«Зимний фестиваль знаний 2025»

Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері

4 сынып бойынша математикадан сабақ жоспары

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Имангалиева Гульжамига Тилепиевна

Телефон-87781600572, 87058317272

Пәні: Математика

Уақыты:

Кабинет: 4

Мұғалім: Имангалиева Гульжамига

Сабақтың атауы

Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақтың жабдығы

АКТ, бейнебаян, қағазға жазылған сөздер, сандар, есептер, сызба, деңгейлік тапсырма, фламастер, т.б.

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастыру. көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Білімдерін тереңдете түсу. Жаңа технологиялардың элементтері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сын тұрғысынан ойлау, оқушыларды сенімділікпен жұмыс жасауға, бар ынтасын оқуға берілуге, бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, өз пікірлерін ашық білдіруді талап етеді. Өз беттерінше жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге ынталандыру.

Сабақтың әдіс-тәсілідер: СТО технологиясы, топпен жұмыс, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ( ой қозғау)

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту  нәтижесі








Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Cабаққа даярлық

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын.

Қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын.

Қандай әдемімін.

Менің көңіл күйім өте тамаша!

Мен бүгінгі сабаққа дайынмын.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Топқа бөлу

Шарлар арқылы топтарға бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру.

Тірек білімді белсендіру тиянақтау

«Сұрақтары бар қорап» әдісі

-Сандар класын ата. (Миллиондар класы, мыңдар класы, жүздіктер класы)

-Бірінші класс бірліктерін ата.

-Екінші класс бірліктерін ата.

-Қосылғыштардың қандай қасиеттерін білесің?

-Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосындының мәні өзермейді. Бұл қандай қасиет?

-Қосу амалын қандай амалмен тексереміз?



Мақсат қою

Мағынаны тану Қызығушылықты ояту

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.

-Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

-4 сынып

-Яғни, бастауыш сыныптың соңғы сыныбын оқып жатырсыздар. Келесі жылдан бастап жоғарғы сынып оқушылары атанасыздар. Жоғарғы сыныпта пәндер саны көбейеді. Сол кезде сіздерге әр пәннен әр пән мұғалімдері сабақ береді. Бүгінгі сабағымызға сол жоғарғы сыныпта сабақ беретін мұғалімдер сіздердің білім деңгейлеріңді анықтау мақсатында әр түрлі тапсырмалар жіберіпті. Сондықтан бәріміз бүгінгі сабақта ат салысайық, .

1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар апайларыңның тапсырмасы

  • 315 693 қандай сан есім?

1.Өз орнына қой

(Әр топтан бір оқушы ауызша түсіндіреді.)

Баған түрінде дұрыс жазылған мысалдарды анықта.

Дұрыс жазылмаған мысалдарды тақтаға жаз.

І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ

54376 74790 39246 800 40005 752

+ 20414 - 20414 + 759 - 48 - 759 + 48

І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ

54376 74790 39246 800 40005 752

+ 20414 - 20414 + 759 - 48 - 759 + 48

74790 54376 40005 752 39246 800

2. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Орынгүл апайларыңның тапсырмасы

  • Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?

2. Тақтамен жұмыс. Баған түрінде жазып алып, амалдарды орында:

І топ

42709+27592=70301 48 т 507 кг - 2 т 383 кг = 46 т 124 кг

II топ

37907+22093=60000 27 км 276 м + 32 км 534 м = 59 км 810 м

IIІ топ

98257-39749=58508 52 м 586 мм +27 м 397 мм =79 м 983 мм

IV топ

58753-27954=30799 96 т 528 кг – 45 т 107 кг = 51 т 10 мм

3. Биология пәнінің мұғалімі Гүлназ апайларыңның тапсырмасы

  • Адамның қанша жұп қабырғасы бар?

3. Жұптық жұмыс. Амалдарды орында:

I топ III топ

5891-971=4920 5782-6=5776

37931-5721=32210 835009-792006=43003

5м88мм-3м72мм=2м16мм 105кг36г-97кг25г=8кг11г

II топ IV топ

9082-8048=1034 5782-56=5726

5782-456= 5326 5782-3456=2326

3т256кг-1т34кг=2т222кг 42ц42кг-8ц37кг=34ц5кг

4. Ағылшын пәнінің мұғалімі Ақханым апайларыңның тапсырмасы

  • «Мен төртінші сыныпта оқимын» деген сөзді ағылшын тілінде айт.

4. Топтық жұмыс. Теңдеулерді шеш және тексер:

I топ III топ

х+205=1708 х-96=705

х=1503 х=801

II топ IV топ

290+х=1505 х-412=1701

х=1215 х=2113

5. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Айша апайларыңның тапсырмасы

  • У нас в классе есть двадцать четыре ученика

5. Топтас, бірік, талқыла

Оқушылар үш күнде 2570 кг алма жинады. Олар бірінші күні 675 кг, екінші күні бірінші күнгіден 2 есе артық, ал қалғанын үшінші күні жинады. Оқушылар үшінші күні неше кг алма жинады?

Ш: 1 күні-675кг

2 күні-?, 2 есе артық 2570 кг

3 күні-?

Ш: 675·2=1220

2570-(1220+675)=675

Ж: 675 кг алма жинады


Сергіту сәті

6. Музыка пәнінің мұғалімі Райхан апайларыңның тапсырмасы

  • Музыкада неше нота бар?

Бейнебаян арқылы билеу.

Оқушылар сергіп алады


Ой толғаныс

7. Математика пәнінің мұғалімі Тұрсынгүл апайларыңның тапсырмасы

  • Ойлан, тап!

1-топ

Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. 
Сонда әкемнің неше баласы бар?

Жауабы: 8 баласы бар.
2-топ

Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.

Жауабы: 2 қыз, 2 ұл.

3-топ

Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста.

Жауабы: 4 жас, 8 жас, 12 жас.

4-топ Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады. Жауабы: Бір атта 8 шақырым шабады.

Қорытындылау

8. Тарих пәнінің мұғалімі Алдияр ағайларыңның тапсырмасы

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына неше жыл?

  • Сауалнама

Жауаптар

1. в

2. д

3. д

4. а

5. с

6. д

7. д

8. с

9. д

10. а

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. №8,9.

Күнделіктеріне жазады.

Рефлексия

 Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады.

Бағалау

Оқушылар алдымен бір-бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее