«Осенний фестиваль знаний 2024»

"Тәуелсіздік тұрағым"

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым»

Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту. Білімділік мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру. Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки



Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұмарым, Мәңгілік ел - тұрағым»

Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық қамтамасыз ету: Караоке: «Біз бақытты балдырған» әні, нышандары, мақал - мәтелдер.
Жүру барысы:Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы "Біз бақытты балдырған" әнін орындап жіберейікші.
- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
- Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана
- Тамаша, Балалар ендеше бәріміз орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының Әнұранын тындайық
Қазақстан республикасының Ән ұранын тыңдайды.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай - ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.

Тәрбиешілері Қазақстанның Туы, Елтанбасы туралы қысқаша түсіндіріп кетеді.
- Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 26 жыл болды.


Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық,
Мына өмірге үмітпен.
Сергіту сәті: Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти - анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Балалар: «Мен Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен аяқтайды.
- Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!
- Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!
- Мен өз Отанымның бақытты ұланымын!

































Қандыағаш қаласы ЖШС «Амалия А» бөбекжай бақшасы











16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

«Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты

ашык түсіндірме сабақ







Тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұмарым,

Мәңгілік ел - тұрағым»




«Айгөлек» І кішілер тобы




Тәрбиешілері: Ж.Кожамуратова

М.Елубаева









2017-2018 оқу жылы



























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее