«Зимний фестиваль знаний 2025»

Краткосрочное планирование 5 класс

Краткосрочное планирование по предмету история Казахстана для 5-х классов.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қысқa мерзімді жoспaр


5.2 А Ежeлгі көшпeлілep өміpі (8 сағат)

Kүні:

Уaқыты: 1 сaғaт

Cынып: 5

Мeктeп: Сeмeй қaлaсы, КММ №19 ЖOББМ

Мұғaлімнің аты-жөні: Нуpгaзинa Толкын Сайлаугазыкызы

Қaтысқaн оқyшылaр сaны:

Қaтыспaғaндap:

Сaбaқтың тaқыpыбы

Kөшпeлі мaл шaруaшылығының қaлыптaсyы.

Зeрттey сұpaғы:

Kөшпeлі мaл шaруaшылығы нeліктeн шaруaшылықтың нeгізгі түрінe aйнaлды?

Oқy мaқсaты (oқy бaғдaрлaмaсынa сілтeмe)

5.4.1.2 - көшпeлі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы біледі, сипаттайды, себептерін анықтайды.

Басым бөлігі: көшпелі мал шаруашылығы қалыптасқан аймақтарды картадан көрсетеді, ежелгі шаруашылық түрлерін салыстырады.

Кейбіреуі: климаттың шаруашылық түрлеріне әсерін тізбектеп көрсетеді, тиімділігін дәлелдейді, саралайды, талдайды.

Бағалау критерийлері

Ежелгі шаруашылық түрлерінің қалыптасуы себептерін анықтайды.

Қазақстан территориясында таралған шаруашылық түрлерін көрсетеді.

Тілдік мақсаты

Пәндік лексика мен терминология:

Отырықшылық шаруашылық, егіншілік, тебінді жайылым, көшпелі мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар, ат әбзелдері.

Тыңдалым: «Көшпелі мал шаруашылығы» тақырыбында бейнематериалды көру.

Оқылым: «Ежелгі шаруашылықтың дамуы», «Климаттың өзгеруі неге әкеліп соқты?», «Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептері», «Көшпелі мал шаруашылығының түрлері мен қалыптасқан аймақтары» тақырыбында мәтінді оқу.

Айтылым: мәтінмен жұмыс істеу кезінде топтарда талдау, талқылау

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

Біздің топтың ойынша ....

Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы адам өміріне әсер етті, себебі....

Біздің топ логикалық тізбекті мынадан бастады, себебі ..........

Көшпелі мал шарушылығына өту себептері мынандай.............

Көшпелі мал шаруашылығының дамыған аймақтары.............

Құндылықтарға баулу

Көшпелілер тарихына деген құрмет қалыптасады.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Пәнаралық байланыс

География пәні көшпелі мал шаруашылығының Қазақстанның географиялық зоналармен байланысын көрсетеді (картамен жұмыс).

АКТ-ны қолдану

Бейнематериал, интерактивті тақта.

Алдыңғы білім

Темір өңдірудің адам өміріне әкелген өзгерістерін естеріне түсіреді.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспар бойынша тапсырмалар

Ресурстар

Басы

2 мин








2 мин






4 мин


















3 мин

Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Мен елімді сүйем».

Егер сенің досың болса, көршіңнің басын сипа;

Егер сенің үйіңде мысық болса, өзіңнің басыңды сипа;

Егер сен итті жақсы көрсең, қолыңды созып, құстарша қанат қақ;

Егер сен мектебіңді жақсы көрсең, аяғыңды топырлат;

Егер сендер Отанымызды жақсы көрсеңдер, алақандарыңды соғыңдар.

Оқушыларды 4 топқа жыл мезгілдерінің суретін таңдату арқылы бөлу.

1 топ – күз - күзеу,

2 топ – қыс - қыстау,

3 топ – көктем - көктеу,

4 топ – жаз - жайлау.

«Бес қадам» әдісі арқылы темір өндірудің адам өміріне әкелген өзгерістерін еске түсіру.

Оқушылар жұпта сұрақтар дайындайды, ек жұп бір-біріне қарай бес қадам жасау арқылы жылжиды, әр қадам жасаған сайын сұрақтар қойылып, оларға жұпта жауап береді.

«Сиқырлы сызғыш» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. (Сиқырлы сызғыштың мәресіне қай жұп жеткенін қойылған сұрақтарға берілген жауаптар нәтижесінде анықтайды).



















Бүкілсыныптық талқылау.

«Миға шабуыл» әдісі .

«Көшпелі мал шаруашылығы» тақырыбында бейнематериал көрсету.

- бейнематериал қалай аталады?

- бейнематериал не туралы?

- сабақтың тақырыбы қандай?






















































Бейнематериал

https://youtu.be/WnJ_1xd4ft80

Ортасы

5 мин











25 мин



























Соңы

1 мин

2 мин













1 мин



Зерттеу сұрағына жауап беру үшін әр топқа «Фишбоун» кластері бойынша тапсырманы орындауға береді.

Көшпелі мал шаруашылығының тиімді болу себептері қандай?

Біздің топтың ойынша, тиімді жақтары............

«Мадақтау гамбургері» (мадақ-сын-мадақ) әдісі бойынша өзара топтардың бірі-бірі бағалауы.

Талдау.

Джигсо әдісі.

1 топ

Тапсырма:

«Ежелгі шаруашылықтың дамуы» тақырыбында мәтінді оқып, салыстыра отырып, төмендегі кестені толтырыңдар.

(Қосымша 1, 2)

Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы адам өміріне әсер етті, себебі.......

2 топ

«Климаттың өзгеріске ұшырауы шаруашылықтың түрлеріне қалай әсер етті?» логикалық тізбегін құрастырады.

Біздің топ логикалық тізбекті мынадан бастады, себебі ..........

(Қосымша 3, 4)

3 топ

«Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептері» тірек-сызбасын толтырыңыздар.

Көшпелі мал шарушылығына өту себептері мынадай.............

(Қосымша 5,6)

4 топ

«Көшпелі мал шаруашылығының түрлері мен қалыптасқан аймақтары» мәтінін оқып, картадан шаруашылық дамыған аймақтарды тауып, белгілеңіздер.

Көшпелі мал шаруашылығының дамыған аймақтары.............

(Қосымша 7, 8)

Топ жұмысын бағалау кестесі. (Қосымша 9)

Дискуссиялық өрнек толтыру арқылы алған білімдерін бекіту. (Қосымша 10)

Кері байланыс.

«Плюс – Минус - Қызығамын».



«Плюс» (+)


Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады


«Минус» (-)


Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады


«Қызығамын" (?)


«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?" деген сұрақтарға жауап келтіру


Үй тапсырмасы:

1. «Қазіргі таңдағы Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы» тақырыбында презентация жасау.

2. «Көшпелілердің әлем өркениетінде алатын орны» тақырыбында 40 сөзден тұратын эссе жазу.


Дифференциация


Бағалау

Денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау

Дефференциация:

- сабақ мақсаттары оқушылардың деңгейіне қарай сараланады: біледі, салыстырады, дәлелдейді, талдайды;

- тапсырмалардың төменнен күрделіге қарай беріледі («Бес қадам» - «Миға шабуыл» - «Фишбоун» - «Джигсо»);

- тапсырмалардың әр түрлі деңгейде болуы жоғары деңгей (саралайды, дәлелдейді), орташа деңгей (талқылайды, салыстырады), төмен деңгей (түсінеді, сипаттайды);

- оқушыларға тапсырмаларды таңдау мүмкіндігінің берілуі (презентация жасау, эссе жазу);

- әдістердің оқушылардың мақсатқа жетуіне ықпал жасауы;

- жұмыс түрлерінің әр түрлі болуы (жекелеме, бүкілсыныптық, топтық, жұптық).

Қалыптастырушы бағалау:

«Сиқырлы сызғыш» әдісі арқылы жұптардың бірін-бірі бағалауы

Мадақтау «Гамбургері» әдісі арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы;

«Топ жұмысын бағалау кестесі» арқылы топтардың өзін-өзі бағалауы;

Меңгерген білімдерін тексеру мақсатында «Плюс-Минус-Қызығамын» кері байланысы арқылы бағалау.


Қауіпсіздік ережелерін сақтау, сабақтың басында психологиялық ахуал калыптастыру, АКТ-ны тиімді пайдалану.

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме? Менің дайындаған дифференциациям жүзеге асты ма? Уақытты ұтымды пайдалана алдым ба? Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен?

Төмендегі орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сұрақтардың ішінен Сіздің сабағыңызға қатысы бар ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіздер?


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі сәтті өтті (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Қандай екі жағдайда сабақтың тиімділігі арта түсер еді (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабаққа дайындалуда ескеретіндей сынып туралы немесе жеке оқушы туралы қандай да бір қажетті ақпарат алдым ба?











Қосымша 1


Ежелгі шаруашылықтың дамуы


Ежелгі адамдардың шаруашылық түрлері біртіндеп дами түсті. Мал шаруашылығы мен егіншілік негізгі шаруашылық түрі ретінде темір дәуірінде дами түсті. Мал шаруашылығының бірнеше түрлері қалыптаса бастады, маусымдық жайылымдарға бөлінді.

Жаз кезінде малды алысқа апарып жаятын жайылым түрі жайлау. Бұл кезде көшпелі тайпалар әр түрлі ойын-сауықтар өткізіп, маңызды мәселелерді шешуге тырысқан.

Көшпелі тайпалар қыс басталғанға дейін мал азықтарын жинау үшін күзде күзеуде отырған. Күзеу мен қыстаудың арасы өте жақын болған. Күзеуде малды қысқы уақытқа дайындаған.

Күн қатты суыған уақытта көшпелілер қыстауға қарай көшкен. Қыстауда малдарға арналған жылы қоралары болған, арнайы жем-шөп дайындалған, қыста төлдеген малдарды жылы қораларда ұстаған.

Малдардың барлығы төлдеген уақытта малшылар көктеуге көшкен. Қыстан шыққан малдарды қырқып, отырықшы аймақтардағы егіншілер дәнді дақылдар егуді бастаған.




Қосымша 2



Көшпелі мал шаруашылығы


Егін шаруашылығы









Қосымша 3


Климаттың өзгеріске ұшырауы шаруашылық түрлеріне қалай әсер етті?

Біздің заманымыздан бұрын ІІ мыңжылдықтың аяғы мен І мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында климат қатты өзгеріске ұшырай бастады. Негізгі өзгерістер: жаңбыр азайды, өзендер мен көлдердің сулары тартыла бастады, өсімдіктерге бай болған даланы қуаңшылық жайлай бастады.

Негізгі шаруашылық ретінде мал шаруашылығы қола дәуірінде қалыптасқан болатын. Ерте темір дәуірінен бастап көшпелі мал шаруашылығы ары қарай дами түсті. Шаруашылық түрлерінің бөлінуі адам өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Айналысқан шаруашылық түрлеріне байланысты адамдар арасында айырбас пайда болды. Адамдар өздерінен артылған өнімді айырбастау мүмкіндігіне ие болды. Бұрынғы сияқты көшпелілер табиғаттың дайын өніміне тәуелді болмады, ендігі кезекте өнімді өздері өндірді. Тебіндеп жайылатын жылқы, қой сияқты малдарды көбірек өсіруге тырысты.








Қосымша 4



Климаттың өзгеріске ұшырауы


















Қосымша 6








Қосымша 5


Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептері


Ерте темір дәуірінен бастап көшпелі мал шаруашылығы көбірек дами бастады. Оның өзіндік себептері болды.

Көшпелі мал шаруашылығының көшудің басты себептері:

Біріншіден, қуаңшылықтың орын алуы, жаңбырдың азаюы, өзен, көл, бұлақтардың тартылуына байланысты жаңа жайылым жерлерін таңдауына әкелді;

Екіншіден, темірден жасалған ат әбзелдерінің пайда болуы жылқыны мініске үйретуге көбірек мүмкіндік беріп, малды атқа мініп алысқа жая бастады;

Үшіншіден, көшпелілердің көбінде тебіндеп жайылатын мал санының көбеюіне байланысты жайылымдарды ауыстырып отыру қажет болды.

Осындай алғышарттар ертет темір дәуірінде Қазақстанның көптеген аймақтарында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әкелді.





Қосымша 6

Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептері


















Қосымша 7


Көшпелі мал шаруашылығының түрлері мен қалыптасқан аймақтары


Қазақстан жерінде шаруашылық көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы болып үшке бөлінді.

Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасқан негізгі аймақтар Батыс және Орталық Қазақстан болып табылады. Бұл аймақтар егіншілікпен айналысуға табиғаты қолайсыз болып келеді. Себебі, бұл жерлерде шөлді және шөлейтті аймақтар көбірек кездеседі. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандар жайылымдарын үнемі үздіксіз ауыстырып отырды, қыс кезінде тау, өзен-көл маңындағы тұрақтарда қоныстанды.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар Тянь-Шань, Алтай таулары, Жетісу, Шығыс Қазақстан. Бұл аймақтар негізінен мал жайылымдарына өте қолайлы болып келді, маусымдық жайылымдар бір-біріне жақын орналасты, қысқы уақытта ғана жайлаудан қыстауға көшті, егін шаруашылығымен айналысуға жағдай жасалды.

Отырықшы шаруашылық қалыптасқан негізгі аймақ Оңтүстік Қазақстан болды. Себебі, бұл аймақта Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің маңында суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен бірге айналысуға мүмкіндік жасалды.




Қосымша 8
































Қосымша 9


Топ жұмысын бағалау кестесі



Критерийлер/топ мүшелері

Мәтінді талдау

Топ ішінде белсенді талқылау

Белсенді түрде тыңдау

Өз идеяларын ұсыну

Топтарға түсіндіру

Жалпы балл




































Топ бойынша






%




Қосымша 10


Дискуссиялық өрнек


Мазмұны

Дұрыс

Бұрыс

1

Көшпелі мал шаруашылығы бұдан ерте темір дәуірінде дамыды.




2

Маусымдық жайылымдар: қыстау, көктеу, жайлау, күзеу.




3

Көшпелі мал шаруашылығы қола дәуірінде дамыды.




4

Батыс Қазақстанда жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған.




5

Ат әбзелдерінің шығуы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әсер етті.















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее