«Зимний фестиваль знаний 2025»

Адамның жан сұлулығы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мерзiмі:

Сынып: 5 «Б»

Тақырып: Адамның жан сұлулығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,татулық, қамқорлық

Мақсаты: оқушыларға адамның жан сұлулығы ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Оқушыларға қамқорлық жасаудың мәнін ұғындыру;

2. Оқушылардың бойында мейірімділік қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 Т: Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру

4-сабақ. 17 бет А.Л. Бжиска «Сұлулық сыры» әңгімесін оқып, түсінігін айту

Сұрақтар:

  • Бейбіттің көңілсіз болуының себебі неде?
  • Ол кімдерге ұқсағысы келді?
  • Бейбітке ағайы қандай ақыл-кеңес берді?
  • Автор әңгімеден қандай сұлулықтың сырын ашпақ?
  • Үнемі сұлу болудың сыры неде?
  • Сіз үшін сұлулық деген не?

Ескерту

"Волшебная композиция"

3. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

Абай Құнанбаев

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады. Дәптерге жазып алу.

Дәптер

4. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келімісде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайдыоекен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруініңомәнісінобілгісіокеледі. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендеріноайтуыноөтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таңғалып: -лОсы-ақлпа? - Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар:

  • - Ауылда ел таңғаларлық қандай отбасы өмір сүрді?
  • - Бұл отбасының татулығы кімді қызықтырды?
  • - Қария патшаға қандай жауап қайтарды?
  • Қария айтқан қасиеттер қандай адамның бойынан табылады?
  • Жақсылық жасаудың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
  • Өз өміріңде есте қаларлық қандай жақсылық іс болды?

Интерактивті тақта

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушылар түстер арқылы 3 топқа топтасады.

Сары түс - мейірімділік, жасыл түс - қамқорлық, қызыл түс - татулық топтары

Әр топ "Жылы жүрек – жақсы тілек" тақырыбында постер қорғайды

Түстер

6. Топпен ән айту. Жас ұландар әні

Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиева

1. Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын!

2. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

Қайырмасы:

7. Үй тапсырмасы.

5 сабақ. 23 бет оқу, түсінігін айту.

4 сабақ. Дәптер 2, 3 тапсырма

Оқулық, дәптер

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.

"Волшебная композиция"

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Қандыағаш қалалық №5 ОМ

Мерзiмі: Мұғалiм: Суюнтаева Мейрамгуль Маратовна

Сынып: 5 «Б» Оқушылар саны: 23

Тақырып: Адамның жан сұлулығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,татулық, қамқорлық

Мақсаты: оқушыларға адамның жан сұлулығы ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Міндеттері:

1. Оқушыларға қамқорлық жасаудың мәнін ұғындыру;

2. Оқушылардың бойында мейірімділік қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 Т: Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

2. Үй тапсырмасын тексеру

4-сабақ. 17 бет А.Л. Бжиска «Сұлулық сыры» әңгімесін оқып, түсінігін айту

Сұрақтар:

  • Бейбіттің көңілсіз болуының себебі неде?

  • Ол кімдерге ұқсағысы келді?

  • Бейбітке ағайы қандай ақыл-кеңес берді?



  • Автор әңгімеден қандай сұлулықтың сырын ашпақ?

  • Үнемі сұлу болудың сыры неде?

  • Сіз үшін сұлулық деген не?

Ескерту

"Волшебная композиция"

3. Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

Абай Құнанбаев

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады. Дәптерге жазып алу.

Дәптер

4. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келімісде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайдыоекен. 
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің
омәнісінобілгісіокеледі. 
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін
оайтуыноөтінеді. 
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. 
Үш сөзді оқыған патша таңғалып: 
-
лОсы-ақлпа? 
- Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. 

Сұрақтар:

  • - Ауылда ел таңғаларлық қандай отбасы өмір сүрді?

  • - Бұл отбасының татулығы кімді қызықтырды?

  • - Қария патшаға қандай жауап қайтарды?

  • Қария айтқан қасиеттер қандай адамның бойынан табылады?

  • Жақсылық жасаудың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

  • Өз өміріңде есте қаларлық қандай жақсылық іс болды?

Интерактивті тақта

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушылар түстер арқылы 3 топқа топтасады.

Сары түс - мейірімділік, жасыл түс - қамқорлық, қызыл түс - татулық топтары

Әр топ "Жылы жүрек – жақсы тілек" тақырыбында постер қорғайды

Түстер

6. Топпен ән айту. Жас ұландар әні

                                              Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиева

1. Біз ұланы қазақ елінің

   Туған жерін, сүйген Отанын.

   Әке жолын,  ана мейірімін,

   Бойға жиған қасиетін.

                          Қайырмасы:

                          Жас ұлан, қалыспа!

                          Қырандай қарышта.

                          Еліміздің абройын

                          Асқақтатып әлемге

                          Нық ұстайық байрағын!

2. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

 Жетелейді бізді алға.

                         Қайырмасы:                                 


7. Үй тапсырмасы.

5 сабақ. 23 бет оқу, түсінігін айту.

4 сабақ. Дәптер 2, 3 тапсырма

Оқулық, дәптер

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.

"Волшебная композиция"



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее