«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Үй жануарлары қандай?»

Қайталайды: төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды.

Түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызы

Қолданады: жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу қызметінде қолдану

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Ортаңғы «Құралай» тобы

Күні: 17.01.20.

Тәрбиешінің аты-жөні: Айтбаева К.Ж.

Білім беру саласы: «Таным» «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Үй жануарлары қандай?»

Көрнекілік: үй жануарларының суреттері,үлестірмелі материалдар.

Үштілділік: Үй жануары - домашнее животное-pet

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: төрт түлікке байланысты берілген тапсырмаларды.

Түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызы

Қолданады: жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу қызметінде қолдану


Ұйымдастырулы оқу қызметінің өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын ояту.

Жұмбақтар
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

2. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар. (түйе)

3. Басында екі таяғы бар,
Иегінде сақалы бар (ешкі)

4. Жем - шөптен бір тартынбайды,
Сабасы бір сарқылмайды ( жылқы)

2.Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Үй жануарлары ның сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекіту.

Кіріспе.

Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын.

Үй жануарларын адам күтіп - баптайды.
Жануарлардың еті, сүті,жұмыртқасы - азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой,ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.
- Төлдердің аттарын қайталап айтады.
Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтеңдемей құлағың.
- Өлең ненің төлі туралы?
- Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім - әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.

Сиырдын қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы - тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
-«Әукім - әукім»деп сиырдың төлі – бұзауды шақырамыз.
- Сиырдың сүті, еті - тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май алады. Терісінен тұрмысқа қажетті заттар жасайды.
Сергіту сәті.

Қошақаны тойдың ,

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың

Үш тілділік: Үй жануары - домашнее животное-pet

Дид.ойын: «Ненің дауысы?»

3.Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметінде алған білімдерін бекіту.

Үй жануарларын атаңдар?
- Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?
Олардың қандай пайдасы бар?




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее