз ойларын айтады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған


Дәл осындай «Шұбар ала тауық» деп аталатын орыс халық ертегісін тыңдаңдар. Дұрысы алғашқы таныстықты кітаптағы ертегіні айтып беруден бастаған жөн. Тәрбиеші әңгіме барысында суреттерді көрсете отырып, ертегіні айтуға кіріседі.

Оқып болғаннан кейін тәрбиеші мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

-Ертегі қалай аталады?

-Жұмыртқаны тапқан не?

-Кімнің есінде бар, тауық қайда тұрды?

-Алғашында ол қандай жұмыртқа тапты? Неліктен оны әже де, ата да жара алмады?

-Оны жарған кім?

жұмыртқа







Ертегінің мазмұнын түсінеді.




Мазмұн бойынша сұрақтарға толық жауап береді


Рефлексивті коррекциялаушы

-Есімізге түсірейікші, тауық ата мен әжені қалай жұбатты?

Тәрбиеші балаларға «Ата, жылама, әже, сен де жылама, мен сендерге жаңа жұмыртқа-алтын емес, жай жұмыртқа тауып беремін» деген сөздерді өзімен бірге айтып шығуды ұсынады.



Тәрбиешімен бірге қайталайды

Керекті құралдар: осы ертегі және әдемі суреттері бар балалар кітабы, жұмсақ ойыншық тауық, жұмыртқа.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балаларды «Шұбар ала тауық» ертегісімен таныстыру.

Білу керек: Ертегіні мұқият тыңдауға, онда болып жатқан оқиғаларға сезімталдықпен үн қосуға үйрету.

Білді:Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: « Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Балаларды қол қозғалысына, саусақ қозғалысына үйрету, ойын-жаттығулар «саусақ гимнастика», сөздікті толтыру, ым-ымдау арқылы көңіл күйін дамыту. Бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суретті кітап, ойыншық қоян

Сөздікпен жұмыс: үйшік, қоян

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті






Мотивациялық-

қозғаушылық


Балаларға қоян келеді.

Тәрбиеші :

- Сәлеметпе, Қоян! Сен бізге «Қолғап» атты украинның халық ертегісінен келген боларсың?

-Мен көптеген ертегілерде өмір сүремін. Мен бүгін « Үйшік» деп аталатын орыс халық ертегісінен келіп тұрмын.



Балалар қуыршақпен амандасады, оның көңілсіз күйіне назар аударады.





Ұйымдастырушылық-

ізденістік



-Балалар, сендер үйшіктің не екенін білесіңдер ме? Бұл кәдімгі үй. Үйді бөренеден, кірпіштен, қамыстан, тіптен мұздан да тұрғызуға болады.

Қазір мен сендерге Түлкі-түлкішектің өзіне қалай мұздан үйшік салып алғаны, ал қоянның қалай ағаштан үй тұрғызғаны туралы ертегіні айтып беремін.

Сергіту сәті.

Дос туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Күлме досыңа,

Келер басыңа


Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын


Мұқият зейін қойып ертегіні тыңдайды.





Сергіту сәтін орындайды.



Сұрақтарға толық жауап береді.

Мақал мәтелдерді қайталайды тәрбиешіге қосылып





Рефлексиялық-түзетушілік




Мазмұны бойынша әңгіме.

-Қабықтан салыгған ненің үйі еді?

-Мұздан тұрғызылған үй ненікі болатын?

-Түлкінің үйшігі неге еріп кетті?

-Қоянды неге үйшіктен қуып шықты?

-Түлкіні қуып шығуға не көмектескісі келді?

-Түлкі неден қорқып кетті?

Қоян балаларға Әтеш оның ең жақсы досына айналғанын айтады.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.




-ит,қасқыр, аю және әтеш

-әтештен

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегінің мазмұнын есте сақтауға, кейіпкерлерге жанашыршылық білдіруге үйрету.

Білу керек: Зейіні мен ыждағаттылығын дамыту

Білді: Кітаппен ұқыпты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.


Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар»

Мақсаты: Балаларды анық, нақты сөйлеуге, ым-ымдау арқылы әрекет жасауға үйрету. Театрлық қызметіне қызығушылығын дамыту, бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.

Керекті құралдар: саңырауқұлақ суреті, мазмұнды суреттер, атрибуттар

Билингвалдық компонент: саңырауқұлақтар-грибы

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық қозғаушы

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Серуен кезінде жасаған бақылауларын еске түсіріп,сюжетті сурет бойынша әңгімелейді.


Саңырауқұлақтар үлкен,кіші,сары, ақ,қоныр болады.






Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Тәрбиеші оқу іс әрекетін В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» шағын ертегісін рөлдік еске түсіру бойынша бастайды.

-Балалар, ертегіден білетініміздей, саңырауқұлақтар жаңбырдан соң қаулап шығады екен.

Балаларға саңырауқұлақтың атрибуттарын кигізіп, ертегіні сахналау.

Сергіту сәті.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

(Ғ.Қайырбеков).


Балалар,саңырауқұлақтар туралы өлең,ертегі білеміз бе? Жақсы,келістік.Онда «Саңырауқұлақтар» саусақ ойынын ойнайық.

Шынашағым,орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақтар тап!

Ортан терек,тазалап ал!

Балаң үйрек,қуыра сал!

Бас бармағым,барлығын жеп,

Өсіп қапсың толып.


Мұқият тәрбиешіні тңдайды.



Ертегіні сахналайды.






Сергіту сәтін орындайды.








Кейбіреуі улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақтар атауларын қайталап айтады.

«Саңырауқұлақтар» саусақ ойынын білеміз. Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап, оқу іс әрекетін қорытындылайды.

Балалар көтеріңкі көңілмен ойындарын жалғастырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балаларды анық, нақты сөйлеуге, ым-ымдау арқылы әрекет жасауға үйрету.

Білу керек: Театрлық қызметіне қызығушылығын дамыту

Білді:бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.





Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Бұл бауырсақ па?»

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, ойлауын, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту. Бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ертегі бойынша мазмұнды үлгі сурет, нан түрлерінің суретттері

Сөздік жұмыс:наубай, диқан, диірмен, жер-ана.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Билингвальдік компонент: нан- хлеб

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті


Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

«Кел, балалар,м күлейік!»

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу.

Балалар шеңберге жина -лады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.








Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Ақ нанның қасиеті жөнінде айту. Нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдар еңбегін суреттен рет -ретімен көрсетіп, таныстыру.

«Қайдан келдің,бауырсақ?» өлеңді мәнерлеп оқу (3 рет, 3 түрлі екпінмен) . Өлеңді әңгіме леу.

  • Дастархада шашылып не жатты?

  • Бауырсаққа қуыршақ не деді?

  • Бауырсақ не деп жауап берді?

Диалог ретінді айытқызу.

Жұмбақ жасыру.

  1. Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас.(Нан)

  1. Табаға салып жапқаным не?(Нан)

Нан түрлерінің суреттерін көрсетіп, түрлері мен таныстыру.

Сергіту сәті: «Мынау менің жүрегім»

Мақал жаттау.

Ас атасы-нан.

Нан – тіршілік көзі.

Нан бар жерде ән де бар.

Тыйым сөздер: «Нанды бір қолымен үзбе»,

«Нанды баспа»

Дәптермен жұмыс .Сурет бойынша әңгімелету.

Нан туралы тақпақ айту, жаттау.

Нан қиқымын шашпандар,

Жерде жатса баспандар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға астандар.



Балалар мұқият тыңдап, зейін қояды.

Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін орындайды.








Мақал мәтелдерді қайталап, жаттайды.






Сурет бойынша ертегі мазмұнын әңгімелейді.






Диалогтік сөйлесу түрін үйренеді.


Рефлексифті түзету

Сұрақ қою арқылы қорытындылау. Балаларды бағалау, мадақтау.


Балаларөлеңді мәнерлеп айтады. Өз ойларын білдіреді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру

Білу керек: ойлауын, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Білді: Бейнелеу іскерлігіне тәрбиелеу.













































Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Ертегі әлемі»

Мақсаты: «Балалардың қалыпты көңіл күй танымын құру, ыммен түсіндіруді үйрету, кейіпкердің мінезін екпінмен беруін арттыруды дамыту, ертегіге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.»

Керекті құралдар: төлдердің суреттері.

Билингвалдік компонент: ертегі-сказка


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кешке қайтамыз.


Барлығы бірге түрып қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Кіріспе әңгіме. Ертегілер туралы айту, қандай болады, нелер болады. (жануарлар, үй жануарлары, құстар, жәндіктер) немен басталып, аяқталады.

Мысалы: Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде. Баяғыда ата мен әже болыпты т.с.с.

Жұмбақ жасыру.

Далада да, орманда да.

Жүреді бір қу, жүрген жері айғай да шу (түлкі)

Білетін ертегілерді еске түсіру.

«Адасқан құмырсқа» ертегісін оқу, талдау, балаларға оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы талдау.

Дид.ойын: «Кім жылдам?»

Ертегіні рольге бөліп, сахналау.

Балалар ертегі туралы білетіндерін айтады.


Жұмбақты шешеді.



Ертегі тыңдайды, талдайды, сахналайды.




Ойынға қатысады, қызығушылықпен ойнайды.


Сұрақтарға толық жауап береді.


Рефлексивті түзету

Балалар ертегіні талдайды, қорытындылайды.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Құмырсқа сендерге несімен ұнады?

Балалардың жауабы тыңдалып, қорытындыланады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Балалар ертегіні талдай білді

Білу керек: Ертегіні сахналауды игерді.

Білді:Сурет бойынша әңгімелеуді меңгерді.











Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Қайырымды қарлығаштар» ертегіні сахналау. Ә.Табылды

Мақсаты: Поэзия тілінде жазылған ертегіні түсіне білуге үйретіп, қара сөзбен айтып беру шеберлігін қалыптастыру. Поэзия мен прозаны ажырата білуге дағдысын дамыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Керекті құралдар: ертегі мазмұнына байланысты суреттер

Билингвалдық компонент: ертегі-сказка

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Шаттық шеңбері

«Амансың ба, Алтын күн!»

Балаларға ертегі туралы әңгімелеу.

Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қызығушылықтары оянады.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік



«Қайырымды қарлығаштар» ертегісін балаларға оқып беру, өздеріне әңгіме лету.

Балалардың ойларын тыңдау.

Поэзия тілінде жазылған ертегіні түсіне білуге үйретіп, қара сөзбен айтып беру шеберлігін қалыптастыру.

Осы ертегіні балаларға рольдерге бөліп беріп, сахналату.

Сергіту сәті: «Қарлығашқа ұқсайық»

Балаларға ертегіні өздері әңгімелей білуге көмектесу.

Д/О: «Қай ертегі?»

Ертегі мазмұнын әңгімелейді.

Балалар өз ойларын айтады.


Ертегіні рольдерге бөліп алып, рольдерін ойнауға тырысады.

Сергіту сәтін орындайды.


Ойынға қатысады, қызығушылықпен ойнайды.


Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балаларды бағалау, мадақтау .

Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.

Бірін - бірі мадақтайды, баға береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Поэзия тілінде жазылған ертегіні түсіне білуге үйретіп, қара сөзбен айтып беру шеберлігін қалыптастыру.

Білу керек: Поэзия мен прозаны ажырата білуге дағдысын дамыту

Біледі:Ертегі кейіпкерлеріне жанашырлықпен қарауға баулу.















Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драмма

Тақырыбы: «Көңілді қояндар»

Мақсаты: Балалардың қояндар туралы түсініктерін терең мазмұндауда ойын және қиялын, пластикалық мәнерлігін дамыту, қиял арқылы образ құруға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ойыншық қоян, сәбіз бен қырыққабаттың суреті немесе нақ пішіні.

Сөздік жұмыс: қояндар, сүйкімді, қорқақ

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық қозғаушы

-Қараңдаршы, балалар, бізге қонаққа не келгенін? Өзі неткен сүйкімді.

-Келе ғой, кір

Қоян қорқып тұрады.

-Балалар, қанеки, қоянды бірге шақырайықшы. Ол неге келмейді? Ол қорқып тұр ма?


Балалар қоянға назарларын аударады, қоянды тәрбиешімен бірге шақырады.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Қоян орманда, ойлы қырлы жерлерде мекендейтін аңдарға жатады. Қыста-ақ, жазда сұр түске тонын өзгертеді. Құлақтары ұзын болады. Ол сәбізді жақсы көреді. Оның қорқақтығы сонша, сықырлаған дыбыстың бәрінен қашады. Бізден қорықпа, біз саған сыйлап, тақпақ айтып береміз. Бұл тақпақтан қоянның тағы неден қорқып кеткенін байқайсыңдар.


«Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.


Тақпақтың мазмұны бойынша әңгіме.

-Қоянның түсі қандай?

-Құлақтары ше?

-қалай жүгірді?

-неден қорқып кетті?

Қандай жерлерде мекендейді екен?


Мінеки, балалар, сендер қоянның сақ екенін білдіңдер. Қоян балалармен қоштасып кетеді.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші балаларға тақпақты тағы бір рет оқып береді.




Қоянды тамашалайды, сипаттайды.



Қоян туралы білетіндерін айтады.





Өлеңді қайталайды.





Өлеңнің мазмұнын түсінеді, тәрбиешімен бірге қайталайды.


Мазмұн бойынша сұрақтарға толық жауап береді.









Сергіту сәтін орындайды


Рефлексивті түзету

«Сөзді аяқта!» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші өлеңнің бірінші қатарын бастайды, балалар аяқтайды. Балалар осылайша сөздерді естерінде тез сақтап қалады.

-Қанеки, кім өлеңді айтып бере алады?


Ойынға қатысады, қызығушылықпен ойнайды.



Өлеңді жаттап алған бала айтып береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қояндар туралы толығырақ біледі.

Білу керек: Есте сақтау қабілеттерін арттыру

Білді:Батылдыққа тәрбиелеу
































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее