«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қазақ тілі пәнінен "Әңгімелеу мәтіні" 4 сынып

Бастауыш сыныптарға арналған сабақ жопары. Қазақ тілі пәнінде Әңгімеле мәтіні бойынша жұмыс.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әңгімелеу мәтіні

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік  беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау.

ә) Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тілін,ойын дамыту.Өз пікірлерін дәлелдеуге,өз ойын жүйелі баяндауға үйрету.

б) Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру,ой қозғау,мағынаны ашу,ой толғаныс.

Көрнекілігі: Сызба,портреттер,суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам?    Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ?    Үйрену.ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің?        Тірлік,тірек ,адамдық.

Әрбір сөзің?      Шындық,бірлік,адалдық.

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият  болайық.

Үй тапсырмасын сұрау


ББ кестесін толтыру

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мәтін

әңгімелеу      сипаттау     пайымдау

не істеді ?       қандай?       неліктен?               

Әр мәтіннің сұрағын және ерекшелігін  түсіндіру.

1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады?

2.Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз?

3.Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады?

ә) Мәтіннің түрлерін ажырату.

1.Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.

Тақырыбы:

Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

Тақырыбы: Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

3. Лашын-жыртқыш құс.Оның арқасы көк сұр.Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір.

Тақырыбы:

Мәтіннің түрі:

Неге олай ойлайсың? түсіндір.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

 Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Ой толғаныс

Үш қатарға тапсырма беру.

1-қатар.     Қасқырдың суреті.Сөйлемді жалғастырып,мәтін құра.

Қасқыр жыртқыш аң,себебі....

Сөйлемді жалғастыр.Бұл қандай мәтін? дәлелде.

2-қатар.

Тоқылдақтың суреті.

Мен орманнан тоқылдақ көрдім.......

Бұл қандай мәтін?дәлелде

3-қатар.

Домбыраның суреті.

Асыл домбыра үйірмесіне  қатысады.

Бұл қандай мәтін? дәлелде.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее