«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Технологиялық карта

Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Мақсаты:реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекі құралдар: көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Билингвальді компонент:бір-один,екі-два

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Мақсаты:реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекі құралдар: көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Билингвальді компонент:бір-один,екі-два

қызмет кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс -әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

«Жұмбақтың шешуін man» ойыны. Тәрбиеші балаларға екі, үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады:

Екі аяғым оны Кезек-кезек тебеді.

Тепкен сайын Алысқа желеді.

Тәрбиеші сұрақ қояды:

Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті?

Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуі: велосипед.


Екі, үш, төрт, бес.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

1-тапсырма.

Тәрбиеші г балаларға тапсырма береді:

  • Балалар, гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар. Біріншісін қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен.

  • Гаражға барлығы неше машина кірді? Тәрбиеші гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші, ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады. Тәрбиеші гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.

  • Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?

  • Ал қызыл ше?

  • Екінші қатардағы сары машина нешінші?

  • Бірінші қатардағы қызыл машина ше?

  • Бірінші қатардагы жасыл машина нешінші?

Сергіту минуты.

Оңга бір қадам,

Солга бір қадам Айналып билейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам Айналып билейміз.

2-тапсырма.

Тәрбиеші сұрақ қойып, тапсырма береді:

Үшбұрышта неше дөңгелек бар?

- Дөңгелекте неше шаршы бар?

- Шаршы мен дөңгелектегі

фигуралардың саны туралы не айтар

едіңдер?

- Үшбұрыштағы, дөңгелектегі

фигуралар санына сәйкес келетін

цифрды бастырып жазыңдар.

3-тапсырма.

Тәрбиешбалалардың назарын үшінші

тапсырмаға аударады:

- Бесікарба қандай геометриялық

фигуралардан құралған?

- Бесікарбада қанша фигура болса,

шаршыларға сонша геометриялық

фигураның суретін салыңдар.

- Неше фигура салдыңдар?

4-тапсырма.

Балаларға машиналардың суретін

көрсетеді:

- Балалар, суретші машиналардың

суретін салды. Бірақ басқа затқа

алаңдаймын деп кейбір бөліктерін

салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда

тұрған машинаны мұқият қарап шығып,

төмендегі машиналарға жетпей тұрған

бөлшектерді салып шығайық.

Балалар көліктерді бояйды.






Гаражға үш машина кірді.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.



Бірінші.

Үшінші.

Екінші.

Бірінші.

Үшінші.




Балалар жаттығу жасайды:

Оңға бір қадам, Солға бір қадам Айналады.

Алға бір қадам, Артқа бір қадам Айналады.



Бес дөңгелек бар.

Бес шаршы бар.

Әртүрлі орналасқанына

қарамастан дөңгелек

пен шаршының саны тең.





Арба үшбұрыш,

дөңгелек,

тіктөртбүрыштардан

құралған.

Балалар фигуралардың

суретін салады.

3 үшбұрыш,

2 дөңгелек, 2тіктөртбүрыш.




Балалар машиналардың

жетпей түрган жерлерін

салып шығады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бақылау жэне өзі атқарған

жұмысқа бағаберу.

Тәрбиеш сабаққа белсенді қатысқаны

үшін балаларды мадақтайды.

Балалар өз

жұмыстарын педагогтің

қолындағы үлгімен

салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: 5 цифрын; реттік санауды; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын;

Түсінеді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыруды.

Қолдана алады: санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее