«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Көшедегі алма ағаштары"

Көше бойында өсіп тұрған алма ағаштары туралы түсінік беру. Олардың адамдарға, табиғатқа пайдасы туралы айту. Алма жемісінің пайдасы туралы да түсінік беру.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің “№35 «Балдырған» бөбекжайы”

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры

________________М.М.Кабдрахманова

«___» _________ 2020ж.





(8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік)






Дайындаған: №5 ортаңғы топ тәрбиешісі Айладырова Қ.А

Өткізген: №5 ортаңғы топ тәрбиешісі Айладырова Қ.А








Ақтау қаласы

2019-2020 оқу жылы

Мақсаты: Балаларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету. Ата-анаға деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту. Сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы құрдас,

Бармысыздар жан күйер әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенімен біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

Жүргізуші:

-Құрметті көрермендер, қонақтар, бүгінгі «Ана өмір шырағы» - атты мерекелік ертеңгілегімізге қош келдіңіздер! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүздеріңізден күлкі кетпей, балаларыңыздың алдында жаздай жадырап, жайнап жүре беріңіздер. Ендеше №5 ортаңғы топ бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз. Бүгінгі ертеңгіліміз ерекше болмақ, «Көктем аруы» сайысының «Ханшайымын» шығару.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз.

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз., - дей келе ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.

Ортаға шыққан балалар мен аналарын қосып таныстырып өту.
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Сіздерге әділ бағасын беріп, бағалайтын әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейін:

1.Бөбекжай директоры: Кабдрахманова М.М.

2.Бөбекжай әдіскері: Айтбаева Қ.К.

3.Бөбекжай тігішісі: Тәжібаева Құндыз апай.

Әділ қазылар алдындағы ең жоғары баға «5» ұпай болып табылады және оған қосымша «4» және «3» деген бағамен бағаланады.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады.

1.Сәлем- сөздің анасы! (таныстыру)

2.Білімді мыңды жығар! (сұрақ-жауап)
3. Қыздарға әсемдік жарасады! («Көктем сән үлгісі 2020»)

4. Көктемгі тағам!

Жүргізуші:

Біздің аналарымызға қоятын талабымыз:
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінекей, осының барлығы сынға алынып, әділ-қазылар алқасымен бағаланады. 

Жүргізуші:

Алғашқы сайысымызды бастамас бұрын, мерекелік тақпақтарға кезек берсек. Және де қыздарымыз бен ұлдарымыздың дайындаған «Орыс биін» тамашалайық.

Тақпақтар:

1.Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

2.Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар.

3.Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

4.Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

5.Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар.

Би: «Орыс биі»

Жүргізуші:

- Бірінші сайысымыз «Сәлем - сөздің анасы» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе./ Таныстыру кезеңі бойынша әділ қазылар бағалары./

Аналарымыз келесі кезеңге дайын болғанша, балаларымыздың «Мамочка моя милая» әнін қабыл алыңыздар!

Ән : «Мамочка моя милая»

1. Больше всех я люблю,
Мамочку мою.
Папу, брата и сестренок -
Всю мою семью.
Каждый день я встаю,
И песенку пою.
Про самую лучшую,
Мамочку мою.

Припев:
Мамочка моя милая,
Самая красивая.
Нежная, любимая,
Мамочка моя.

2. Всей семьею большой,
Дружно мы живем.
Мы рисуем, поем,
Строим новый дом.
В биллиард, волейбол,
Любим поиграть.
Путешествовать,
С дельфином 
Плавать и нырять.

Припев

3. Маму с праздником весны,
Поздравляем мы.
И подарим ей розы -
Нежные цветы.
Нарисуем небо, солнце
И мою семью,
А я любимой мамочке,
Песенку спою.

Припев.

Жүргізуші:

-Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік- деп, сайысымыздың екінші кезеңін тамашалайық, «Білімді мыңды жығар». Бұл сайыс кезеңі бойынша аналарымызға және балаларына бірнеше сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап беруіне байланысты жұптар бағаланады.

Аналарға қойылатын сұрақтар:

1.Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас  (ет)

2.Қу аң (түлкі)

3.Еңбек сүйгіш жәндік? (құмырсқа)

4.Көктем айларын ата, қазір көктемнің қай айы?

5.Бес мысықтың неше аяғы бар?

6.Қай жануарда қалта бар?

7.Жыл мезгілдерін ата.

8.Көктемнің алғашқы гүлдері

9.Наурыз айында қандай мерекелер бар?

10.Қыс бойы ұйқыда болатын жабайы аң? (аю)

11.Мақалды аяқта: Ағайын алтау, ал ана......... /біреу/

12.Ананың көңілі балада, баланың көңілі.......... /далада/

13.Төрт итте неше көз бар?

14.Көктем айларын ата.

15.Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Мойны ұзын, көзі үлкен,

Бұл не өзің тауып ал? /түйе/

Балаларға қойылатын сұрақтар:

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Көктемде неше ай бар?

  3. Аю қандай жануар? 

«Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап кезеңі бойынша әділ қазылардың бағаларына кезек берсек.

Жүргізуші: Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалып болғанша, балаларымыздың «Вальс» биін тамашалаңыздар.

Би:«Вальс»
Жүргізуші: Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын  бөліміне де кезек келді. 

Қазір аналарымыздың өздеріне және балаларына дайындаған киім үлгісін тамашалайық. Бұл кезеңнің шарттарымен танысып өтсек, сайыскерлеріміз көктем мезгілінің әсемдігін көрсету мақсатында, түрлі көктемгі киімдер дайындау. Табиғи материалдардан да жасауға болады.

Жүргізуші: Ендеше әр жұпты ортаға шақырамыз. /Сайыс кезеңін қорытындылау үшін әділ қазылардың бағаларын көрсек./

Жүргізуші: Бүгінгі келген қонақтарға арнап жаттаған балалардың орыс және ағылшын тіліндегі тақпақтарын тыңдайық.

1.Маму любят все на свете,

Мама первый друг.

Любят мам не только дети,

Любят все вокруг.

2. Кто на свете лучше всех,

Вам любой ответит.

Наши мамы, наши мамы

Лучше всех на свете!

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі: «Көктемгі тағам» жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындау.

Жүргізуші: Төртінші кезеңге қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

Төртінші кезең бойынша, қатысушыларымызға әділ қазы алқаларының берген бағаларына назар аударсақ./әділ қазы мүшелері бағаларын көрсетеді./

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізсе мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына уақыт береміз. Әділ қазылар алқасының шешімі дайын болғанша, балалардың әжелеріне арнаған «Әжетайым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән:«Әжетайым»

1.Сағындым әже өзіңді,
Мейірімді көзіңді.
Ертегіңді сағындым,
Құлыным деген сөзіңді. 2 рет
Қ-сы
Сағындым әже сағындым,
Мейіріміңе табындым.
Демалысқа шығамыз,
Аяғында мамырдың.
Сағындым әже сағындым,
Ағайын-туған бауырды.
Қуат алып келейін,
Топырағыңнан ауылдын.
Сағындым әже сағындым.
2.Сағындым әже сен үшін,
Даналықтың –кенісің.
Құрт-майыңды сағындым,
Сақтап қойған мен үшін. 2 рет
Қ-сы
Жүргізуші: Осылайша, «Көктем аруы» сайысы өз мәресіне жетті. Әділ қазы алқаларының шешімін тындап, қатысушыларымызды марапаттасақ.

/Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі/

Жүргізуші:  Марапаттарыңыз құтты болсын аналар! Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім... Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілейміз.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

   Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

   Ана деген бәйтерегі өмірдің,

   Ана деген алтын қазық алтын бақ!,- дей келе бүлдіршіндеріміздің жасаған сыйлықтарын сыйлауға рұқсат етіңіздер. (Балалар өздері дайындаған сыйлықтарын аналарына береді). Осымен бүгінгі «Ана өмір шырағы» атты мерекелік ертеңгіліміз аяқталды. Көріскенше, қош сау болыңыздар!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее