«Зимний фестиваль знаний 2025»

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

"Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған. Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік. Ересектер тобы.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Күні: 01.11.2017 ж.

Өтілу түрі: Ертеңгілік

Мақсаты: балаларды рөлдерге бөлініп сахналай білуге үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, болатын өзгерістерді сезіне білуге үйрету. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Экраннан жапырақтар видеосы көрсетіледі

Ж.Аянат: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,

Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

Балалар қолдарына жапырақ ұстап сахнаға шығады

Дильназ: Я с листочком покружусь,

Своей маме поклонюсь,

Вот так… Своей маме поклонюсь,

Вот так… Своей маме поклонюсь,

Айтолқын: А теперь мои друзья,

За листочек спрячусь я!

Вот так… За листочек спрячусь я!

Вот так… За листочек спрячусь я!

Балалар талдың жанына отырады.

Тал(Ақерке): Баршаңызға жеміс сыйлап,

Жазда жайнап жайқалам

Жапырақтарым сылдырлап,

Күзде тоңып сарғаям

-Қош келдіңдер, достарым. Мен желмен бірге жайқалып ән айтқым келіп тұр.Қане, барлығымыз күзге сәлем жолдап ән шырқайық.

Ән: «Күзге сәлем»

Кенеттен найзағай дауысы естіледі

Тал: Достарым, қараңдаршы, жаңбыр жауып жатыр. Демек, бүгін біреуге мереке. Кім үшін мереке екенін білу үшін жұмбақ шешіп алайық.

Жұмбақ

Жұмсаң жұдырық, ашсаң алақан

Ыстықта, жауында серігің балақан

Балалар: Қолшатыр

Жаңбыр тырсылы естіледі

Тал: Ой, достарым, жаңбыр жауып жатыр. Тез қолшатырды шақырайық, бүгін оның мерекесі ғой.

Қолшатыр(Аянат): Келдім міне сендерге

Мерекені тойлауға

Жаңбырдан бәрін қорғаймын

Үстеріңді су қылмаймын.

Қолшатыр шығады.

Ағылшын тілінде «Күз» туралы ән.


Тал: Ормандағы достарым, сіздермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Менің жаныма келіңіздер.

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Шарты: Ортаға жапырақтар мен тамшыларды шашып тастайды. Көңілді әуен ойналып, жүргізуші «күн» дегенде, балалар бір себетке жаңбыр тамшыларын, ал, екінші себетке жапырақтарды жинау керек, жаңбыр жауғанша тездетіп жинау керек. Ал, жаңбырдың дыбысы естіліп, жүргізуші «жаңбыр» дегенде балалар қолшатырдың астына жасырынады. Ойын басталмас бұрын жүргізуші екі себетті ортаға қойып, біріне тамшыларды, біріне жапырақтарды, жаңбыр жауғанша тездетіп жинау керектігін ескертеді.

Ән: «Ах, какая осень»

Жаңбырдан кейін саңырауқұлақ шығады

Саңырауқұлақ(Рамазан): Жаңбыр жауса өнеміз

Бойлап біздер өсеміз.

Қолшатыр: Достар мен бүгін мерекегеби үйреніп келдім. Барлығымыз билеп көрейікші.

Би: «Күн»

Бұлт жүгіріп шығады

Бұлт(Есенай): Апч – хи, апч – хи, балалар!

Қолшатыр: Сау болыңыз!

Бұлт(Есенай): Ой, бұл менде асқынбалы.

Қолшатыр: Сіз енді бәрімізге жұқтырасыз ғой.

Бұлт желпуішпен жүгіріп, балаларға желпиді, су шашады(әуен қосылып тұрады)

Қолшатыр: Тоқтаңыз, тоқтаңыз құрметтім

Мұндай бассыздықты көрмедім

Мерекеге бұлай кірмегің

Бұлт(Есенай): Иә, мерекеге мен келдім

Өзіммен шалшық әкелдім

Ойын ойнап көрейік

Шалшықтан қане секірейік

Ойын: «Шалшықтан секір» (балалармен)

Құлпынай(Әділет) : Құрметті аға бұлтеке

Аяқта бір галош бұл неге?

Осылай шалшықтан секіріп

Ауырасыз бекерге

Сізге тосап берейін

Жүріңіз шәйді демдейін

Бұлт: Апч – хи, апч – хи

Бұлт пен құлпынай кетіп қалады


Қолшатыр(Аянат): Менде бірге кетейін

Бұлтқа көмек берейін

Жыртық қолшатырдың орнына

Жаңа болып жүрейін

Кенеттен ортаға құс келеді

Кірпі (Шадияр): Ой ребята, тише, тише

Что-то странное я слышу

Кто-то к нам сюда спешит

И как будто бы шуршит


Қоян секіріп ортаға шығады

Hare-Ернұр

Hare: I get hungry. I’d better look for something to eat. Hooray!!! Carrots, Cabbages are my favourite. I’ll make some salad.

Walking in the wood

I found some food for me

I am a little hare

so happy can’t you see!

Hare(Ернұр): ай гэт хангри. Айд бэттэ лук фо самиң ту ит. Хюрэй!!! Карэтс. Кабэджэс а май фэйвэрит. Айл мэйк сам салад!

Уокиң ин зэ ууд

Ай фаунд сам фуд фо ми

Айм э литл хэа

Соу хаппи кант ю сии!


Tomato- Аянат

I am a tasty tomato ай эм э тэйсти томатоу

I am red and round ай эм рэд анд раунд

so juicy and sweet соу джюси анд суйт

I am yummy to eat ай эм ямми ту ит


Cabbage- Қ. Шаттық

Cabbage is very healthy кабэдж из хэлси

will make you strong and brainy уил мэйк ю стронг анд брэйни

you can wear one on your head ю кан уэ уан он е хэд

when it's cold and rainy уэн итс коулд анд рэйни


Кірпі-У. Шаттық

Хэлоу, литл хэа, лук аплз

Уанд эфул оу, машрумс, уыс!

Ай лайк машрумс литл хэа

Аил мэйк салад ту!


Mushroom-Елнұр

I am funny mushroom ай эм фанни машрум

I grow so fast and zoom ай гроу соу фаст анд зум

I taste so good on pizza ай тэйст соу гуд он пицца

but also on salad too бат олсоу он салад ту


Rain, Rain go away!!! (Жаңбыр туралы ән) А.Аянат

Rain, rain go away Рэйн, рэйн, гоу эуэй

Come again another day кам эген, аназэ дэй

Little kitten wants to play литл киттэн уонтс ту плэй

Rain, rain go away рэйн, рэйн гоу эуэй


Би: «Кірпілер» биі (Достық биі)

Қоян мен кірпі шығып кетеді

Ән: «Алтын күз»хор

Флешмоб биімен ертеңгілік аяқталады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее