Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
математика пәні мұғалімі
Жамалбаева Жулдыз Тлеубековна
«Математика және біз» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
І: Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты математика, физика және информатика аптылығы аясында 7-8 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Математика және біз» тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
1-тур: Логикалық сұрақтар:
2-тур «Жұмбақтар шешейік!»
3-тур: «Капитандар» сайысы
4-тур «Сиқырлы шаршы»
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
5-тур «Арифметикалық домино».
Ойынды қолында ең кіші сан жазылған карточкасы бар ойыншы бастайды. Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс орындалатындай өзінің карточкасынан сәйкес келетінін жалғастырып қояды. Егер ойыншыда қажетті карточкалар жоқ болса, ойын кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, кім бірінші болып өзінің барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол 10 ұпайға ие болады.
6-тур Адасқан әріптерден сөз құрау
7-тур Көңілді санау
VІІ.Қорытынды.