«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Әке, шешем және мен»

Ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қимыл-қозғалыс элементтерін қолдану арқылы ата-аналар мен балалардың дене қабілеттерінің жануарларға сәйкес ширақ болуын дамыту.

Осы қимыл-қозғалыс түрлері арқылы ата-аналардың, балалардың ширақ та, шымырлы, жылдам да тездік қасиеттерге тәрбиелеу.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Қызықты ойын жаттығулары»


Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеуде балаларды жаңашыл ойын-жаттығу түрлерімен таныстыру, сол арқылы балалардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, балалардың жылдамдығын, шапшаңдығын әрі қарай дамыту. Денсаулықты сақтау үшін денсаулық ережелерін білу.

  1. Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.

  • Балалар, алдымен бізге келген қонақтармен амандасып алайық.

Нұсқаушы:

Қош келіпсіз, ұстаз қонақ білікті

Жүздеріңде мейірім нұры тұныпты.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз спортшы балаларың қылықты.


Қарашаш

Жазда ықпай ыстықтан,

Қыста бұқпай суықтан

Айналысып спортпен,

Біз баламыз шыныққан.

Нұрсаят

Денсаулығы шып-шымыр,

Нақ өзіміз мықтының.

Илья

Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге кйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз.

Талғат.

Қысты қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Бәрі бірге

Салауаттылықты жақтаймын

Денсаулықты сақтаймын

Тұрамын ыстық жүректен

Баршаға саулық тілеп мен

Шын жүректен

Үлкен махаббатпен

Бәріңізге денсаулық тілеймін.

  1. Ұзын жіптермен жаттығулар жасау.

  1. Залды айналып жүріп, қолға ұзын жіпті алу.

  2. Жіпті жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүру.

  3. Жіп желкеде, табанның сыртқы жағымен жүру.

  4. Қол белде, жіп қолда, аяқты көтеріп жүгіру.

  5. Жіпті жоғары көтере отырып секіру. Жіптерді қойып кету.

  1. Тыныс алу жаттығулары

  1. Стрельникованың әдісі бойынша

«Трубамен ойна». Тік тұрамыз, аяқ бірге, қолды ауыз тұсына қойып, труба сияқты ұстап, демімізді ішімізге аламзы, демді шығарғанда ту-ту-ту деп дыбыстаймыз.

«Томар жару». Тік тұрамыз, аяқ арасы алшақ, қолды жоғары көтеріп тұрып, демімізді ішімізге аламыз, қолды тек екі аяқтың арасына түсіріп, демді шығарғанда бах-бах-бах деп дыбыстаймыз.

«Шыбынды ұстау». Тік тұрамыз, аяқ арасы алшақ, қолды бүгіп кеуде тұсына қойып, демімізді ішімізге аламыз да, қолды шапалақтағанда демді шығарып ш-ш-ш деп дыбыстаймыз.

  1. Арқаға арналған жаттығулар.

Дөңгелене жартылай шеңберге тұрған балалар сәл еңкейіп, бірінің арқасына бірі допты домалатады. Осы жаттығуды керісінше, келесі жақпен істейді.

Қане, балалар, енді апайларға өз білетін тақпақтарымызды жалғастырып, айтып берсек.

Диляра

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде.

Шамшырақ боп жанамыз,

Ағалардай атақты

Біз спортшы боламыз.

Нұрғиса

Суда жүзіп өсеміз,

Қырда жүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Жанель

Біз-балдырған баламыз

Жұлдыздай болып жанамыз.

Жүгір, секір, ойнағын,

Шынығып бір қаламыз.

Нұрай

Біз - өренбіз баптаған,

Жалынмен қақтаған.

Елімнің сенімін,

Ісімен ақтаған.

Нұрсұлтан

Жадырасын бойымыз,

Өркендесін ойымыз.

Би билейік, келіңдер,

Қызсын жарыс тойымыз.

Нұсқаушы: Балалар, енді назарымызды экранға аударайықшы.

  • Балалар мына суреттегі палуан ата кім?

  • – Қажымұқан ата.

  • Балалар бізде Қазақстанда қандай спортшыларды білесіңдер?

Слайдта спортшылар суреттері көрсетіледі, балалар соларды атайды.

Ортаға Жанайдар Лея спорттық биімен шығады.

Нұсқаушы: Жаттығуларымызды жалғастырайық

  1. Көзге арналған жаттығулар:

«Шармен ойна». Малдас құрып отыру, оң жақтағы шарларға көз қиығын салу, сосын сол жақтағы көк шарларға көз қиығын салып қарау.

Шарды биікке көтеріп, жоғары-төмен қарау.

Көзді ашып-жұмып жаттығулар жасау.

  1. Массаж жаттығулары. Құлақ жарғағына массаж.

Қ.ж.-түрікше отыру. (малдас құрып отыру)

1. Құлақ жарғағының шетін сипайды, сосын бақалшық ішін, құлақтың сыртын сипайды.

2. Құлақ жарғағын жоғары, төмен ақырын тартады. (5-6 рет әрбір жағын)

3. Құлақтың ұшын басады немесе сырға тағады.

4. Құлақтың ішін мүұсіндейді, жарғақтың ішін саусақпен 7-8 ре сағаттың бағытымен, сосын қарама-қарсы айналдырады (құлақ таза болсын деп).

Сұлу бетті мүсіндейді.

  1. маңдай, бет, мұрынды самайға дейін сипайды, терісін ақырын түртеді.

  2. Кеңсірікті саусақпен басады, қабақтың ортасында сағаттың тілі айналатын қозғалыс жасайды, сосын сағаттың тіліне қарыс 5-6 рет.

  3. Қабағын жігерлене түйіп, иілген сұлу кейіпке келеді, сосын қабағын кеңсіріктен самайға қарай шымшылап мүсіндейді.

  4. Көзін мүсіндейді, оның бұрыштарына басқылайды, кірпіктерін тарайды.

  5. Мұрынның маңайын басыңқырап, саусақты кеңсіріктен мұрынның ұшына әкеледі, мұрынды түрткілейді. Сосын Буратино үшін сұлу мұрын дайын болғаны елестетеді.

Мақсаты: Беттегі белсенді нүктелерге әсер ету арқылы суық тию, тұмақ ауруларынан сақтану. Қимылмен жұмыс істей білу.

Ойын «Буратино». Буратино өзінің сүйір мұрнымен күн көзін салады, сәбіз, ағаш салады.

  1. Баспен жеңіл дөңгелетіп, сағаттың бағытымен сосын қарама-қарсы қимыл жасайды.

  2. Баспен жан-жағына, төмен-жоғары қозғалыстар жасайды.

Мақсаты: Мойын омыртқасы бөлігінің жеңіл, қалықтаған қозғалыста жағымды түйсік сезіну. Мұрынмен ауада салған суреттердің қандай түйсік туғызатыын елестету, әңгімелеу.

Ойын массаж. «Есінеу» тыныс алу жолдарын байланысты: Ауызды жаппай, қайталап айту о-о-о-хо-хо-х.

Ұлттық ойындардан үзінді: «Орамал тарту».

Балалар ойын бастамақ,

Атын оның «Орамал тастамақ».

Жайғасайық шеңбер боп,

Отырмайық бос қарап.

Сергек болып сен, мен де

Дәл тұсыңа келгенде.

Орамалды алда, сен де

Тездетіп бер біреуге.

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-бірінңе орамалды береді. Орамалды берген бала, сол орнында қалады да, ал алған бала келесі балаға апарып береді. Бұл жаттығуды жүгіріп жүріп жасау керек.Бұл жержде шапшаңдықты дамытады.

Ойын массаж. Қол бұлшық еттеріне арналған жаттығу.

Қ.Ж. аяқ бірге. Тік тұрып, қолдың үстінен допты домалатамыз. Бірінші оң қолға, сонан соң сол қолға.

Саусақтарға арналған жаттығу «Шапалақта»

  • Ең әуелі бас бармақ кездесіп, шапалақтасады.

  • Сұқ саусақ кездесіп, шапалақтасады.

  • Ортаңғы саусақ кездесіп, шапалақтасады.

  • Аты жоқ саусақ кездесіп, шапалақтасады.

  • Шынашақ кездесіп, шапалақтасады.

12. Релаксация жаттығуы. «Қайықпен серуенге шығу».

Б.Қ. аяқты созып отыру, көзді жұму, денені босаңсыту.

Мен қайықпен ұзын жол саоып көл бетінде жүзіп келемін.

Көн өз шуағын айналаға шашып, құста сайрауда.

Иығым, қолым, денем, аяғыма жылу сезілді.

Көңіл-күйім тамаша..

Мен тік, әдемі жүзіп келемін.

Қайықты ескекпен есу маған ұнайды.

Барлығы өте тамаша.

Нұсқаушының сөзі:

Денсаулықты сақтаймыз,

Аяқ киімді шешіп тастаймыз.

Май табанға арналған,

Жаттығуды бастаймыз.

Май табанға арналған жаттығулар.

«Сылақшы» - кілем үстінде отырып,аяқты созып отыру. Оң аяқтың үлкен саусағымен сол аяқты сылау, сосын сол аяқтың үлкен саусағымен оң аяқты сылау.

«Жинаушы» - кілем үстінде отырып, жерде жатқан орамалды әуелі оң аяқпен, сосын сол аяқтың саусақтарымен көтеру, сосын сол аяқтың саусақтарымен көтеру.

«Сырғанақ» - кілем үстінде құм салынған бөтелкені әуелі оң аяқпен, сосын сол аяқпен домалату.

«Суретші» - (ақ бет, қағаз, қарындаш) кілем үстінде отырып, аяқты бүгіп, бір аяқпен қағазды ұстап тұрып, екінші аяқты қарындашпен салып шығады. Сонда әр баланың табанының суреті шығуы керек. Балалар салынған табанның суреттерін көрермендерге көрсетеді.

Нұсқаушы: Жақсы, балалар. Енді алдарыңда «денсаулық соқпағы» жатыр. Осы жолмен қазір өтіп, өз топтарыңа барасыңдар.

«Денсаулық соқпағы»:

  1. Түймелерден секіріп өту.

  2. Тығын тігілген кілеме үстінен жүру.

  3. Түймелерден жүгіріп өту.

  4. Қарындаштар тігілген кілемшелерден жүру.

  5. Қиыршық тас салынған қорапшалардан жүру.

  6. Фасоль салынған қорапшалардан жру.

  7. Тікенді кілемшеге төмелген тұздың үстінен жүру.

  8. Құм саынған қорапшалардан жүру.

  9. Суы бар ыдыстардан жүру

  10. Тікенді кілемшеге төселген сулы шүберектерге аяқтарын сүрту.

Рахмет, балалар!. Міне, осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жету үшін тек күресе білейік. «біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» деп Бернард Шоудың сөзімен бүгінгі ойынымызды аяқтаймын. Мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее