«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қош келдің "Жаңа жыл" сценарий

утренник на новый год для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Қош келдің, Жаңа Жыл”


Балалар әуенмен залға кіреді.

Тәрбиеші: Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Тақпақ айтып, би билеп,

Жаңа жылды бастаймыз.

Құрметті қонақтар, әріптестер, көптен күткен мерекеміз Жаңа Жыл да келіп жетті. Жаңа Жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.

Балалар: Ән “Шырша жыры”

Көңілді әуенмен сиқыршы келеді.

Сиқыршы: Жаңа Жыл келді,

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын Жаңа Жыл.

Балалар, қонақтар, сәлеметсіздер ме? Өздерің қандай әдемісіңдер. Айнала неткен әдемі, керемет, шыршамыз да өте әсем, ойыншықтар алуан түрлі.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сиқыршы? Біз саған өте қуаныштымыз. Төрлет,

біздің қонағымыз бол.

Сиқыршы: Балалар, шыршамыз көңілсіз болып тұр, шыршамен бір ойын ойнайық.

Ойын: “Шырша”

Балалар шапалақтайды, шамдар жанады. Ал енді шамды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз. Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.


Ән: “Құтты болсын Жаңа Жыл”

Залға әуенмен қасқыр мен түлкі кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, бұл қандай ертегінің кейіпкерлері?

Балалар: “Қасқыр мен қу түлкі” ертегісінен келді.


Қасқыр мен қу түлкі: Сәлеметсіздер ме, балалар? Сендердің көңілді

дауыстарынды естіп келдік. Қандай әдемісіңдер,

шыршаларың тамаша екен.

Түлкі: Мені қу түлкі демеңдерші, мен сұлу түлкімін.

Қасқыр: Біз келе жатып, жолдан мына құмыраны тауып алдық.

Түлкі: Қасеке құмыраны екеуміз бірге тауып алдық деп таласа бергенде,

құмыра жерге түсіп қалады. Ішінен мыстан кемпір шығады.

Мыстан: Мен шықтым-ау ақыры қараңғы жерден, мені сиқырлап тастап еді.

Мына шыршаның әдемісін-ай, үйіме алып кетсем бе екен?

Сиқыршы: Мыстан, балалардың мерекесіне кедергі келтірме, одан да бізбен

бірге жаңа жылды қарсы ал, әйтпесе қайтадан сиқырлап

тастаймын.

Мыстан: Менің бір шартым бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын

тапсаңдар, мен қаламын, ал егер таба алмасаңдар, шырша менікі!


  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады. (қар)


  1. Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады. (аяз)

Балалар, жұмбақ шешілді. Жарайсыңдар, қандай ақылдысыңдар. Мен сендермен Жаңа Жыл тойлаймын.

Ән: “Шырша әні”

Мыстан: Балалар, қандай өнерлісіңдер, жарайсыңдар. Мен де сендермен

билегім келіп тұр.

Би: “Көңілді орындықтар”

Тәрбиеші: Балалар, біздің мерекемізге Аяз Ата мен Ақшақар кешігіп жатыр,

бәріміз дауыстап шақырайық.

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар деп шақырады. (3 рет)

Әуенмен Аяз Ата мен Ақшақар келіп кіреді.

Аяз Ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын.

Келе жатырмын, келе жатырмын.

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім шалғыным,

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығын.

Амансың ба, ұлдарым,

Аппақ ару, қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың.


Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен түрімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар, қош келдіңіздер!

Балалар: Ән: “Жаңа Жыл, жаңа жыр”

Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар, біздің балаларымыздың Жаңа жылға жаттаған

тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Аяла: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрле, төрле, Жаңа Жыл,

Бізге құтты жыл болсын.


Милана: С новым годом поздравляю,

Всех людей на свете,

Пусть он станет самым добрым

Годом на планете!


Байдаулет: Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағынған,

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз Ата сағынған.


Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар! Енді сендердің шыршаларыңды жағайық.

Қандай сиқырлы сөзді айтамыз?


Балалар: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)

(шырша шамы жанады, алақайлап қол соғады)

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар!

Ақшақар: Балалар, мен сендермен бір би билегім келіп тұр.

Би: “Ұлпақарлар” биі

Қасқыр мен түлкі: Біз де балалармен ойын ойнайық

Ойын: “Кедергіден өту”

Тәрбиеші: Түлкі, қасқыр, сендерге рақмет! Балалар сергіп қалды.

Би: “Гномдар биі”

Тәрбиеші: Балалар, менің сендерге әкелген сыйлығым бар еді, мына ғажайып

қорапшадан ең сүйкімді баланы көресіңдер. Балалар кезекпен

қораншаны ашып, мәз-мейрам болып қуанып жатыр. Өйткені

қораптың ішінде айна болады, өздерін көріп балалар қуанып

жатыр.


Ақшақар: Аяз Ата, енді жаңа қоян жылын ортаға шақырайық.

Ән ырғағымен залға жаңа жыл қоян кіреді.

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар?

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық шаттанып.


Тәрбиеші: Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!


Би: “Жаңа жыл” биі.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее