«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Өсімдік - жер шарының өкпесі" сабақ жоспары

"Адам және табиғат" кеңейтілген биологиядан сабақ жоспары.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар:

Сабақ жоспары

Өсімдік - жер шарының өкпесі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тлеубергенева Аяулы Курманбековна

Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға  өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін кеңейту. 
2.Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу, ойлау ,есте сақтау шеберліктерін қалыптастырып пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру. 
3.Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған  ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы 

Бағалау критерийлері


Құндылықтарды дамыту

Табиғатқа деген жанашырлық, шығармашылық, еңбек.

Пәнаралық дамыту

Тақырыпты география, биология пәнімен байланыстыруға болады

АҚТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім


Сабақ жоспары

Ұйымдастыру кезеңі

0-10 мин




Жаңа сабақты түсіндіру

15 минут













































Қорытынды бөлім















І. Оқушылардың оқу құралын түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын шешу.

Жер шарында өсімдіктердін 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік -жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы меу жан-жануарлардын көбейе тусуіне ықпал етеді. Ормаңды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Ормаңды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмір-қышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешеңдері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар үйымдастыру.

Орманды жерге саяхат жасаудың ең кауіпті салдары - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатьш орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзак уақыт қажет болады. Жыл сайын адамдардың салғырттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранады. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97%-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалык ормаңдардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар — орман зиянкестері - кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45%-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты кажет етеді.

Слайд көрсету: Өсімдіктердің алуантүрлілігі

Сабақты бекіту: Өсімдіктерді не үшін Жер шарының өкпесі деп атайды?

Фотосинтез процесі деген терминді қалай түсінеміз?

Қызыл кітап не үшін керек?

Үйге тапсырма: Қазақстанда өсетін өсімдіктің суретін салып, сипаттама беру.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее