«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Алтын күз" ертеңгілігі

« Алтын күз!» атты бастауыш сыныптар арасында өтілген

мектепішілік іс-шараның сценариі

Мақсаты:

Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.

Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті,жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ұқыптылыққа,шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, нақыл сөздер, шар.

Қатысушылар: даярлық,1-4 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

Жүргізуші: Шөп сарғайып, Өңі тайып. Дала сұры қашады Бой жаза алмай, Денең мұздап тоңады Айтшы Бекзат Бұл қай кезде болады?

Жүргізуші: Қазан болды молшылық Дәулет қорын қалады Заңғар көкке жол сызып, Құстар қайтып барады Бұл құбылыс. Күзде ғана болады.

Жүргізуші: Көк аспаным мөлдіреп, Шуақты көзім елжіреп Асыр салып жүретін Сары көйлегім желбіреп, Айтшы Бекзат Бұл қай мезгілдің келгені.

Жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз,алтын күз Дәнге толы кең далам Дариядай шалқар күз,

.,бұл Алтын күздің келгені.

Жүргізуші: Армысыздар Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!

Жүргізуші: Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достар. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Жүргізуші:

Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!

Ортаға себет толы жемістері бар Күз келеді. (қол соғып қарсы алу)

Күз:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

Жүргізуші::

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

Күз: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

Жүргізуші: Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.

Жүргізуші: Алтын күз, оқушыларымызбен бірге болып, сізге арнаған сый құрметтерін тамашалаңыз.

Жүргізуші::

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Сайысты біз бастайық.

Жүргізуші:: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші:: Қайсысы әнші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық! – деп, жиналған қауымды бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.

Байқау бағдарламасы:

  1. Таныстыру
  2. Сұрақ-бізден,жауап-сізден
  3. Күзгі композиция
  4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету)
  5. Күзгі тағам
  6. Сән үлгісі.

1. Жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетер дейміз, Әлі талай сынақтардан өтер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, топтардың таныстыруына кезек берейік.

2. Жүргізуші::

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей, Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

Шарты: әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

Бірінші даярлық тобын шақырамыз. Сұрақтарды дұрыс,мұқият тыңдап,жауабын беріңіздер.

Сұрақтар:

1.Жанды,жансыз заттарды тап.

Шырша,ит,тас,су,қоңыз,асықтар.

2.Өсімдіктер қандай топқа бөлінеді? (ағаш,бұта,шөп).

3.Өсімдік бөліктерін ата.(тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым).

1.Артық сөзді тап.

Емен,мамыргүл,алма ағашы,қарағай. (мамыргүл).

2.Өсімдік гүлінің орнында не болады? (жеміс).

3.Бір сөзбен ата.

Шырша,емен,қайың. (ағаш)

1.Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?(60-80 рет).

2.Адам қаңқасы неден тұрады? (бас,кеуде,қол,аяқ сүйектері).

3.Адамда неше жұп қабырға бар? (12 жұп)

1.Жазық нешеге бөлінеді?(2-ге: тегіс және төбелі)

2.Жыра деген не?(Жыра судың жер бетін жырып,тілімделуінен пайда болады).

3.Қазақстандағы ең ірі жазықты ата.(Солтүстік қазақ жазығы).

3. Жүргізуші:

Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген алатын.

Жадырап жан сарайын,

Демалып бір қалатын – дей келе, «Күзгі композиция» деп аталатын сайысымыздың келесі бөлімінде әр топтың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз.

(Әр топтан шығып, композицияларын қорғайды.)

4. Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреуі ән салыпты. «Алтын күз» жарысынан бәйге алуға, Топтар аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып, сайысымыздың «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімін бастаймыз. (Әр топ өзінің дайындап әкелген өз өнерлерін көрсетеді.)

5. Жүргізуші:

Көрсетіп өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Меркелік ас мәзірін сәндеп

Әкелді күзгі тағам әзірлеп.

Келесі бөліміміз: «Күзгі тағам» сайысы. 5 топтан бір оқушыдан шығып өз тағамын қорғайды:

6.Жүргізуші:

Ал, халайық, ықыласпен демелік,

Топтардың сән үлгісін көрелік.

Сырыменен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік

Сайысымыздың «Сән үлгісі» бөлімін бастаймыз.

Жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,

Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,

Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,

Ән-шашуын біздерге алып келген,

Әншімізді ортаға шақырайық.

дей келе, «Күзгі вальс» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Келешекте әрі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар Өнерлілер көбейсін күннен –күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыздың жеңімпаз тобын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

Жүргізуші: (Күзге қарап)

-Алтын күз, бізбен бірге болғаныңыз қандай жақсы!

Алтын Күз:

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Уақыт өтпес бірліксіз

Бақыт келмес тірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер!

-Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салып жатсыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Жүргізушілер: Қош сау болыңыз, Алтын күз!

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен мерекеміз аяқталды.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары селосы

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»ММ

бастауыш сынып мұғалімі С.А.Казангапова




« Алтын күз!» атты бастауыш сыныптар арасында өтілген

мектепішілік іс-шараның сценариі

Мақсаты:

Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүюге,сақтауға  үйрету.

Инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті,жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Ұқыптылыққа,шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахнада  күз  көріністері, нақыл  сөздер,  шар.

Қатысушылар: даярлық,1-4 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:

Жүргізуші:
Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Бекзат
Бұл қай кезде болады?

Жүргізуші:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс ...
Күзде ғана болады.

Жүргізуші:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Бекзат
Бұл қай мезгілдің келгені.

Жүргізуші:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз,

....,бұл Алтын күздің келгені.

Жүргізуші:
Армысыздар Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!

Жүргізуші:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достар.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Жүргізуші:

Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!

Ортаға себет толы жемістері бар Күз  келеді. (қол соғып қарсы алу)

Күз:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты..

Жүргізуші::

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

Күз:   Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

Жүргізуші:   Иә, біз сізді байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.

Жүргізуші:   Алтын күз, оқушыларымызбен бірге болып, сізге арнаған сый құрметтерін тамашалаңыз.  

Жүргізуші::

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Сайысты біз бастайық.

Жүргізуші::
Әділқазы , ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші::
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, жиналған қауымды бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен  таныстырып өтейік.

Байқау бағдарламасы:

  1. Таныстыру

  2. Сұрақ-бізден,жауап-сізден

  3. Күзгі композиция

  4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету)

  5. Күзгі тағам

  6. Сән үлгісі.

1. Жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетер дейміз,
Әлі талай сынақтардан өтер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер дейміз, — дей келе, топтардың таныстыруына кезек берейік.


2. Жүргізуші::

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

Шарты: әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

Бірінші даярлық тобын шақырамыз. Сұрақтарды дұрыс,мұқият тыңдап,жауабын беріңіздер.


Сұрақтар:

1.Жанды,жансыз заттарды тап.

Шырша,ит,тас,су,қоңыз,асықтар.

2.Өсімдіктер қандай топқа бөлінеді? (ағаш,бұта,шөп).

3.Өсімдік бөліктерін ата.(тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым).


1.Артық сөзді тап.

Емен,мамыргүл,алма ағашы,қарағай. (мамыргүл).

2.Өсімдік гүлінің орнында не болады? (жеміс).

3.Бір сөзбен ата.

Шырша,емен,қайың. (ағаш)


1.Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?(60-80 рет).

2.Адам қаңқасы неден тұрады? (бас,кеуде,қол,аяқ сүйектері).

3.Адамда неше жұп қабырға бар? (12 жұп)


1.Жазық нешеге бөлінеді?(2-ге: тегіс және төбелі)

2.Жыра деген не?(Жыра судың жер бетін жырып,тілімделуінен пайда болады).

3.Қазақстандағы ең ірі жазықты ата.(Солтүстік қазақ жазығы).

3. Жүргізуші:

Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген алатын.

Жадырап жан сарайын,

Демалып бір қалатын – дей келе, «Күзгі композиция» деп аталатын сайысымыздың келесі бөлімінде әр топтың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз.

(Әр топтан шығып , композицияларын қорғайды.)


4. Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Алтын күз» жарысынан бәйге алуға,
Топтар аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып, сайысымыздың «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімін бастаймыз. (Әр топ өзінің дайындап әкелген өз өнерлерін көрсетеді.)

5. Жүргізуші:

Көрсетіп өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Меркелік ас мәзірін сәндеп

Әкелді күзгі тағам әзірлеп.

Келесі бөліміміз: «Күзгі тағам» сайысы. 5 топтан бір оқушыдан шығып өз тағамын қорғайды:

6.Жүргізуші:

Ал, халайық, ықыласпен демелік,

Топтардың сән үлгісін көрелік.

Сырыменен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік 

Сайысымыздың «Сән үлгісі» бөлімін бастаймыз.

 Жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,

Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,

Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,

Ән-шашуын біздерге алып келген,

Әншімізді  ортаға шақырайық.

дей келе, «Күзгі вальс» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып , «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыздың жеңімпаз тобын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

Жүргізуші: (Күзге қарап)

-Алтын күз, бізбен бірге болғаныңыз қандай жақсы!

Алтын Күз:

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Уақыт өтпес бірліксіз

Бақыт келмес тірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер!

-Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салып жатсыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Жүргізушілер: Қош сау болыңыз, Алтын күз! 

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен мерекеміз аяқталды.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее