«Зимний фестиваль знаний 2025»

Квадрат теңдеу.Толымсыз квадрат теңдеулер

Квадраттық теңдеулердің түбірлерінің формуласын пайдалану, толымды, толымсыз квадрат теңдеуді шешу тәсілдерін меңгерту.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Алгебра 8 сынып Күні: 12.12.2017

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу.Толымсыз квадрат теңдеулер

Білімділік: Квадраттық теңдеулердің түбірлерінің формуласын пайдалану, толымды, толымсыз квадрат теңдеуді шешу тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды есептер шығаруда коэффициенттерді ажырата алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз беттерінше есептер шығарта отырып, жеке жұмысын қалыптастыру, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Практик

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, бағалау сұрақтары, проблемалық ой шешу.

Сабақтың көрнекілігі: Жеке жұмыс тапсырмалары

Ұйымдастыру :

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру: №120

Өткен тақырыпты қайталау: «Миға шабуыл»

1.Квадрат теңдеу деген не?

(aх2+bx+c = 0 (а 0) түріндегі теңеуді квадрат теңдеу)

2. Теңдеуді шешу дегеніміз не? (түбірін, шешімін табу)

3. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

( Бірінші коэффициенті бірге тең квадрат теңдеу )

4. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп атайды? (Толық емес квадрат теңдеулерді)

5.Толымсыз квадраттың үш жағдайын көрсет

(1) aх2+bx = 0, c =0; 2) aх2+c = 0, b = 0; 3) aх2 = 0, b=0, c=0)

1. Біліміңді тексер (Ауызша)

Берілген теңдеулердің арасынан толық және толымсыз квадрат теңдеулерді атаңдар

а) х2 + 3х – 19 =0,                    б) х2-7х+11=0,

ә) 4х2+5х=0,                            д) 2х2-5х+1=0,

в) 8х2=0,                                 г) 3х2-21х=0.

ғ) 8х2-3х=0,                             е) х2-25=0,

ж)  х2-4х=45                             з) 18-2х2=0

и) 4х2-28х+49=0                      к) 2х2-5х+3=0

2. Оқулықпен жұмыс, есептер шығару(топпен жұмыс)

№ 124 /1,3,5,7/

3. Сергіту сәті

Теңдеудің шешуі бойынша сандық мақал - мәтел айту.

1) (1;2) «Бір елі ауызға, екі елі қақпақ».

2) (8;1) « Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы»

3) (6;4) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

4) (7;1) «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

5) (1; 10) «Бір тал кессең, он тал ек»
6) (1; 8) «Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы»
7) (30; 40) «Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю»
8) (7; 7) «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал».

Сабақты бекіту

4.Тест тапсырмалары.

1. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін жазыңдар:

7x2 – 8x + 15 = 0

А) а=7; в= -9; с=15      Б) а=7; в= -8; с=15       В) а= 3; в=8; с=4

2. Теңдеудің түбірін табыңдар: х²- 64=0

А) -8         Б) -64 B) 64 D) ±8 

3. 8x + 2 = 0 мына теңдеу квадрат теңдеу бола ма?

А)    иә      Б) жоқ

4. Теңдеуді шешіңдер: x2 + 2x = 0

А) 0-2.      В) Түбірлері жоқ.        С) 0.         D) -2

5. Толымсыз квадрат теңдеуді көрсет:

1)x2 – 6x + 1 = 0 2)7x2 – 3x + 2 = 0 3) x2 + 2x = 0

А)В) 1,2        С) 1     D)3

Тест жұмысының жауаптары.

Сұрақтың нөмері

1

2

3

4

5

Жауаптары

Б

D

Б

А

D

Бағалау

Үйге тапсырма: №124 /2,4,6,8/



















































Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер

Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
Математика – дүниенің формуласы. (Г. Галилей)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Түрі: қайталау
Әдіс - тәсілі: СТО, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі қағаздар, формула
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі
«Теңдеу және түбір» жаттығуы
Жүргізуші «түбір» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де
«квадрат теңдеу» деген кезде 3 оқушы, «толымсыз квадрат теңдеу» деген
кезде 2 оқушы жұптасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді.
Үй тапсырмасын сұрау
Блиц – сұрақтары
Қысқаша көбейту формулаларын ата
Квадрат түбір дегеніміз не?
Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а - ға тең в санын атайды
Квадрат теңдеудің формуласы қандай?
Квадрат теңдеуге мысал келтір
Есептер шығару

Тарихи деректер (квадрат теңдеу құру)
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
16 желтоқсан 1991 жылы
16x ²+12x+1991=0
2) Ұлттық теңгенің шыққан уақыты
15 қараша 1993 жылы
15x ²+11x+1993=0
3) Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды?
1 желтоқсан 1991 жылы
X ²+12x+1991=0
4) Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылдады?
4 шілде 1992 жылы
4x ²+6x+1992=0
5) Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
30 тамыз 1995 жылы
30x ²+8x+1995=0

Логикалық тапсырма
Бір шиді жылжытып теңдікті тура ет.

1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4) Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
5) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6) 6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (Адам орындықта отыр)

Берілген мақалдағы сан есімді тауып, толымсыз квадрат теңдеу құрастыр
1) 1 тал кессең, 10 тал ек. (х ²+10х=0)
2) 5 саусақ 1 - дей емес (5x ²+x=0)
3) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді. (x ²+1000x=0)
4) 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. (7x ²+7x=0)

Сөзжұмбақ
Жауабы:
1) нақты
2) квадрат
3) парабола
4) келтірілген
5) гипербола

Рефлексия: 5 саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жазамыз.
Бағалау (тиын арқылы бағалау)
Үйге тапсырма: №361, формула жаттау

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее