«Зимний фестиваль знаний 2025»

Жаратылыстанудан ұйымдастырылған оқу қызметі. «Судың маңызы»

Мақсаты: Судың адам өміріндегі маңызы туралы балалардың білімін жетілдіру.

Міндеттері: Білімділік:Судың өмір бастауы екендігін, оның адамзаттың денсаулығын қамтамасыз ету мен өмірін қолдау үшін қажеттілігін ұғындыру. Дамытушылық: Суды не үшін және қалай тазарту керектігі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Басқалардың ой-пікірін ескере отырып, өзінің пікірін дәлелдей білуге тәрбиелеу, су әлеміне ұқыпты қарауға баулу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ересек топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Судың қасиеті»

Мақсаты: Судың адам өміріндегі маңызы туралы балалардың білімін жетілдіру.

Міндеттері: Білімділік:Судың өмір бастауы екендігін, оның адамзаттың денсаулығын қамтамасыз ету мен өмірін қолдау үшін қажеттілігін ұғындыру. Дамытушылық: Суды не үшін және қалай тазарту керектігі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Басқалардың ой-пікірін ескере отырып, өзінің пікірін дәлелдей білуге тәрбиелеу, су әлеміне ұқыпты қарауға баулу.

Сөздік жұмыс: су, мөлдір, түссіз, сүзгі арқылы тазалау

Керекті құралдар: стақандар, қасықтар,су, сүт, қант, кеселер, тамшы

Қостілдік компонент: Су-вода, жер шары-глобус, тұзды-соленая, мөлдір-чистая


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күн!» 01-«Г»-№15


Өлең жолдарын оқиды:

Егер үстің былғанса,

Кім көмекке келеді?

Тазалықты бәрінен,

Анам жақсы көреді.

Су дегенің тіршілік,

Өмір сүру ізгілік.

Аман болсын балалар,

Аман болсын аналар.



Бәрі бірге айтады.

Үстелді жағалай отырады

Өлеңді зейін қойып тыңдайды.


Ұйымдастыру-

іздестіру

Балалардың назарын жер шарына аударады.

-Жер шарында қандай түстер басым?

-Ол ненің белгісі?

-Дұрыс айтасыңдар, суды біз ештеңемен алмастыра алмаймыз, су болмаса ешкім ешқашан тіршілік ете алмайды.

-Табиғаттағы су ол не?

(білмесе өзі айтады, көрсетеді)


Ноутбуктан слайд көрсету

Слайд 1

-Жер ғаламшарында құрлыққа қарағанда су кеңістігінің алып жатқан көлемі үлкен. Әлемде су көп болғанымен, басым бөлігі ішуге жарамсыз.

Слайд 2

-Теңіздер мен мұхиттарда су қандай болады?

-Ащы және тұзды суларда балықтар мен жануарлар тіршілік етеді, өсімдіктер өседі.

Слайд 3

-Жануарларға, өсімдіктерге су қажет пе?

( Су ішіп жатқан аңдар, суда жүзіп жүрген балықтар, ағаштар, гүлдер, адамдар)

Назарларын жер шарына аударады

Жер шарында көк түстер басым.

Көк түс судың белгісі.




Мұхит, теңіз, өзен, көлдер



Қызығушылық танытып, мұқият тыңдайды.






Тұзды болады





Барлық тіршілік атауға су қажет екенін, көздері жетеді.


Сөздік жұмысы:

Су-вода, жер шары-глобус, тұзды-соленая


Сергіту сәті:






Дидактикалық ойын: «Егерде су болмаса не болар еді?»








-Су туралы мақалдар айтуды ұсынады.





Ластанған судың зияны туралы әңгімелейді:

-Ластанған суда тіршілік бола ма?


-Су әлемін ластанудан қорғау үшін қандай шаралар қолдану керек?

-Дұрыс айтасыңдар, ағынды суды тазарту үшін тазартқыш бекіністер орнатады.Оған ластанған су сүзгі арқылы өтеді.. Сүзгі зиянды қоспаларды өткізбей, таза суды ғана өткізеді.

Тәжірибе жасау:

Үстелде екі стақан су, біреуінде таза су, екіншісінде ластанған су. Суды сүзгімен тазартуды ұсынады.


Бәрі бірге, жеке-жеке қайталайды.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жусаң егер әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы!

Өз ойларын айтады.

- Егерде су болмаса, адамдар шөлдейді.

-Егерде су болмаса, адамдар жуына алмайды.

-Егерде су болмаса, гүл өспейді

-Егерде су болмаса, аңдар, балықтар өмір сүре алмайды.


1.Сулы жер –нұрлы жер

Бұлақты жер-тұрақты жер.

2.Су-ырыстың көзі

Еңбек-кірістің көзі.

3.Сулы жер тұрақсыз болмас

Таулы жер бұлақсыз болмас.


Ластанған суда балықтар өліп қалады.

Өзендер мен көлдерге қоқыс тастамау керек.

Ынталана тыңдайды.





Кір суды сүзгімен тазартады. Қорытынды: сүзгіде қоқыстар қалғанына көздері жетті

Рефлексивті– түзетушілік


Сұрақтар қояды:

-Балалар, бүгін туралы айттық?

-Су туралы қандай тыйым сөздер білеміз?


Рефлексия:

-Егер көңіл-күйлерің жақсы болса, балыққа үлкен тамшы сыйлаңдар, көңіл-күйлерің болмай тұрса, кішкентай тамшы сыйлаңдар.

Сұрақтарға жауап береді.

Су туралы айттық

Суға қоқыс тастама.

Суды ластама.

Суға түкірме.

Суды бекер шашпа.

Суды босқа ағызба.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Су адамға не үшін керек, судың қасиеті.

Болу керек: Судың түсі, дәмі туралы, түсінік беру. Суға үнеммен қарау керек екенін

Істей білу керек: Өз ойларын айта білу, қорытынды жасай білу, салыстыру, тәжірибе жасай білу,



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее