«Зимний фестиваль знаний 2025»

Аққала бізде қонақта

Қыс мезгілі туралы мәлімет беру.Аққаланың қандай,неден жасалатынын түсіндіру.Аққалағ көмектесу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: Көңілді аққала
Мақсаты: Аққала туралы түсінік беру

Білімділік:Аққала суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу қажеттілігін үйрету.

Дамытушылық: Қылқаламды жуан,жіңішке дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру байқампаздығын дамыту;

Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке,табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Аққала суреттері слайд интеративтік тақта.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Билингвальді компонент: қар-снег,аққала- снеговик.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

Шаттық шеңбері:

Аула сырты баққа да

Тұрғызамыз аққала!

Аққаланы айналып

Ойнаймыз біз шаттана

Аққала,аққала

Сені жасап мақтана,

Қорғауменен жүреміз

Бұздырмастан басқаға

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз сурет салу. Тақырыбы: «Көңілді аққала»

- Балалар, жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Төрт мезгілге -Қазір жылдың кай мезгілі?

-Қыс мезгілі .Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан

- Дұрыс айтасыңдар.

Қыс-зима,қар-снег,аққала-снеговик

Тәрбиеші: Балалар,сезесіңдер ме топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді,тақылдап біреу келе жатқан сияқты. Бізге қонаққа кім келді.

Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендермен кезескеніме өте қуаныштымын.Мен қысты жақсы көремін.Қыста қар жауады.Қар ұшқындап жапалақтап,борандатып жауады. Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын
Мен ешкім өсірген жоқ

Қыста ғана боламын,

Көздерім қара көмірден,

Мұрным менім сәбізден,

Суықпын,аппақпын

Мен кім екенмін?

Балалар: Жауабы аққала

Аққала:Мені неге осылай атайды?

Балалар:Себібі сізді қардан жасайды.

Аққала: Мен неше дөңгелектен тұрамын?

Балалар:Үш дөңгелек үлкен,орташа кішкентай.

Аққала: Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұрғаны

Ойын: «Аққала құрастыру»

Менде мынадай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық..

Жансеңгір Аққаламыз жүрмейді,

Ойнап бізбен күлмейді.

Қалжаңдап қар атса да,

Сөз қайтару білмейді.

Айару

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен, сүйеді

. Жиналып ап бар бала,

Тұрғызамыз аққала.

Тимур

Әппақ,әппақ,жапалақтап

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала,барлық бала,

Қуанып жүр далада

Темірлан

Көкті бұлт тұмшалап

Жер ақ тонан киеді

Шұнақ,аяз шымшылап,

Аяз бетінен сүйеді.

Аққала: Балалар мен сендермен бір сергіп жаттығу жасағым келіп тұр.

Сергіту сәті

Домаланып ақ қарды,

Ұлпа қарлар,жасаймыз

Үлкен,кіші,орташа,

Дөңгелектеп құраймыз

Мұрнын жасап сәбізден,

Баскиімін-шелектен.

Көңілденіп ,секіріп,

Аққаланы жасаймыз

Тәрбиеші:Балалар біздің Аққала көңілсіз тәрізді!

Аққала:Сендерге жақсы ,көңілді,бәрің бірге жүресіңдер.Мені балалар жалғыз қалдырып,үйлеріне кетіп қалады.Содан менім көңілім құлазиды.Мына суретте де мен жалғызбын.

Тәрбиеші:Біз балалармен саған көмектесейік,көп дос тауып беріп көңіліңді көтерейік. Балалар енді осы аққаланың суретін көңілді етіп салайық.Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түс керек.Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен-бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетеді.Аққаланың бейнесі анық көрінуі үшін басына шелек суретін салуды,мұрны сәбізден бола алатынын ескертеді.Қарды көгілдір түспен бояуға болады.Балалар аққаланың суреттерін салады

Аққала: Балалар сендерге үлкен рахмет!Маған енді қорқынышты емес менің енді достарым көп.Мен енді көңілді аққаламын.Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін. Қорытындылау:

-Балалар жыл мезгілі нешеге бөлінеді екен?

-Қыс мезгілі неше айға бөлінеді?

-Қандай табиғи құбылыстар болады?

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее