«Осенний фестиваль знаний 2024»

"Жомарттық пен кеңпейілділік" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары

"Жомарттық пен кеңпейілділік" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № 16 орта мектебі

Мерзiмі: 14/02/2019ж.

Тақырып: «Жомарттық пен кеңпейілдік»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жомарттық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қайырымдылық.

Мұғалiм: Альдекова Айнур Асхатовна 3 сынып

Сабақ мақсаты: Оқушылар кеңпейілділік, жомарттық құндылығының мәнін түсінеді

Міндеттері:

-Оқушыларға жосарттық, кеңпейілділік ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік, қайырымдылық,жомарттық қасиеттері туралы түсінік беру;

-Оқушылардың жомарттық кеңпейілділік қабілеттерін дамыту;

-Оқушыларды кеңпейілділікке, қайырымдылыққа, жомарттыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi. Шеңберге тұрып қорап ішінен жүрекшелерді алып бір –біріне тілек айту

II.Топқа бөлу. Жүректің түсі арқылы топтарға бөліну

Тыныштық сәтi.

Жайлы,баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. ... Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәулешашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұраяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады



Рахмет.

Сабақ барысын талдау:



III.Үй жұмысын тексеру

Атымтай жомарттықтықтың неше түрлі себебін айтты?

Жомарттықты қалай көрсетуге болады?

Қандай қасиеттер көңіл жомарттығы деп есептеледі?

Қандай адамдардың достары көп болады?





ІIІ. Дәйексөз.

Адамның қадірлісі – жомарт кісі Дәйексөздің мағынасын ашқызу


Жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымды өмір сүреді.Кеңпейіл адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп баретін адам – жомарт адам .





ІІІ. Бейнеролик көрсету


ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма

Қима қағаздағы мақалды құрау,

1 топ. Жомарт бергенін айтпайды.


2 топ. Кең пейілдің ішінде кен жатады

3 топ. Жомарт адам аш болса да, тоқпын дейді.

2 тапсырма

Тақтада ілулі тұрған түймедақтың гулдеріндегі сұраққа жауап беру. (Әр топтан балалар шығып алады.)

Ү. Үйге тапсырма беру. 103 бет 4 тапсырма

Күнделікке жазу



Топпен ән айту.

«бала тілегі»

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.



ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее