«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Жануарлар әлемі"

Балаларға жануарлар туралы сабақ.Балабақша тәрбиешілеріне көмекші құралл

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық».

Мақсаты: а) Балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімдерін және түстерді ажырата білуін ойын арқылы бекіту; туған өлкемізде кездесетін жануарлар жайында түсінік беру;

ә) Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту;

б) Балаларды қарындашты дұрыс ұстап, таза және ұқыпты бояуға дағдыландыру және ойлау қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету.

Көрнекі-құралдары: Көрнекілік суреттер, үлестірмелі құралдар, плакат, геометриялық пішіндер, музыка.





Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Сәлем бердім бәріңізге,

Қайырлы таң балалар!

Сәлем бердім саған елім,

Тал бесігім туған жерім!

-Тәрбиеші:

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Балалар:

-Қазақстанда.

-Тәрбиеші:

- Қазақстанның қай өлкесінде тұрамыз?

-Маңғыстауда.

-Тәрбиеші:

- Иә, балалар, біздің туған өлкеміз Маңғыстау деп аталады. Ал, Маңғыстау өлкесінде нелер кездеседі?

-Балалар:

-Аңдар,құстар,жәндіктер.

-Тәрбиеші:

-Дұрыс. Біз бүгін солардың ішінде жануарлар туралы айтатын боламыз. Балалар, жануарлар екіге бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларына сиыр, ешкі, түйе, қой, ит, мысық жатады. Ал жабайы жануарларға аю, түлкі, қасқыр, қоян сияқты орманда мекендейтін жануарларды жатқызамыз.

-Ал, енді мына суреттерге назар аударайық. (орман, үй маңы (аула) Балалар орманда жабайы жануарлар мекендейді. Ал, үй айналасында үй жануарлары мекен етеді.

-Балалар, енді осы мекендерге мұқият қарайықшы. Мекендерде жануарлар көрінбейді. Біздер жануарларды өз мекендеріне орналастыруымыз қажет. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауларыңыз керек.

Дидактикалық ойын: «Торғайларды қорға»

(Шарты: Тақтаға үйшік суреті үлінеді. Үйшіктің терезелері әр түрлі пішінді. Әр терезеде торғайлар отырады. Үйшікке келе жатқан мысықтан торғайларды қорғау үшін торғайлар отырған терезелерді сәйкес пішінмен жабу керек)

- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар! Мысықтан торғайларды қорғап қалдыңдар! Мысық біздің өлкемізде кездесе ме?

-Балалар:

-Ия.

-Тәрбиеші:

-Иә. Ендеше үй жануарларды енді өз мекеніне орналастыруға болады. (үй жануарларды үй маңы (аула) суреті бейнеленген плакатқа орналастыру)

-Ал, мына жерде балалар, бізді жабайы жануарларымен бірге үй жануарлары күтіп қалды. Олардың суреттері гүл күлтешелерінде орналасқан. Суреттер араласып жатыр. Үй жануарларын жабайы жануарларынан ажыратуымыз қажет. Ажырата отырып тақтаға күлтешелерден гүл құрастырумыз керек.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат»

- Жарайсыңдар! Балалар біз жануарларды ажырата отырып не құрастырдық?

-Балалар:

-Гүл.

-Тәрбиеші:

Бұл жануарларлар туған өлкеміз Маңғыстауда кездеседі.

-Біз неше гүл құрастырдық?

-Балалар:

-Бес гүл.

-Тәрбиеші:

-Гүлдердің үсі қандай?

-Балалар:

-Қызыл,сары,көк,ақ,жасыл.

-Тәрбиеші:

-Балалар, енді алдымыздағы гүлдерге назар аударайық. Гүлдерімізге қонған әдемі көбелектер қашан ұшамыз деп күтіп қалыпты.

Тыныс алу жаттығуы. (Қағаздан жасалған көбелектерді үпіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындау)

Сергіту сәті

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды басайық,

Сонда болар тамаша.

Дидактикалық ойын: «Жануарлардың тағамын тап»

-Балалар, енді алдарыңызда берілген шеңберлерге назар аударайық. Шеңбердің ішінде жануарлардың сүйіп жейтін тағамдарының суреттері жапсырылған. (сәбіз, балық, жапырақ, сүт, сүйек) Әр берілген тағам суреті жанына қыстырғыштарда жапсырылған тиісті жануарларды таңдап қыстыруымыз қажет. (М.Монтессори әдісі)

-Жарайсыңдар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар! Ендеше жабайы жануарларды енді өз мекеніне орналастыруға болады. (жабайы жануарларды орман суреті бейнеленген плакатқа орналастыру)

-Өте жақсы! Балалар, менің қолымда осы жабайы жануарлардың ішінде, қорқақ, бірақ өзі сүйкімді, өзіміздің Маңғыстау өлкесінде кездесетін қоян суреті бар. Бұл ойыншық қоянның суреті, және ол боялмаған. Сіздерге осы ойыншық қоян суретін бояуға тапсырма беремін. Өздеріңіз қалаған түспен бояуға болады.

Саусақ жаттығуы

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сұр қоян.

Қаша берсең қалыңға

«Қорқағым» деп ат қоям.

Шаттық шеңберін орындайды.

Балалар сұраққа жауап береді.

- Қазақстан Республикасында

- Маңғыстау

- тау, теңіз, құстар, жануарлар, ағаштар т.б



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.















Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Торғайлар отырған әр терезені сәйкес пішінмен жабады.




-Иә. Мысық біздің өлкеде кездеседі.




Балалар үй маңы (аула) суреті бейнеленген плакатқа үй жануарларды орналастырады.








Балалар үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата отырып гүлдерді құрастырады.

Сұрақтарға жауап береді.

- гүл құрастырдық

- екі

-қызыл және сары





Балалар тәрбиешімен бірге көбелектерді үпіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.


Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін сәйкес қимылдарды жасай отырып орындайды.


Балалар үлестіріліп берілген шеңберде берілген әр тағам жанына жануарлар суреті бейнеленген қыстырғыштарды сәйкес қыстырып тапсырманы орындайды.




Балалар орман суреті бейнеленген плакатқа үй жануарларды орналастырады.


Балалар үлестіріп берілген қоян суретін бояйды.







Балалар тәрбиеші жасаған қимылдарды қайталап, бірге саусақ жаттығуын орындайды.

Балаларға сұрақтар қойылады.

-Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма?

- Ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы айтылды?

- Өлкемізде кездесетін қандай жануарлар бар екен?

-Жануарларды неше топқа бөлеміз?

-Жарайсыңдар!

-Олай болса, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды жұлдызшамен бағалаймын.

 Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Иә

-Жануарлар туралы айтылды

-Қоян, қасқыр, түлкі, түйе, жылқы, қой, ит, мысық т.б

-үй жануарлары жіне жабайы жануарлары

 Балалар бағаланады.

 



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Туған өлкеде кездесетін жануарларды, өткен тақыпыптарда кездескен қарапайым

математикалық ұғымдарды және түстерді ажырата білуі керек;

Болуы керек: Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне және шығармашылыққа, суреттерді

қарындашпен бояуғадеген қызығушылығы болуы керек;

Үйренуі керек: Сөздерді анық айтып, тәрбиеші сұрақтарына толық және нақты жауап беріп

үйренуі керек.



































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее