«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мен- өз елімнің патриотымын

«Мен өз елімнің патриотымын»

Мақсаты:

Оқушылардың рухани –адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптас-тыру, құқықтық біліктерін дамыту. Ата Заңды дәріптеуді жақсарту.

Міндеттері:

  • оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;
  • Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;
  • білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;

Құрал-жабдықтар:

  • «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары;
  • «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;
  • шарлар, гүлдер.

Сынып жетекшісі:

  • Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Енді 9 ай бойы біз білім алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға тура келеді. «Сендер осыншама уақыт бойы кіммен болғыларың келеді: мектептегі досыңмен бе, әлде ешқашан көмекке келмейтін, «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрамайтын, сабақты айтып жібермейтін, үзіліс кезінде сенімен сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық – досыңмен.

Оқушы:

– Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек!

Ән. «Берік достық».

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балалары-мыз бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы, нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген.

Сынып жетекшісі:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық – бір ел – бір тағдыр! Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Ғасырлар бойы мұнда әртүрлі халықтар мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал ететін берік мәдени байла-ныстар орнады.

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанымыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

- Отан деген не, кім қалай түсінеді?

- Отан –әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымыз-ды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

«Патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кетке-нім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұр-пақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

- Ал сіздер патриот дегенді қалай түсінесіңдер?

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш - жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шек-сіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсете-тін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлденді-руге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қор-ғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәде-ни жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыпты-лықпен қарау.

Ал енді елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Менің Отаным-Қазақстан" атты кітабын сендерге сыйға тарту етті.

Ол кітапты сендерге сыйға берген себебі, сендер Қазақстан, яғни өз Отанының облыс атауларын, жерлерін, оның байлығын және біліміңді толықтыру үшін берілген.

Қазақстан 2050. МӘҢГІЛІК ЕЛ

"Мәңгілік Ел"- республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдар-ламасы. Онда Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіретін құнды-лықтар туралы айтылады. Олар: теңдік, еңбекқорлық, әділдік, білімге құштарлық. Еліміздің сәтті дамуы осы құндылықтарға байланысты. Оларды сақтау Отанымыз-дың жарқын болашағы үшін керек.

Кітаптың 10-ыншы бетінде Қазақстан Республикасының картасы бейнелен-ген. Онда Отанымыздың 14 облысы көрсетілген.

- Сендер қай облыста тұрасыңдар?

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезім-нің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық се-зім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

· Туған жерге деген ыстық сезім;

· Ата- баба өсиетіне адал болу;

· Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

· Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

· Ана тіліне деген құрмет;

· Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

· Елдің тарихын құрметтеу;

· Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

· Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

· Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

· Заңға бағыну;

· Үкіметті сыйлау;

· Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

· Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

· Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

· Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;

  • Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауап-

ты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңге-руі керек. Қорыта келгенде, “ Өз Отанының патриоты болу Қазақстанды өз жүре-гінде ұялату ” деген сөз.

Сынып жетекшісі :

  • Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

Шеге туралы өсиет әңгіме

Бір әкенің өте ызақор, ашушаң ұлы болыпты. Әкесі ұлына бір қалта шеге береді және «ашуыңа ырық бергенде, қақпадағы тақтайшаға мына шегелерден бір-бірден қағып отыр» деп тапсырады.

Алғашқы күні тақтайға бірнеше ондаған шегелер қағылады. Ашуының санын өз көзімен көріп, жігіт ызаға бой алдырмауға тырысатын болады. Тақтайға қағылатын шегелердің саны күн санап азая бастайды. Жігіт шегелерді тақтайға қаққаннан көрі, өзінің ашуын тежеп қалудың оңай екенін түсінеді.

Өз-өзін қалыпты жағдайда ұстай алатын күн де келіп жетті. Ол бұл туралы әкесіне айтты. Әкесі сәл ойланып, «өзіңді қалыпты жағдайда ұстаған әр күн сайын қақпадағы шегелерді бір-бірден суырып алып отыр» деп ұсыныс жасайды.

Баласы әкесіне қақпада бір де бір шегенің қалмағанын хабарлаған күн де келіп жетті. Сонда әкесі ұлын қақпаның жанына алып келіп, былай деді:

– Сен тапсырманы жақсы орындап шықтың. Бірақ мына қақпада қанша тесік қалдырғаныңды қарашы. Бұл қақпа енді ешқашанда бұрынғыдай болмайды. Дәл осы шегелердің қалдырған ойығындай ойық сен ренжіткен адамдардың көңілдерінде де қалады. Ренжіткен соң қанша рет кешірім сұрағаныңмен, көңілдегі сызат ешқашан өшпейді».

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Әкесі баласын неге үйретті?

2. Неліктен басқа адамға зұлымдық жасамау маңызды?

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее