«Зимний фестиваль знаний 2025»

Разработка урока

Разработка урока казахского языка и литературы для школ с русским языком обучения по обновленному содержанию образования РК в 5 классах

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасының дәстүрлері.



Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны: 15


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде отбасылық дәстүрлер жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгерту.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Мәтіндер арқылы отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақ отбасындағы дәстүрлер жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде отбасындағы жақсы дәстүрлерді си- паттайды қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақ тілінде сыныптастарымен тілдеседі, диалог құра алады, қарапайым үлгілер арқылы сөйлесімге келеді.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жайлы слайдтар, плакат, мар- керлер, доп, парақ, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, смайликтер.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой қозғар» әдісі, ассо- циограмма, «Менің отбасым» дидактикалық ойыны, диалог, «Бинго» ойыны, «Суреттер» блиц ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырмалар, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,әдебиет

Сабақ жоспары:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық ат- мосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта-ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне ассоциограмма құрғызады.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Оқылым. Жазылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Диаграммаға отбасына қатысты туыстық атаулар- ды, «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диаграмманы пайдала- нып, өз отбасы туралы мәтін құрап жазады.

Б) Оқылым. Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңдегі туыстық атауларды табады, мағынасын анықтайды, мазмұнын түсіндіреді.

В) Айтылым. Оқулықтағы жағдаяттық тапсырманы (4-тап- сырма) орындатады.

Айтылым. Өз отбасылары жайлы диалог құрады.

3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгертеді.

Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады.

Ә) Жазылым. Оқушыны дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру үшін 6, 11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, синквейн дайындайды.

Б) Оқылым. Айтылым. Дұрыс оқуға,

жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тап- сырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпа- раттың дұрыстығын тексереді.



В) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады, сұ- рақтарға жауап береді.

Г) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 12, 13, 14-тап- сырманы орындатады.

Жазылым. «Бинго» ойынының шар- тын орындайды, мәтінді толықтырып жазады, 12-14 үнқатымнан тұратын диалог құрастырады.

6. Мәнерлеп оқу. А) Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айда- рында берілген өлеңді мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды, жаттайды.

Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер.

«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.

7. Сергіту сәті. «Менің отбасым» дидактикалық ойынын ой- натады. Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді.

Оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтыра отырып отбасылары жайлы жақсы сөздер мен тілектер айтады. Мысалы, менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.

ІІІ. Ой толғаныс

Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц ойынын (15-тапсырма) ұйымдастырады.

Әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таны- стырады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 16-тапсырманы орындатады.

Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее