«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Математикалык кафе" сайысы

Внеклассная работа по математике. Цель: пробуждение интереса к математике путем формипрванияотношения к учебе. Развитие математического мышления учащихся.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

«Математикалық кафе»- атты сайыс бағдарламасы.

Тақырыбы: «Математикалық кафе».

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой -өрісін дамыту,

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тапқыр-лыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: 5-7 сыныптар.

Көрнекіліктері:

  1. Ойын тақырыбы жазылған плакат.

  2. Математикаға байланысты нақыл сөздер.

  3. Үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері,

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

ІІ. Ойын жоспары:

  1. Командалардың таныстыруы

  2. Сайыс тапсырмалары:

Ас мәзірі:

  • «Мәңгі ұмытылмас» салаты

  • «Математикалық винегрет»

  • «Біздің столдан сіздің столға»

  • «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

  • «Рагу»

  • «Математикалық рулет»

  • «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті

  • «Мерекелік шашу» торты

  • «Мезим

ІІІ. Жеңімпазды анықтау, марапаттау.

Кеш барысы:

І жүргізуші:

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Есеп шығып, тапқырлар мәз болыссын,

Қош келдіңдер, халайық, серпілсін бой!

ІІ жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Есенсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың ,

Сәті келді сыналар.

І жүргізуші:

Есепті түрлі- түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысармыз.

Ойламды сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.

ІІ жүргізуші:

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ-қазыларды ортаға шақырайық!

І жүргізуші: Сіздерден кафенің «Бухгалтерлік мекеме»- деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!

ІІ жүргізуші: Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

І жүргізуші:

Басталық ақыл - ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші.

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

ІІ жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан математика апталығының құрметіне орай «Математикалық кафеге» хош келдіңіздер демекпін! Біздің кафеде бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдерімен күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар:

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар

« Алғырлар» тобын халайық,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

І жүргізуші:

Асып әсте саспайтын,

Батыл қадам бастайтын.

Еркін билеп барынша,

Жарыстан сірә қалыспайтын деп « Зеректер» атты тобын қарсы

алыңыздар!

ІІ жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды оларды.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырайық ендеше, «Білгірлер» атты тобымызды қарсы алайық.

І жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін сезіңіңіздер! Сондай- ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр- сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің эксклюзивті тағамдарынан тамсанып , сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе рационынан колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Соныен бірге біздің кафеде өз қызметін көрсететін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар мен бармендер әрқашан да сіздердің қастарыңыздар табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

ІІ жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлесетіндеріңізді білгіміз келеді, және де осы ішкен астарыңыздың ақысын қалай өтемексіздер? Ендеше, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер! Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздерінің тобымен таныстырып өтуі тиіс.

(Әр топ өздерін таныстырады).

Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ- қазы алқасына беріледі.

І жүргізуші: Ал, енді құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп құрметті кафе

қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді.

Сұрақтар:

5 сыныпқа:

1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Бұл қалай болады ? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).

3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауырма? (бірдей).

6 сыныпқа:

1) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).

2) Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин).

3) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды. (тікбұрыш).

4) Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3).

5) Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1).

7 сыныпқа:

1) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

2) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

4) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

5) Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4 баласы).

ІІ жүргізуші:Сіздерге біздің кафенің ұсынған алғашқы тағамы ұнады ма? Ендеше, әлі де сіздерге тіл үйіртер тартымды тағамдар ұсынылады.

І жүргізуші: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Сіздерге ұсынылған ребуста қандай сөз жасырылған?

1 м ’’ 21


6тп с 8’’’ үу д 1іа

ІІ жүргізуші: Келесі кезекте әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық- «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды көріністерін кезектесіп қоюы керек: 5 сынып - 6 сыныпқа; 6сынып - 7 сыныпқа; 7 сынып- 5 лицей сыныпқа.

І жүргізуші: Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің аспаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар! Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Сөздер:

5 сынып: Аралас – ас, лас, ар, сал, рас, ара, алас, Сара, сал, сарарала, салалас.

6 сынып: Бөлшек – бөшке, бөлке, бөле, өкеше, өлше, бөл, шек, бел, лек, кел, шөл, шөк, шел, кеш, ек, еш, ел, өш.

6 сынып: Теорема – ар, ор, ер, мама, тер, ел, ара, арала, терме, ем, ерме, тор, тар.

ІІ жүргізуші: Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әр түрлі тілүйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады. Егер команда бірінші кезектен жауабын тапса, онда оған 15 ұпай беріледі, екінші кезектен тапса 10 ұпай, үшінші кезектен тапса 5 ұпай беріледі. Астан алып отырыңыздар!

1 топқа: Жол билеті:

Бұл заттың пішіні тіктөртбұрыш тәрізді. Ол қалалы жерде мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. 15 ұпай

Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ. 10 ұпай

Оны сен жай алмайсың. Әр мектепте оны тарататын адам болады. Бұ не?

5 ұпай

2 топқа: Киім ілгіштегі белгіше:

Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетінде сандар бар. 15 ұпай

Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. 10 ұпай

Оны жоғалтып алуға болмайды. Бұл не? 5 ұпай

3 топқа: Транспортир

Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. 15 ұпай

Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. 10 ұпай

Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп- өлшеп алып, түр түрге бөліп тастайды. 5 ұпай.

І жүргізуші: Бас аспазшы ретінде мен сіздерге «Математикалық рулет» атты геометриялық ассорти ұсынамын. Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерінен әр команда 1 минутта тік төртбұрыш құрастыру керек:

Құрметті даяшылар! Біздің қадірменді қонақтардың тауысқан тағамдарын алып, столды келесі тағам түрін әкелгенше тазалап әзірлеңіздер. Жеген тағамның есебін анықтау үшін бухгалтерлік мекемеге тапсырыңыздар.

ІІ жүргізуші: Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десертін ұсынамыз. Ол үшін сіздерге сандарға байланысты мақал- мәтелдер ұсынады. Сіздер мақал- мәтелдердің жалғасын табу керексіздер. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

1- топқа:

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

2- топқа:

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)

3- топқа:

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

І жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Математика- ғылымдар патшасы» - атты кафесінің әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің бас аспазшыларымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый құрмет ретінде «Мерекелік жұмбақ шашу» тортын ұсынады. Тортты жеуден кім шеберлік көрсетер екен, көрелік? Әр жауап бір балл.

1- топқа:

1. Бес ін, бес іннің

Ауызы бір ін. (Қолғап)

2. Төрт қарны бар,

Бір ауызы бар (Үй).

2- топқа:

1. Отыз омыртқа,

Қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған

Ауыз омыртқа (30 омыртқа – уық, 40 қабырға – кереге, ауыз омыртқа шаңырақ).

2. Он қойым болды өміріме азық,

Инемен сарамын құдық қазып,

Жатсам да, тұрсам да, қасымда,

Өзімнен көрген емес кейін қалып. (Он саусақ, сия)

3- топқа:

1. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар (Бас).

2. Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (Киіз үй).

ІІ жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпадыңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауыратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. Ол үшін әр топ үй тапсырмасы ретінде математикаға байланысты би қимылдарын жасауы керек. Енді сіздердің өнерлеріңізді тамашалайық!

І жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Тағы да үйренерміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

ІІ жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан бас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің сүйікті әншісі Рыскелді Мұратбекқызының орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

І жүргізуші:

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділ- қазы сөз алады.

Кешіміздің жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау, сыйлықтар беру.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее