«Зимний фестиваль знаний 2025»

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Урок на тему "Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу" для 7 класса

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы: “Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу ”.


Сабақтың мақсаты:

білімділік:. Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, жіктеудің тәсілдеріне тоқтап, сол тәсілдерді пайдалану

дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, ойлау, танымдық қабілеттерін, логикалық сауаттылығын, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

тәрбиелік: экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау, білімді бекіту сабағы


Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырма, топтық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топтарға берілетін есептер, үлестірмелі карточкалар, графиктер, евро(ақшалар).

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру

Сынып 3 топқа бөлінеді:

1 топ – “Каспий” банкі

2 топ - “КазКом” банкі

3 топ - “Халық” банкі.


ІІ. “Біліміңді сынап көр”

Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Ширату

Акциялар сату, құны – 10 евро.

(Өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары)

1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)

2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)

3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)

4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)

5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)

6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)

7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)

8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек)






ІV. “Білімді мыңды жығады” (оқулықпен жұмыс) (€20)

№138, 139


А)“Каспий” банкі


Ә)“КазКом” банкі


Б)“Халық” банкі.


V. Қосымша бонустар

VІ. Сергіту сәті

Ойымды жалғастыр” (әр топ тез жауап беру керек) (€10)


  1. Жеті жұрттың тілін біл,... (Жеті түрлі білім іл)

  2. Екі жақсы қас болмас,... (Екі жаман дос болмас)

  3. Білгенің бір тоғыз,... (Білмегенің тоқсан тоғыз)


Қас қағым сәт” (әр топ тез жауап беру керек) (€10)


1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  1. Бойы бір қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

  2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді. (0)

  3. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

  4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)



VІІ. “Өнерді үйрен де жирен” тұтынушыларды тарттыру


Әрбір банк мүшесіміз,

Игі істе біз біргеміз. – тәжірибе алмасу, топтық жұмыс

Тапсырмалар:

1. Көбейткіштерге жікте:


Каспий) c(a - b)+d(a - b);

КазКом) x(y+k)+z(y+k);

Халық) 2(c - 1)+y(c - 1)
2. Көбейтуді орында:
Каспий)(a+b)(x - y);

КазКом)(a+b)(a+2);

Халық)(m - n)(p+q)
3. Көбейткіштерге жікте:
Каспий) ax+ay+bx+by;

КазКом) ab+2b - 2a - 4;

Халық) 3х - 3у+ах - ау

  1. Үйге тапсырма: §7 оқу. № 141 Өрнектің мәнін табыңдар

  2. Бағалау (оқушылардың жинаған қорларына байланысты қойылады).







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее