Бекітемін: ---------------------
Күні: сыныбы: пәні :
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Білімділігі: Жемістердің түрлерімен және оның құрылысымен таныстыру, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу, оқушылардың білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Жемістердің көптүрлілігі, кездесетін жерлері туралы
бұрыннан білетін білімдерін кеңейту, ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау, шапшаңдық, іскерліктерін қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге, туған өлкені аялауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Өткізу әдісі: саяхат сабақ, түсіндіру, талдау, бекіту, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта , тапсырмалар , кеппешөптер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі – (1 минут)
А) Сабаққа кіріспе (Оқушыларды сабақтың жоспарымен, мақсатымен
таныстыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау – (15 минут)
в) Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ – (20 минут)
А) Кіріспе сөз
Ә) Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау – (7 минут)
Ү. Оқушы білімін бағалау – (1 минут)
ҮІ. Үйге тапсырма беру – (1 минут)
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
2.Сынып оқушыларын топқа бөлу.
3.Психологиялық дайындық жасау. «Шаттық шеңберін » құру.
Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап,бәрі бірге «Көңіліміз шат, сабаққа әзірміз,іске сәт» деп айтып,орындарына отырады.
Сабақтың барысы:
«Сиқырлы жемістер бағына саяхат » ойыны
Сынып 4 топқа бөлінеді. Биологиялық поездбен «Сиқырлы жемістер бағына» жету үшін “Поездға билет алу” , “Гүлзар” гүл бағы, “Сиқырлы жемістер бағына” аялдамаларынан өтуіміз керек. Биологиялық поездға отыру үшін билет алу ережесі: қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер кассадан поездға отырғызу билетін аласыңдар.
І.Лездемелік сұрақтар беру арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1. Жынысты көбею дегеніміз не?
2. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады?
3. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
4. Өздігінен тозаңдану деген не?
Өздігінен тозаңданудың ерекшелігі неде?
5. Айқас тозаңдану деген не және оның қандай түрлері бар?
6. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктердің негізгі
ерекшеліктері қандай?
7. Айқас тозаңдануға қатысатын қандай бунақденелілерді білесіңдер?
8. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
9. Ұрықтану дегеніміз не және қай кезде жүреді?
10. Қосарланып ұрықтану құбылысын кім ашқан?
І І.. Үй тапсырмасын қорытындылау : Тест
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан: А)аналық Б) аталық В) тозаң
2. Гүлдің бөліктері нешеге бөлінеді? А) 5 Б) 4 В) 6
3. Таңертең гүлдейтін өсімдік: А) мақта Б) күріш В) қызғалдақ
4. Гүлдері күндіз жабық болатын өсімдік:
А)шырмауық Б)бәйшешек в) шамшат
5. Гүлді өсімдіктерде болатын ұрықтану түрі:
А)өздігінен Б) қосарлы В)жел арқылы
6.Жатыннан не дамиды? А)тұқым Б) жеміс В)ұрық
7.Тозаңы өте майда , жеңіл болса қалай тозаңданады?
А)өздігінен Б)желмен В)сумен
8. Гүлдің тәтті шірнесі көп болса қалай тозаңданады?
А)желмен б)сумен в) бунақденелімен
Сабақты бекіту мақсатында «Гүлдің ұрықтануы» атты видео көрсетіледі.
Сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін поезға отырғызу басталады.
Жұмбақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
«Күн нұрымен піседі. Уылжып қолға түседі» (жеміс)
ІІІ..Жаңа сабақ ( тірек –сызбалар арқылы мәтінге талдау жасау )
Жемістің құрылысы тұқым және жеміссерігінен тұрады, тұқымдарының саны бойынша біртұқымды, көптұқымды болады.
Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады,әр ұясында 2 ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды.Сондықтан алма өзінше “алма жеміс” деп аталады.Алма жеміске: алма ,алмұрт, беже, т.б. жатады
Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады.Оларға қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады.
Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын болып бөлінеді.
а
IV. «Гүлзар гүл бағына саяхат» жасау үшін тапсырмалар беру.
Бағбан атаның жұмбағын шешу.
Доптар жатыр жемісі бар,
Қабат-қабат терісі бар. Қырыққабат
V. Сабақты бекіту тапсырмаларын беру.
«Өсиет әңгіме»
Диқан абызға келіп шіркеуге тиесілі жерді жалға беруін сұрайды.
- Бұл жер қараусыз, - дейді диқан, - менің болса үлкен отбасым бар.
Абыз біраз ойланып.
- Жарайды, - дейді, - жалға берейін. Бірақ алдыменен бәстесейік. Жеңсен - жер сенікі.
- Қалай сонда? - түсінбейді диқан.
- Сөзсіз әңгімелесіп, - деді абыз – бір-бірімізді түсінуге тырысайық.
Сүйтіп абыз диқанға саусақ көрсетеді. Диқан көп ойланбай екі саусақ көрсетеді.
Абыз аң-таң. "Қарай гөр мұны, қандай дана жауап қайтарды. Оған Құдай жалғыз деп едім, дүние екілік дегені дұрыс екен". Бұл жолы абыз қалтасынан алма шығарады.
"Дүние - жаннат", - мағынасында. Диқан сөмкесінен пиязды шығарып алманың қасына қояды. "Дегенмен көз жасы да көп", - деп іспетті жауап бергендей болады.
- Уау! - таңқалады абыз. - Жер сенікі. Ала бер!
Диқан үйге қуанып қайтады.
- Не болды? - сұрайды әйелі - Жерді ала алдың ба?
- Иә, - дейді диқан, - бәстелесіп едік, жерді ұтып алдым.
- Қалайша? - таңқалады әйелі.
- Онымен сөзбен емес, ишаратпен әңгімелестік - Алдыменен ол маған бір саусақ көрсетті, яғни: "Көзіңді шұқып аламын" дегені ғой. Мен абыржымай оған екі саусақ көрсеттім: "Мен екі көзіңді шұқып аламын" мағынасында. Ол таңқалды да алма шығарып көрсетті, оны "Бұл менің асым" деп түсіндім. Мен өз кезегімде пиязды шығарып:
"Сенің асың алма болса, менің асым - пияз" дедім. Осыдан кейін ол жерді бере салды.
Топтарға талқылауға беріледі.
VI. “Сиқырлы жемістер бағындағы ” тапсырмаларды орындау үшін топқа тапсырмалар ұсынылады.
1.Мына сұрақтарға жауап берсеңдер бақтағы жемістерді жеуге мүмкіндіктерің бар.
1-топ. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады? Олар неше топқа бөлінеді?
2- топ:Шырынды жемістерге жататын жемістерді ата?
3-топ:Құрғақ жемістерге жататын жемістерді атап бер .
4-топ: Жеміс – жидектердің қандай пайдасы бар?
2.«Қатесін тап » ойынын ойнау.
Мына тапсырмаларды дұрыс орындаңдар
3.Әр топқа тапсырмалар беру.
4.Жұмбақтар шешу.
1. Көк лағым, көгенде жатып семірді. ( қарбыз )
2.Әрі қызыл , әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. ( алма )
3.Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. ( анар )
4/Бойлауда, ақтан сенімді,
Сары қозым семірді (қауын)
5- тапсырма Сызықтық диктант «иә,жоқ » деп жауап беру керек.
1.Піскен жемістің дәмдік сапасы жоғары,әрі тәтті
2.Нашар піскен жеміс ұзақ сақталады
3.Үсіген жемістердің дәмдік құндылығы артады.
4.Шырынды жемістер шырыны мол,әрі жұмсақ
5.Шіріген жемістер адам өмірін ұзартады.
6.Жемістер хош иісті әрі дәмді.
5– тапсырма . «Жемістер » сөзіне топтастыру жүргізу.
ҮII. Бағалау жүргізу
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалау.
ҮІII. Үйге тапсырма беру
§23 оқу.Жемістер жайында ақпарат көздерінен, интернеттен қызықты мәліметтер алып келіңдер, тапсырманы орындау.