«Зимний фестиваль знаний 2025»

Р р дыбысы мен әрпі

"Р р дыбысы мен әрпі" ашық сабағының жоспары.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектеп шеберханасына саяхат.

Р дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді, әріпті таниды, жазады.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі:Сөздерді тұтас, түсініп оқиды, алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мектеп шеберханасына саяхат.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бүгінгі көңіл күйлерін раушан гүлін қызыл, сары түстерге бояу арқылы көрсетіп, гүл шоғын жасау.

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері





Сабақтың ортасы



-Біз қайда саяхатқа бара жатырмыз? /Мектеп шеберханасына/ Саяхатты жалғастырамыз. Ол үшін тапсырмаларды мұқият орындауымыз қажет.

Тыңдалым. Бағандағы буындар мен сөздерді, сөйлемді оқу.

Оқылым. Сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтыру.

«Ар, ара, арал, арала, нар, анар, Анар» сөздерін хормен, тізбектей, жекелей оқыту.

«Ара, ара, аралар!» және «Алан, ара арала» сөйлемдерін оқытып, олардағы «ара» сөздерінің мағынасын ажыратқызу.

Бірінші сөйлемде «ара» – жәндік, екінші сөйлемде «құрал» екенін суреттердің көмегімен анықтату.







  • Сөздерді, сөйлемдерді оқи алдық па?

  • Р дыбысы /басы, ортасы, соңы/ мысалдар келтіре білеміз бе?

  • «ара» – жәндік, «ара»- құрал екенін ажырата алдық па?

Бұл тапсырманы қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатында кірпінің қолындағы алмұртты жасыл, сары түстерге бояу арқылы рефлексия жасау.

Жұптық жұмыс. 3. Ребусты шешудің жолын түсіндіру.

«Ойлан, тап» ойыны. Суреттердің көмегімен «анар» сөзінің қалай шыққандығын оқушылардың табуына мүмкіндік беремін.


Жауабы А Н А Р

Оқушылар алдарындағы қима қағаздарға ребустың жауабын жұптаса отырып жазады

Суреттегі заттардың бірінші әріптерінен теңдіктен кейін берілген текшедегі жасырынған сөз шығады.

Шаққан сөзге буындық-дыбыстық талдау жасату және сөз мағынасымен жұмыс жүргізу.

Бұл тапсырмада болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс




Кеспе буын

Суреттер












Қима қағаздар

суреттер



Оқулық, дәптерлер.









Басбармақтар

Сергіту сәті


Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Дәптрмен жұмыс


Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру талаптарға сай жазу білігін бағалауды ұйымдастыру. Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес, көркем жазу талабы да қойылады. Сондықтан оқушылардың көркем жазуына да көмек беріп отырамын.

Оқушылардың Рр әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуы қадағаланады. Бастырып жазу, генетикалық, ритмикалық әдістер қолданылады.





Түрлі тапсырмалар

Сабақтың соңы

2 минут


Бағалау.

Оқушы өзін бағалай алды ма?

Неге олай бағаладың?

Түсінбедім

Кейбірін түсінбедім

Керемет түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

-ара, анар сөздеріне дыбыстық талдау жасай алуын;

-р дыбысы кездесетін сөздерді білетіндігін және жаза алатындығын ;

-суреттер бойынша ребустың жауабын анықтай алатындығын бақылау арқылы бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее