«Зимний фестиваль знаний 2025»

Табиғатты аялайық

Сабақтың мақсаттары:Оқушыларға табиғат туралы ой туғызу,туған елдің табиғатына деген сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа баулып,оның әсемдігін терең сезінуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:әдемі безендірілген сахна,күйтаспа.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки


Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы білім бөлімінің

«№2 Егіндікөл орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі.























Сынып:5,6а,6б,7,8

Өткізген: Амантаева Н.Н.

Тәрбие сағатының тақырыбы:Табиғатты аялайық. Сабақтың мақсаттары:Оқушыларға табиғат туралы ой туғызу,туған елдің табиғатына деген сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа баулып,оның әсемдігін терең сезінуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:әдемі безендірілген сахна,күйтаспа.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Жүргізуші.

Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Табиғатты аялайық»атты сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жер бетінің сәулеті,еліміздің дәулеті-бұл Табиғат.Адам баласы ерте заманнан-ақ өзі тұрған мекенін таза ұстаған.Үйінің айналасына тал мен гүл егіп,ауланың,көшенің тазалығына көңіл бөлген.Табиғатымыз таза болса,денсаулығымыз да зор болады.сондықтан табиғатқа тазалықты тарту етейік.

2.Жүргізуші.

Табиғат адамды әлдилеген ана ғой.Оның таң ала көлеңкеден тамылжытатын әнші құстарының үні,салқын соққан самалының қоңыр лебі,жұпар аңқыған жусаны адамды қанағаттаңдырады.

3.Шашу.

1.Жүргізуші.

Жасыл желек-жердің сәні саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды.

Мейріммен жылу арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

5.Тақпақ 5 сыныптың балалары.

1.Замира.

Тоғай еді қара судың ар жағы,

Қайда кеткен қамысы мен талдары?

Не күзетіп,нені бағып жүр екен,

Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны?

2.Эмилия.

Талды қиған неткен суық қол еді,

Тоғай тозған.....

Енді сірә,жоқ емі.

Бұл өңірге не көрінген,тәңір-ау,

Бұл оңірде соғыс болған жоқ еді.

3.Лейла.

Саған айтам,талшықтарым бүр жарған,

Шыбық,талың,шыршаларың ұрланған,

Сендер қаулап айналғанша орманға,

Не қалады...

Не қалады бұл маңнан?

4.Зарема.

Жердің көркі жасыл әлем саялы,

Қамқоршы бол алақанмен аялы.

Қиын-қыстау күн түссе егер басыңа ,

Жапырағын көлеңке етіп жаяды.

Өсімдікті халқымыз аялаған,

Малын бағып,бауырын саялаған.

Тамылжыған тамаша табиғаттан,

Қамқорлығын аямаған.

5.Алена.

Қасиетті,қайырымды Жер ананың

Мейірінен өмірге нәр аласың.

Аялы алақанмен аялау да

Азаматтық борышы әр адамның.

Атамекен жанға жайлы сая,бау,

Ар алдында сіңген екен ақ сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

2.Жүргізуші.

Халқымыздың мол мұраларының бірі ғасырлар бойы сақталған дәстүрінің бірі-табиғатты аялау.

Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып,бауырын саялаған.

Табиғатты анам деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Ән ырғағымен оқушылар шығады.

-Уланса ауа,

-Уланамыз бәріміз.

-Уланса су,

-Уланатын тағы біз.

-Уланса жер

-Уланады өсімдік.

-Уланады оны жеген малымыз.

-Уланса мал,

-У тарайды бізге де,

-Уланбаудың бір жолы бар білгенге.

-Улау деген басталады былғаудан.

Бірге:Улы затпен күреспейміз біз неге?

1.Жүргізуші.

Табиғатты сүю-Отанды сүю,

Білімнің көзі-ата-бабаларымыз айтып кеткен дана сөздер.Нағашы мен жиеннің шешендік айтысын тамашалаңыздар.

Жиен:Ассаламағалейкум!

Нағашы:Уағалейкумассалам!

Жиен:Келіңіз,нағашы екеуміз бір шешендік сөз айтыстырайық

Нағашы:Мен басын бастағанмен аяқтай алмаймын ғой.

Жиен:Мен керсінше,басынан қорқақтап,аяғын қатырамын.

Нағашы:Онда бастайық.

Нағашы:Орман,тоғай-жер сыны,

Жиен:Бетеге,жусан-бел сыны,

Нағашы:Көкорай шалғын-көл сыны,Ебелек,ермен-жол сыны.

Жиен:Құлазыған шөл-жетім,

Нағашы:Құс қонбаған көл-жетім.

Ән: Саржайлау.

2.Жүргізуші.

О,табиғат,тіршілікке бесік болған мекенім,

Құлағыңнан нәр алып,мұратыма жетемін.

Алақанмен аялаймын ұл-қызымды үйднгі,

Азаматтық борышым-қорғаушың болып өтемін.

Көрініс. «Аңшы мен бала»

Аңшы:Құс аулауға шығамысың?

Бала:Шығамын.

Аңшы:Атқаныңды жығамысың?

Бала:Жығамын.

Аңшы:Мә,мылтығым,атамысың?

Бала:Атамын.

Аңшы:Сен атыпқайт,мен демаламын...

Аңшы:Құсың қайда?

Бала:Атпадым.

Аңшы:Құс көп еді ғой!

Бала:Көп екен.

Аңшы:Неге атпадың?

Бала:Түк дәлелім жоқ екен.

Аңшы:Атуға қимадың ба?

Бала:Қимадым.Туған жердің құстарын мен сыйладым

Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар.

Өтінем түгел бәріңнен,

Ешқашан құсты атпаңдар.

«Аққу биі» билейтін 7 сынып қыздары.

1.Жүргізуші.

Табиғатқа ықылас қыл халайық,

Тазалығын мықтап қолға алайық.

Жойылмасын жер бетінде тіршілік,

Дер кезінде арашалап қалайық.

2.Жүргізуші.

Мұның бәрін біле бермес адамдар,

Қайта түгел сақтайық деп қорғандар.

Барлығына бүгін тағы айтарым:

Табиғатты қадірлейік,Адамдар.








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее