Музыка – менің өмірімде.
Мен музыка тыңдағанды ұнатамын. Себебі, музыка менің жанымды тыныштандырады. Музыка менің көңіл-күйіме тікелей әсер етеді.мен көп достарыма ұқсап, шет елдің түсініксіз әндерін тыңдамаймын. Маған өзіміздің Қазақстандық әншілер ұнайды. Әсіресе, Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдаймын. Димаш Құдайбергенов ағамызда елімізді танытуда. Шет елдік сайыстарға қатыспаса да Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан деген әншілеріміз керемет әндерімен танымал. Отандық әншілерімізге сәттілік тілей отырып, өнерлеріне шабыт тілеймін.