«Зимний фестиваль знаний 2025»

О дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік:О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.

Тәрбиелік:Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік:О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

Дамытушылық:Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.

Тәрбиелік:Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Сауат ашу және жазу негіздері, тіл дамыту, сурет салу.

Сабақтың типі:аралас, машықтық.

Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:АКТ, ойын, тірек карта арқылы оқыту.

Сабақтың өтілу әдісі:түсіндірмелі-иллюстративтік, жартылай ізденіс, машықтық.

Оқыту құралдары:ой қозғау, логикалық ойындар.

Демонстрациялық материал:суреттер

Сабақтың барысы.

Шаттық шеңбер.

Қоңыраудың сиқырлы

Естіледі сыңғыры.

Қолыңды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

-Балалар, бәріміз шеңбер құрайық. Бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.Сабағымыз сәтті болсын. Деніміз сау болсын. Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.

Балалар бір –бірлеріне жақсы сөздер айтады.

Сәлеметсің бе, Асыл, сен сүйкімдісің.

-Сәлеметсің бе, Жанель, сен қайырымдысың.

-Сәлеметсің бе, Ажар, сен ақылдысың.

-Сәлеметсің бе, Ерсұлтан, сен сабырлысың.

-Сәлеметсің бе, Анель, сен мейірімдісің.

Сәлеметсің бе, Жалғас, сен батылсың.





Өткен сабақты қайталау.

  • Дыбыс деген не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Әріп деп нені айтамыз?

  • Әріптерді не істейміз?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дидактикалық ойын: «Қай дыбыстан басталады?»

Ғ Т А Н Р У П Ш Л Й



Балалар бүгінгі біздің сабағымызға Бауырсақ қонаққа келіпті.

Бауырсақпен амандасу.

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен өз үйімнен адасып қалдым ,үйіме жетуіме көмектесіңдерші. Ол үшін сендер мына тапсырмаларды орындауларын керек.

Балалар: Арине көмектесеміз.

1 тапсырма.

Үлкен және кішкентай сәбіздер.

Сурет қиындыларынан сәбізді құрастыру.

Қоянның тапсырмасы.

2 – тапсырма.

Не артық?

Жаңа сабақ.

Балалар бүгін О дыбысымен танысамыз.

Әріп таңбасымен таныстыру.

Ол неге ұқсайды?

Қасқырдың тапсырмасы.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»



Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

О дыбысының әрпін жазу

Ауада жазып қол жаттықтыру.

О әрпін екі жолға толтырып жазу.







Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Түлкінің тапсырмасы.

Дыбыстық талдау жасау.


Отан торғай тон


Бауырсақтың тапсырмасы.


Буындарды оқу.

Сабақты қорытындылау.

Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

О дыбысы қандай дыбыс?

Әріп таңбасы неге ұқсас?

О дыбысынан келетін сөздер айту.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : Балалар О әрпі мен дыбысы туралы айтқанда

Түсінеді: Балалар дыбыстық талдау жасауды

Қолданады: Суреттермен жұмыс жасауды



«Жұпар» балабақшасы











Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі











Дайындаған: Немзорова С.А















Амангелді ауданы 2016-2017 оқу жылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее