«Зимний фестиваль знаний 2025»

Открытый урок по математике

Қарапайым математика оқу қызметі "Дөңгелек және сопақша"

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Қызылорда қаласы

КМҚК «Алпамыс» балабақшасы

Тәрбиеші: Абжалиева Есенкүл


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Өтілу түрі: Флипчарт

Кіріктірілген оқу қызметі: Дене шынықтыру

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «Дөңгелек және сопақша»

Мақсаты:  10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға геометриялық пішіндер: дөңгелек және сопақшамен таныстыру, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту. Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру және сөйлеуге дағдыландыру. Ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой - өрістерін дамыту. Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, сергіту сәті қорытындылау,флипчарт
Көрнекілік - құрал: Слайд, сурет, таратпа тапсырма, бас қатырғыш есепшот, қарындаш

Технология: Ақпараттық, ойын

Билингвалды компонент: дөңгелек-круглый- circle, сопақша-овал- oval, үшбұрыш-треугольник- triangle, шаршы-квадрат- square

-Қайырлы таң, балалар!

-Балалар, келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар үш тілде сәлемдеседі)

-Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді жақсы көңіл-күймен өткізгілерің келеді ме? Ендеше барлығымыз таңертеңгілік жаттығуымызбен бастайық. Экранға назар аударыңдар.

Әуенді жаттығуды қимылмен жасап қайталайды.

Алиса періште: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен, Алиса періштемін. Мен құрбыларыммен математика әлеміне саяхатқа бара жатырмын. Сендерде барғыларың келеді ме?

Балалар: -Иә

-Ол жерде көп тапсырмалар кездеседі. Сол тапсырмаларды орындауға дайын болсаңдар, қане, бастайық.

1-тапсырма «Санның көршісін тап»


1

2

?



2

3

?



3

4

?


4

5

?



5

6

?


6

7

?



7

8

?


8

9

?











Майя періште: Сәлеметсіңдер ме, балалар.Мен Майямын. Мен мынадай тапсырмаға кезіктім. Маған көмектесіңдерші.

-Балалар, Майяға көмектесіп жіберейік. Ол Заттарды санына сәйкес таңбалармен біріктіре алмай отыр екен.

2-тапсырма «Заттарды санына сәйкес таңбалармен біріктір»

Мұнда 1-ден 10-ға дейінгі сандар беріліпті. Қане, тақтаға бір бала шығып, тапсырманы орындап көрсін.

1 саны Мәшине

2 саны Үй

3 саны Шырша

4 саны Қолшатыр

5 саны Кесе

6 саны Нан

7 саны Құлпынай

8 саны Қарындаш

9 саны Қар

10 саны Қоңыз


-Жарайсыңдар, балалар. Тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар. Келесі кезекте Алисаның тағы бір құрбысының тапсырмасы бар екен.

Винди қыз: Сәлем, достар! Мен Виндимін. Менде мынадай тапсырмаға кезігіп қалдым. Маған көмектесіңдерші.

3 – тапсырма: «Есептің шешімін тап»

-Балалар, Виндиге есептердің шешімін табуға көмектесейік.

  • Екі қоян секіріп шықты, оларға тағы бір қоян келіп қосылды, барлығы неше қоян болды?

2 + 1 = 3

  • Кірпіде үш алма болып еді. Ол екеуін достарына берді. Кірпіде енді қанша алма қалды?

3 – 2 = 1

  • Екі кірпі жүр еді. Оларға тағы екі кірпі келіп қосылды. Барлығы неше кірпі болды?

2 + 2 = 4



-Балалар, Виндидің бізге жіберген қызықты ойыны бар екен. Қане ойнап көрейікші.

Ойын: «Ақылды кілем»

Мақсаты: Балалардың 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру. Қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Барысы: Балалар кезекпен шығып, қолдарындағы құмды қалтаны кез келген санға лақтырады. Қай санға түссе, сол санға дейін тура санай отырып, қоянша секіріп барады. Санды атағаннан кейін кері қайта санап, секіріп қайтады.


-Жарайсыңдар, балалар. Сендер ойынға белсенді қатыстыңдар. Енді Алисаның келесі құрбысына назар аударайық.

Сюзи қыз: Сәлем, достар! Мен Сюзимін.Мен мына тапсырмаларға кезіктім. Сендер маған көмектесіп жіберіңдерші.

4 – тапсырма: «Дөңгелек және сопақша»

-Балалар, Сюзи геометриялық пішіндерді ажырата алмай отыр екен. Қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар, атап берейікші?

-Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш


Билингвалды компонент: дөңгелек-круглый- circle, сопақша-овал- oval, үшбұрыш-треугольник- triangle, шаршы-квадрат- square

Дөңгелек пен сопақшаның неге ұқсайтыны туралы видеоны тамашалау.

5 – тапсырма: «Суреттерді құрастыр»

Балалар, біздің пішіндер шашылып қалыпты. Оларды құрастырып, қандай сурет шығатынын көрейікші.

Сусақ жаттығуы:

Сол қолыңды соз алға,

Сопақшаны сыз онда

Сопақша, сопақша

Сопақшаны сыз онда


Оң қолда бос тұрмасын,

Шеңбер сызып зырласын

Шеңбер, шеңбер

Шеңбер сызып зырласын


-Енді келесі тапсырмаға назар аударайық. Тақтада нелер берілген?

-Суреттер

-Кімдердің суретін көріп тұрмыз?

-Отбасының

6 – тапсырма: «Суреттің жақтауын тап»

Әр суреттің жақтауымен сәйкес келетін пішіндерді тауып, суреттерді орналастырамыз.

Атаның суреті тіктөртбұрыш

Әженің суреті шаршы

Ананың суреті дөңгелек

Әкенің суреті сопақ

Қыздың суреті үшбұрыш


-Жарайсыңдар, балалар. Сендер пішіндерді жақсы таниды екенсіңдер. Әр суреттің өз жақтауын тауып бердіңдер.

-Балалар, алдымызда бас қатырғыш есепшотымыз бар. Сол есепшот арқылы есептер шығарып көрейік.

7 – тапсырма: «Есепті құрастыр»

-Мен тақтаға есептер жазамын, сендер менің жазғанымды қайталап, шешімін табуға тырысыңдар. Мен алдымен сандар мен таңбаларды жазайын:


5 + 2 = ? 3 + 2 = ?

6 – 3 = ? 8 + 2 = ?


Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін қандай пішіндермен таныстық?

-Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

-Бүгін барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Алиса қызға көп көмектестіңдер, жарайсыңдар. Бүгінгі оқу қызметімізге қатысқан қонақтармен қоштасайық.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее