Тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз
Мақсаты: 1. Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Қонақжайлылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СКТ
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: 1) ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізу. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейміз. Мысалы,
Абай:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол, -
Деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды.
2) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу. Мысалы, Абай бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болуды айтады. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.
Тыныс белгісі:
А: - Төл сөз! – А.
156-жаттығу. Берілген мысалдардан төл сөзді өз алдына, төлеу сөзді өз алдына топтап жазыңдар да, төл сөз бен төлеу сөздің астын түзу сызықпен, автор сөзінің астын ирек сызықпен сызып, олардың жігін көрсетіңдер.
157-жаттығу. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңдар.
Синтаксистік талдау.
Үйі қалада болғандықтан, ол демалыс күні көп ешқайда шыға қомайтын, сондықтан да старосталыққа ұсынылған еді.
Үйі болғандықтан – қиысу, предикаттық қатынас, етістікті тіркес.
Қалада болғандықтан – етістікті тіркес, синтетикалық тіркес, пысықтауыштық қатынас, меңгеру.
Ол шыға қоймайтын - қиысу, предикаттық қатынас, етістікті тіркес.
Демалыс күні шыға қоймайтын – етістікті тіркес, пысықтауыштық қатынас, жанасу
Ешқайда шыға қоймайтын – етістікті тіркес, пысықтауыштық қатынас.
Старосталыққа ұсынылған еді – етістікті тіркес, синтетикалық тіркес, меңгеру
ІІ Бекіту
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Дайрабай: «Мал бағып, егін салып әуре болғанша, сол дұғаны оқып отыра бермейміз?» - депті.
Ақысына не аласың, маған ана балшық атыңды берші, - деп, Шоқан зорлық емес, ықтиярмен алмақ болды.
IV Рефлексия
V Үй тапсырмасы
Көркем шығармадан төл сөзге мысал теріп, төлеу сөзге айналдыру.
VI Бағалау