Менің музыка әлемім.
Мен музыканы ұнатамын. Музыканы үнемі тыңдап, музыка әлеміндегі соңғы жаңалықтардан да хабардар болып отырамын. Теледидарды көріп, жұлдыздар өмірімен танысқанды жақсы көремін. Өзіміздің Отандық әншілер ұнайды. Ата-анам Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісоваларды ұнатса, мен Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахандарды сүйіп тыңдаймын.