«Осенний фестиваль знаний 2024»

Консультация для родительей

Консультация для родителей, 2 младщая группа Тема,"Ашық терезе балаға қауып"

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары

Осы жылдың 16 наурыз және 22 сәуірі аралығында қалада балалардың терезеден құлауына қатысты 4 оқиға тіркелген, оның ішінде 1 оқиға баланың мерт болуымен аяқталған, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.

2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.

3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.

4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.

5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.

  1. Баланың құлау жағдайлары көбінесе ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырғандықтан орын аладыКішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз!

  2. Ешқашан, москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.Керісінше, москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі құлайды.

  3. Баланың терезеге шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.

  4. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.

  5. Бала терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.

  6. Терезе темір торын құрып, терезелерді қорғаңыз. Темір тор балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды.

  7. Терезеге жақын тұрған төсек немесе жиһаздарда баланың секіруіне жол бермеңіз.

  8. Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз.Ересек балаларыңызды  іні-қарындастарына, бауырларына қарауға тәрбиелеңіз.

 

 

Жыл сайын, кішкентай,  әсіресе 3-тен 5 жастағы балалардың  терезеден құлап кетуі бойынша жазатайым оқөиғалары күн жылынған кезде күрт өсуі байқалады.

 

Дәрігерлердің мәліметінше,

терезеден құлаған оннан аса бала клиникалық ауруханаларға түседі.

Көп жағдайда балалар ауыр жарақат алады, олар жүйке-жүйесінің, аяқ-қолдың, сүйектің, ішкі ағзалардың зақымдануына әкеп соғады. Бала  өз денсаулығын қалпына келтіре алмай өмір бойы мүгедек болып қалады. Бала оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болады.

 

Жылы  мезгілдің келуімен ата-аналар өз балаларына ерекше көңілмен қарауы керек, оларды ашық терезелерге жақындатпай, сондай-ақ терезе алдына қоймағаны дұрыс.

 

Есіңізде болсын!

Балалар үшін терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі құралдары бар. Олардың көбінің құны әркімге қол жетімді.

 

 

ЕҢ ҚҰНДЫ - БАЛА ӨМІРІ ....





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее