«Зимний фестиваль знаний 2025»

Открытый урок "Денсаулық-зор байлық".

А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

О1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

ТБ1.6. Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоспар құрастырады.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 7-бөлім.

Денсаулық-зор байлық.

1-сабақ.

Дәрігердің қабылдауында.

Мектеп: «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Хафиза Арысбековна

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын

оқу мақсаттары

А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

О1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

ТБ1.6. Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоспар құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Құрастырған жоспар бойынша мәтінді бірлесіп мекен, мезгіл үстеулерді қолданып баяндайды. Оқушылар мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі негізгі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, мезгіл үстеуін қолдана отырып, дәрігерлік кеңес мәтінін жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Дәрігердің қабылдауында қай кезде болу қажеттілігін түсінеді, тақырып бойынша жетекші сұрақтарға өзінің нақты дәлелдерімен жауап береді, шынайы өмірмен байланыстырады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Емхана, тексеруден өту, жүрек, қан тапсыру, дәрігерлік кеңес, зиян, жыл сайын.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: тексеруден өту, қан тапсыру, дәрігерлік кеңес, жыл сайын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сендер емханаға барасыңдар ма?

Емханаға не үшін барасыңдар?

Не себепті ... деп ойлайсың?

Адамның сырқатын емдеп, жазу үшін дәрігер қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Егер сен дәрігер болсаң, қандай кеңес берер едің?

Ишара: Дәрігердің қабылдауын қимылмен көрсет.

Құндылыққа баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы оқу

Дәрігердің мамандық түрі екенін біледі.Көз ауырса, тіс ауырса қандай дәрігерге бару керектігін көпшілігі айтады. Денсаулық мықты болу үшін қандай тағам түрін жеу керектігін біледі.


Сабақтың барысы

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптас-тырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

13мин

1-ә. Ұжымдық жұмыс: «Көңіл-күйді анықтау» жаттығуы бойынша оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылардың көңіл-күйін анықтау үшін А4 парағы мен маркер таратылады. Олар өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.)салады.

2-ә. Топқа бөлу. 1,2,3 ретімен санау арқылы топқа бөлінеді.











А4 парағы, маркер.











3-ә. «Ширату тапсырмалары» әдісі бойынша Интерактивті тақтадан дәрігердің қабылдауында отырған бала бейнеленген слайдтарды көреді. Суреттен не көргендерін сипаттайды.

Дескриптор

Сурет бойынша сөз, сөз тіркестерін жиынтығын айтады.

Емхана халыққа қандай қызмет көрсететіндігін айтады.

Сурет бойынша сабақтың тақырыбын айқындайды.

4-ә. Кері байланыс

Сурет бойынша сабақтың тақырыбын ашу оңай ма, әлде қиын ба?

Не түсініксіз болды?


ҚБ: Мұғалім-оқушы.

(Жарайсың! Тамаша! Өте жақсы! мадақтама сөздер айтылады)

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты суреттер, маркер, А3.


Сабақ мақсатымен таныстыру.

- Мәтін мазмұнын түсініп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоспар құрастырамыз.

-Құрастырған жоспар бойынша мәтінді бірлесіп мекен, мезгіл үстеулерді қолданып баяндаймыз. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтаймыз.

-Мәтіндегі негізгі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, мезгіл үстеуін қолдана отырып, дәрігерлік кеңес мәтінін жазамыз.


А3 форматта оқу мақсаттары жазылып, тақтада ілінеді.

Сабақтың ортасы

23 мин

5-ә. Бағалау критерийі: Мәтін мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоспар құрастырады.

Топтық жұмыс: «Оқиға картасы» әдісі.Мәтінді тыңдап, тыңдаған мәтінге сұрақ құрастырып, сол сұрақ бойынша жоспар құрастырыңдар.

Дескриптор:

Мәтінді тыңдайды.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Мәтін мазмұнына сай жоспар құрастырады.

Жариялайды.

6-ә. Кері байланыс

«Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша кері байланыс жүргізу.

ҚБ: Өзін өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі

Жасыл-мақсатқа қол жеткіздім.

Сары-біршама алға жылжу бар.

Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді.

Оқулық 65-бет,

3-тапсырма



7-ә.Бағалау критерийі: Құрастырған жоспар бойынша мәтінді бірлесіп мекен, мезгіл үстеулерді қолданып баяндайды.

Топтық жұмыс: Жоспар бойынша мәтінді ресми мазмұндап баяндау.

Жұптық жұмыс: «Рөлдік ойын» әдісі арқылы қимылмен образда ойнау тапсырылады.

Дескриптор:

Жоспармен танысады;

Мекен, мезгіл үстеулерді қолданып жоспар бойынша мәтін мазмұнын баяндайды;

8-ә.Кері байланыс:

Мәтін мазмұнын баяндау кезінде қандай қиындықтар болды?

Не себепті қиын болды деп ойлайсың?

ҚБ: топтық бағалау.















9-ә.Бағалау критерийі: Оқушылар мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.

Жұптық жұмыс «Дара диаграмма» әдісі бойынша мәтінді оқып негізгі түйінді ақпаратты анықтау тапсырылады.

Дескриптор:

Мәтінді қайталап оқиды;

Нақты ақпаратты анықтап «Дара диаграмма» кестесіне салады;

Жариялайды.

10-ә. Кері байланыс:

«Бос микрофон» әдісі арқылы.




ҚБ: жұптық бағалау.












Сергіту сәті (іс-қимылмен көрсетеді)

Іш ауырса,

Тіс ауырса,

Дәрігер дәрі береді.

Барлық бала,

Барлық дана,

Оны жақсы көреді.



Сабақтың соңы

9 мин

11-ә.Бағалау критерийі: Мәтіндегі негізгі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, мезгіл үстеуін қолдана отырып, дәрігерлік кеңес мәтінін жазады.

Жұптық жұмыс: «Ойлан-жұптас- бөліс» әдісі бойынша Дара диаграмма кестесіндегі ақпараттарды қолдана отырып «Кеңес беру» мәтінін құрастыру тапсырылады.

Дескриптор:

Негізгі ақпараттарды оқиды;

Шынайы өмірмен байланыстыру үшін ауызша жоспар құрастырады;

Мезгіл, мекен үстеулерді еске түсіреді;

4-6 сөйлемнен тұратын кеңес беру мәтінін құрастырады;

Мезгіл үстеулері: таңертең, түсте, кешке, ерте, күні бойы, қыста, жазда, көктемде, күзде. қолданып жазады;

Жариялайды.


12-ә. Кері байланыс

Сендерге дәрігерлік кеңес жазғанда кедергілер болды ма?

Болса, қандай кедергілер?

Ол кедергілерді шешудің қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?




ҚБ: «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі бойынша бір-бірінің жұмысын бағалау жүргізеді.





13-әрекет.«Табыс сатысы» әдісі бойынша оқушылармен рефлексия жүргізу.

1.Мен .... білемін

2. Мен ... түсінемін.

3. Мен жасай аламын.



А3 парағындағы кесте. Стикерлер.

Табыс сатысы

Жасай аламын

Түсінемін

Білемін


Қосымша ақпарат:



Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?







Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс(тәрбие элемент)

Саралау оқушылардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмаларды таңдау арқылы болады.

Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау (мадақтама сөздер, бағдаршам, топтық,жұптық бағалау, екі жұлдыз,бір тілек) жүргізіп отырдым

Биология- денсаулық туралы мәлімет берілді.

АКТ- бейнебаян көріп, сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтады; сурет бойынша сөз, сөз тіркестерін жиынтығын айтты.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?сабақ қалай өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Жалпы сабақ барысында көзделген мақсатта жеттім. Дәрігердің мамандық туралы толық білді. Оқушылар көз ауырса, тіс ауырса қандай дәрігерге бару керектігін түсінді. Денсаулық мықты болу үшін қандай тағам түрін жеу керектігін меңгерді. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым.Әр тапсырма негізгі қойылған мақсатқа бағытталды.Оқушылар белсенділік көрсете отыра, сабағым өз деңгейінде жоспарланған нәтиже негізінде өтілді.





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен 2 нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)

1: топпен жұмыс

2: «Рольдік ойын» әдісі

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: тиімді кері байланыс

2: дескрипторлар

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін ақпарат білдім?

1:Топ ережесін сақтау

2:Әр оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар әзірлеу.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее