Менің музыка әлемім.
Музыка дегеніміз әуен. Ал әуен адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Абай атамыз «Құлақтан кіріп, бойды алар» дегендей, құлақтан кірген әсем әуен бүкіл денеңе тарайтын , көңіл-күйіңе тікелей әсер ететін музыкалар болады. Маған өзіміздің отандық әншілеріміздің әндері ұнайды. Әсіресе, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі Ерке Есмахан деген әншілерімізге жетер әншілер жоқ деп ойлаймын. Өзімде әнге қызығамын, біріқ мен әнші болуды армандамаймын. Себебі, ол менің мамандығым емес екендігін білемін.