Менің музыка әлемім.
Мен музыка тыңдағанды ұнатамын. Менің музыка әлемімде тек қана қазақша әндер орын алған. Өзіміздің Отандық әншілерге не жетсін. Мағынасын да түсінесің. Менің достарым шет ел музыкасын тыңдайды, оларға өкпем жоқ. Бірақ мен ол әндерге қарсымын. Шет елдің музыкасын тыңдасам ата-анам да ұрсады, не түсіндің деп. Өзіміздің музыкаларды қойсам үнедмейді. Соған қарағанда оларға да ұнаса керек. Менің бір досымның әжесі Қайрат Нұртасты сүйіп тыңдайды. Концерттерін қалдырмай көреді. Тіпті, Шымкентте өткізген концертіне де барып қатысқан. Демек, әндері жақсы деген сөз деп ойлаймын.