«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Дарындылар елі »

«Дарындылар елі »

Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі бірдей жаңғыруды бастан кешті. Оның бірі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің шаңырақ көтеруі болса, екіншісі «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасының мерзімінен бұрын орындалып, еліміздің мейлінше дамыған 50 елдің сатына енуі болды.

2017 жылдың 31қантарында Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жария етті. Жолдаудың негізгі өзегі болған үшінші жаңғыру мәселелері Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында қойылған міндеттердің бірі еді.

Сонымен, бүгінгі таңда еліміз жаhандық бәсекелестікке қол жеткізуге арналған үшінші жаңғыру жұмысын бастап кетті. Межеміз-2050жылға қарай

өркендеп дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Айтуға оңай болғанымен, бұл аса ауқымды,өте күрделі міндет екендігі айтпаса да түсінікті. Міне осынау күрмеуі қиын, бірақ мейлінше өзекті әрі көкейкесті міндетті шешу тетіктерінін ең негізгісі ретінде Елбасы өз мақаласында бүкіл қоғамның рухани жаңғыруы қажет екендігін атап өтіп, оны жүзеге асырудың бағытын ұсынып отыр.Олар: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірігейлікті сақтау;білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.

« Рухани жаңғырудың негізгі іргетасы ол ұлттық кодты сақтай білу, онсыз жаңғыру деген құр жаңғырыққа айналады» деді өз мақаласында Президент.

Біздің пайымдауымызша, халқымыздың ұлттық коды-қазақтың тілі, ділі, діні, материалдық және рухани мәдениеті мен салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары. Міне осылар топтаса келіп, қазақ халқының ұлттық менталитетін құрайды.Кез келген ел халқының айрандай ұйып, жұдырықтай жұмылуында

мемлекеттік тілдің алар орны айрықша. Ол –қоғамды топтастыруда теңдесі жоқ ерекше күш.Сондықтан да баршамыз Елбасының 2014жылғы

« Қазақстанжолы -2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болаша» атты Жолдауындағы қазақ тілінің мәңгі жасайтындығы туралы мәлімдемесін ту етіп ұстауға тиіспіз. Бұл, ең бірінші кезекте қазақ ұлтының өкілдеріне қатысты.

Осы орайда дағыстандық ақын, марқұм Расул Ғамзатовтың: « Егер ертең авар тілі өлер болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген аталы сөзі еске түседі.

Үшінші жаңғыру барысында нығая түсетін ұлттық рух-Президент ұсынған

«Мәнгілік ел» идеологиясын қалыптастырудың негізгі кепілі. Сондықтан да бұл идеологияның арқауы етіп халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, бізге мұра болып жеткен салт-дәстүрлеріміз бен әдеп-ғұрыптарымыз болуы керек деп санаймыз. Дана халқымызда « дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген ұлағатты сөз бар. Демек, озығын аламыз, тозығын тастаймыз. Рухани

жаңғыру дегеніміздің өзі, міне, осы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар халқымыздың, әсіресе, өскелен ұрпақтың моральдық бомасын қалыптасты- ратын аса құнды қазына. Оларды ұмыт қалдыру орны толмас зардаптарға әкеліп соғады. Осы орайда, күнделікті өміімізде орын алып отырған бірді-екілі келеңсіз құбылыстарға тоқтала кетсек.

Қазақтың салт –дәстүрлерінен туындаған мол қағидаттарының ішінде ең бастысы –перзентінің өзіне өмір сыйлаған ата-анасының алдындағы парызы мен қарызын, яғни борышын өтеуі. « Үлкенге құрмет кішіге ізет, ата-анаға қошемет» деп тәрбиелеген қазақ халқының барлық ұл-қыздары осы қағиданы мүлтіксіз орындап жүр деп айта аламыз ба? Қайдам, күмәніміз бар. Мың өліп, мың тіріліп, нәбір зобаланды бастан кешкен қазақ қоғамында бұрын –соңды ешқашан да Қарттар үйі деген болмаған. Әке-шешеге бейәдептілік көрсету, қол көтеру барып тұрған көргенсіздік болып табылған. Тіпті, Тәуке ханның Жеті жарғысында мұндай сорақылықтарға заң жүзінде тыйым салынып, тиісті жазалау шаралары қарастырылған.

Қазақста «әке-шешең жынды болса, байлап бақ» деген сөз бар. Ата-ананға

деген сүйіспеншілік сезім ән мен күй, термелерге арқау болған. Қазақ музыка өнерінің жарық жұлдыздары Шәмші мен Нұрғисаның « Ана туралы жыр»,

« Әкеме» деген әндерін алайықша. Екеуінің де өне бойы тұнып тұрған тәрбие мен тағлым емес пе? Ата-анасын ардақтап сыйламаған ұрпақтан Отанның шынайы патриоты шығады деуіміз бос сөз, құрғақ қиял.

Еліміздің рухани жаңғыруында ерекше орын алуы тиіс мәселе –бұл қазақ қызының бүгінгі таңдағы моральдық болмысы мен кескін-келбеті. Қазақ халқы ежелден –ақ қызды ерекше қастерлеп құрметтеген.

Төрден орын берген, тіпті қыздың әкесі де отан қарап дауыс көтермеген. Қызды қонақ деп қадірлеген, жатжұрттық деп аялаған. Сондықтан оларға берілетін тәлім –тәрбиеге ерекше мән берген. «Қыз қырық үйден тыйым», Қыздың жолы женішке» деген ұлағатты сөздер –бұрыңғыдан қалған ұлтты педагогикамыздың інжу-маржандары. Осындай мазмұны мен мәні терең қағидаттардан нәр алып сусындаған қазақ қыздары Исрайыл ақынның

«бәрін айт,бірін айт та, лайықсың, қазақ қызы деген ғажап атқа деп жырлауына негіз болған. Қыз бала- ертенгі ана.

Шаңырақтың шайқалмай берік болуы әйел –анаға тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ. «Әйел –үйдің туы» деген.

Тәулсіздік жылдарында саяси-экономикалық,әлеуметтік салаларда алынған асулар мен бағындырған белестер аз болған жоқ. Десек те рухани өмірімізде көңілге кірбің ұялататын кемшіліктер,де жоқ емес. Соның салдары болса керек, біраз қыздарымыз көшеге түсіп кетті.Сол қыздар –ертеңгі аналар.

Олардың ұл-қыздары қандай болмақ деп ойлағанда өне бойынды ұрей билейді. Өйткені қазақ Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген.

Қалаларда жезөкшелер үйі (притон) дегендер пайда болып, ол алтын бесік-ауылға дейін жетті.

Бұл аз болғандай шет мемлекеттердің бірінде өткен « көгілдірлер» шеруінде біздің бір қандасымыз мемлекеттік туымыз-көк байрақты желбіретіп жүріпті. Енді бұған не дерсің? Не десен де олардың қазақ әлемі үшін жиіркенішті, қатерлі құбылыстар екендігін мойындайсың. Сондықтан бүкіл қоғам болып жастарға тәлім –тәрбие беру жұмыстарындағы ата-бабадан қалған салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды жеделдете жаңғырту қажет. Елбасы айтып отырған қоғамдық гуманитарлық пәндерді оқытуды жаңа деңгейге көтеру керек. Жоғарғы оқу орны студенттері философия, тарих, саясаттану тағы да басқа пәндерді оқуды XX- ғасырдан бері ғана емес, ежелгі дәуірден бастауы керек. Өйткені салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар ежелден бастау алады.

Ұлттық менталитетіміздегі біз мақтаныш тұтатын ерекше бір қасиет –бұл халқымыздың меймандостығы мен қонақжайлылығы. Салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптардан түйінделген « кел демек бар да, кет демек жоқ», бермегенді беріп ұялт», «таспен ұрғанды аспен ұр» деген сөз мәйектері осының айғағы.Сондай –ақ, қазақ халқы «малым-жанымның, жаным-арымның садақасы» деп ар намысты бәрінен де биік қойған. Сондықтан да өз өктемдігін жүргізгісі келген кейбіреулерге «қонақ қойдан да жуас», « жаман үйді қонағы билейді деген. Немесе «шаңыраққа қара, бауырым» деп сыпайы ғана ескертіп отырған.

Жасыратыны жоқ, патшалық және кеңестік кезеңдерде отаршылдар тарапынан жүргізілген репрессиялық жазалау шаралар халқымыздың рухын жаншып, құлдық психологияның қалыптасуына ықпал етті.

Ендігі міндет –жастарды ата-бабадан қалған « Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», « Айтылмаса, сөздің атасы өледі» деген ұлағатты қағидаларға сай тәрбиелеу. Жастарымыз ыңжық жалтақ болмай өсуі тиіс.

Мақаладағы әліпбиіміздің латын қаріпіне көшу мәселесінің нақтылануы, сөз жоқ, тарихы әділеттіліктің салтанат құруы болмақ.1940 жылға дейін қолданыста болған латын әліпбиі қайта қалпына келсе қызыл империяның солақай шешімі де бақилық болады.

Елбасы мақаласындағы әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне тәржімелеу «Туған жер», « Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламаларын толықтай қолдай отырып, оларды дайындап жатқан Ұлттық комиссия жұмысына табыс тілейміз. Өз тарапымыздан айтар нақты ұсыныстарға келсек, 100 жаңа есім санатына өзінің жеке басының жерлестерінің мүддесінен жалпы ұлттық мүддені жоғары қойыған азаматтар енуі тиіс деп санаймыз. Ал, еліміздің киелі жерлері құрамында «Қалмақ құрылған», Орбұлақ және Аңырақай шайқастары өткен өңірлер болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сөз соңында айтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары-қазақ елінің кескін-келбеті, болмыс бітімі. Рухани жаңғыруымыздың ең тиімді тетігі. Ғасырларға созылған тарихымыздың айнасы. Сондықтан да біз оларды жадымыздан шығармай жаңғыртайық.

«Өткенге топырақ шашпа, шашсаң болашақта саған тас атады» деген

ата-баба өсиетін әрдайым есте ұстайық!

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасының

Білім және Ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

Шаян көп салалы лицей - жалпы орта мектебі.










Тақырыбы: «Дарындылар елі »



Оқушы: Сағынтай Айша





Информатика пәні мұғалімі: Султанбекова Бибигуль









Шаян ауылы 2017 - 2018 оқу жылы

Фамилиясы: Сағынтай





Аты: Айша







Туған жылы 18.07.2003









Оқу орны Шаян көп салалы лицей- жалпы орта мектебі







Сыныбы: 9 « А » сынып





Тақырыбы: «Дарындылар елі »





Н. Назарбаев: « Мен халқымның тағлымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық бастауын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын».

«Дарындылар елі »

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың

« Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты мақаласы мазмұны мен мәні аса терең тарихи құжат іспетті. Мақаланың атауының өзі айтып тұрғандай, болашақта атқарылар іс-қимылдарымызды айшықтап берген құнды бағдарлама.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі бірдей жаңғыруды бастан кешті. Оның бірі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің шаңырақ көтеруі болса, екіншісі «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасының мерзімінен бұрын орындалып, еліміздің мейлінше дамыған 50 елдің сатына енуі болды.

2017 жылдың 31қантарында Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жария етті. Жолдаудың негізгі өзегі болған үшінші жаңғыру мәселелері Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында қойылған міндеттердің бірі еді.

Сонымен, бүгінгі таңда еліміз жаhандық бәсекелестікке қол жеткізуге арналған үшінші жаңғыру жұмысын бастап кетті. Межеміз-2050жылға қарай

өркендеп дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Айтуға оңай болғанымен, бұл аса ауқымды,өте күрделі міндет екендігі айтпаса да түсінікті. Міне осынау күрмеуі қиын, бірақ мейлінше өзекті әрі көкейкесті міндетті шешу тетіктерінін ең негізгісі ретінде Елбасы өз мақаласында бүкіл қоғамның рухани жаңғыруы қажет екендігін атап өтіп, оны жүзеге асырудың бағытын ұсынып отыр.Олар: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірігейлікті сақтау;білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.

« Рухани жаңғырудың негізгі іргетасы ол ұлттық кодты сақтай білу, онсыз жаңғыру деген құр жаңғырыққа айналады» деді өз мақаласында Президент.

Біздің пайымдауымызша, халқымыздың ұлттық коды-қазақтың тілі, ділі, діні, материалдық және рухани мәдениеті мен салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары. Міне осылар топтаса келіп, қазақ халқының ұлттық менталитетін құрайды.Кез келген ел халқының айрандай ұйып, жұдырықтай жұмылуында

мемлекеттік тілдің алар орны айрықша. Ол –қоғамды топтастыруда теңдесі жоқ ерекше күш.Сондықтан да баршамыз Елбасының 2014жылғы

« Қазақстанжолы -2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болаша» атты Жолдауындағы қазақ тілінің мәңгі жасайтындығы туралы мәлімдемесін ту етіп ұстауға тиіспіз. Бұл, ең бірінші кезекте қазақ ұлтының өкілдеріне қатысты.

Осы орайда дағыстандық ақын, марқұм Расул Ғамзатовтың: « Егер ертең авар тілі өлер болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген аталы сөзі еске түседі.

Үшінші жаңғыру барысында нығая түсетін ұлттық рух-Президент ұсынған

«Мәнгілік ел» идеологиясын қалыптастырудың негізгі кепілі. Сондықтан да бұл идеологияның арқауы етіп халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, бізге мұра болып жеткен салт-дәстүрлеріміз бен әдеп-ғұрыптарымыз болуы керек деп санаймыз. Дана халқымызда « дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген ұлағатты сөз бар. Демек, озығын аламыз, тозығын тастаймыз. Рухани

жаңғыру дегеніміздің өзі, міне, осы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар халқымыздың , әсіресе, өскелен ұрпақтың моральдық бомасын қалыптасты- ратын аса құнды қазына. Оларды ұмыт қалдыру орны толмас зардаптарға әкеліп соғады. Осы орайда, күнделікті өміімізде орын алып отырған бірді-екілі келеңсіз құбылыстарға тоқтала кетсек.

Қазақтың салт –дәстүрлерінен туындаған мол қағидаттарының ішінде ең бастысы –перзентінің өзіне өмір сыйлаған ата-анасының алдындағы парызы мен қарызын, яғни борышын өтеуі. « Үлкенге құрмет кішіге ізет, ата-анаға қошемет» деп тәрбиелеген қазақ халқының барлық ұл-қыздары осы қағиданы мүлтіксіз орындап жүр деп айта аламыз ба? Қайдам, күмәніміз бар. Мың өліп, мың тіріліп, нәбір зобаланды бастан кешкен қазақ қоғамында бұрын –соңды ешқашан да Қарттар үйі деген болмаған. Әке-шешеге бейәдептілік көрсету, қол көтеру барып тұрған көргенсіздік болып табылған. Тіпті, Тәуке ханның Жеті жарғысында мұндай сорақылықтарға заң жүзінде тыйым салынып, тиісті жазалау шаралары қарастырылған.

Қазақста «әке-шешең жынды болса, байлап бақ» деген сөз бар. Ата-ананға

деген сүйіспеншілік сезім ән мен күй, термелерге арқау болған. Қазақ музыка өнерінің жарық жұлдыздары Шәмші мен Нұрғисаның « Ана туралы жыр» ,

« Әкеме» деген әндерін алайықша. Екеуінің де өне бойы тұнып тұрған тәрбие мен тағлым емес пе? Ата-анасын ардақтап сыйламаған ұрпақтан Отанның шынайы патриоты шығады деуіміз бос сөз, құрғақ қиял.

Еліміздің рухани жаңғыруында ерекше орын алуы тиіс мәселе –бұл қазақ қызының бүгінгі таңдағы моральдық болмысы мен кескін-келбеті. Қазақ халқы ежелден –ақ қызды ерекше қастерлеп құрметтеген.

Төрден орын берген, тіпті қыздың әкесі де отан қарап дауыс көтермеген . Қызды қонақ деп қадірлеген, жатжұрттық деп аялаған. Сондықтан оларға берілетін тәлім –тәрбиеге ерекше мән берген. «Қыз қырық үйден тыйым», Қыздың жолы женішке» деген ұлағатты сөздер –бұрыңғыдан қалған ұлтты педагогикамыздың інжу-маржандары. Осындай мазмұны мен мәні терең қағидаттардан нәр алып сусындаған қазақ қыздары Исрайыл ақынның

«бәрін айт,бірін айт та, лайықсың, қазақ қызы деген ғажап атқа деп жырлауына негіз болған. Қыз бала- ертенгі ана.

Шаңырақтың шайқалмай берік болуы әйел –анаға тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ. «Әйел –үйдің туы» деген.

Тәулсіздік жылдарында саяси-экономикалық ,әлеуметтік салаларда алынған асулар мен бағындырған белестер аз болған жоқ. Десек те рухани өмірімізде көңілге кірбің ұялататын кемшіліктер,де жоқ емес. Соның салдары болса керек, біраз қыздарымыз көшеге түсіп кетті.Сол қыздар –ертеңгі аналар.

Олардың ұл-қыздары қандай болмақ деп ойлағанда өне бойынды ұрей билейді. Өйткені қазақ Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген.

Қалаларда жезөкшелер үйі (притон) дегендер пайда болып, ол алтын бесік-ауылға дейін жетті...

Бұл аз болғандай шет мемлекеттердің бірінде өткен « көгілдірлер» шеруінде біздің бір қандасымыз мемлекеттік туымыз-көк байрақты желбіретіп жүріпті. Енді бұған не дерсің? Не десен де олардың қазақ әлемі үшін жиіркенішті, қатерлі құбылыстар екендігін мойындайсың. Сондықтан бүкіл қоғам болып жастарға тәлім –тәрбие беру жұмыстарындағы ата-бабадан қалған салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды жеделдете жаңғырту қажет. Елбасы айтып отырған қоғамдық гуманитарлық пәндерді оқытуды жаңа деңгейге көтеру керек. Жоғарғы оқу орны студенттері философия, тарих, саясаттану тағы да басқа пәндерді оқуды XX- ғасырдан бері ғана емес, ежелгі дәуірден бастауы керек. Өйткені салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар ежелден бастау алады.

Ұлттық менталитетіміздегі біз мақтаныш тұтатын ерекше бір қасиет –бұл халқымыздың меймандостығы мен қонақжайлылығы. Салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптардан түйінделген « кел демек бар да, кет демек жоқ», бермегенді беріп ұялт», «таспен ұрғанды аспен ұр» деген сөз мәйектері осының айғағы.Сондай –ақ, қазақ халқы «малым-жанымның, жаным-арымның садақасы» деп ар намысты бәрінен де биік қойған. Сондықтан да өз өктемдігін жүргізгісі келген кейбіреулерге «қонақ қойдан да жуас», « жаман үйді қонағы билейді деген. Немесе «шаңыраққа қара, бауырым» деп сыпайы ғана ескертіп отырған.

Жасыратыны жоқ, патшалық және кеңестік кезеңдерде отаршылдар тарапынан жүргізілген репрессиялық жазалау шаралар халқымыздың рухын жаншып, құлдық психологияның қалыптасуына ықпал етті.

Ендігі міндет –жастарды ата-бабадан қалған « Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», « Айтылмаса, сөздің атасы өледі» деген ұлағатты қағидаларға сай тәрбиелеу. Жастарымыз ыңжық жалтақ болмай өсуі тиіс.

Мақаладағы әліпбиіміздің латын қаріпіне көшу мәселесінің нақтылануы , сөз жоқ, тарихы әділеттіліктің салтанат құруы болмақ.1940 жылға дейін қолданыста болған латын әліпбиі қайта қалпына келсе қызыл империяның солақай шешімі де бақилық болады.

Елбасы мақаласындағы әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне тәржімелеу «Туған жер», « Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламаларын толықтай қолдай отырып, оларды дайындап жатқан Ұлттық комиссия жұмысына табыс тілейміз. Өз тарапымыздан айтар нақты ұсыныстарға келсек, 100 жаңа есім санатына өзінің жеке басының жерлестерінің мүддесінен жалпы ұлттық мүддені жоғары қойыған азаматтар енуі тиіс деп санаймыз. Ал, еліміздің киелі жерлері құрамында «Қалмақ құрылған», Орбұлақ және Аңырақай шайқастары өткен өңірлер болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сөз соңында айтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары-қазақ елінің кескін-келбеті, болмыс бітімі. Рухани жаңғыруымыздың ең тиімді тетігі. Ғасырларға созылған тарихымыздың айнасы. Сондықтан да біз оларды жадымыздан шығармай жаңғыртайық.

«Өткенге топырақ шашпа, шашсаң болашақта саған тас атады» деген

ата-баба өсиетін әрдайым есте ұстайық!












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее