«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Іі дыбысы мен әріпі"

Іі дыбысы мен әріпі туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «І,і дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: Оқушыларды і дыбысымен таныстыру



Білімділік: « І » дыбысының оқылу түрімен, жазылу түрімен таныстыру. Кедергісіз айтылатынын түсіндіре отырып, дауысты екенін айту. Сөздің басында, ортасында, аяғында қалай дыбысталатынын түсіндіру. Бас әрпімен, кіші әрпімен дыбыстық талдау жасап үйрету.


Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, сұраққа толық жауап бере отырып, ойларын толық жеткізе білуге, татулыққа, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.


Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.


Түрі: Ертегі сабақ


Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сипаттау, салыстыру

Көрнекілігі: Баспа, жазба түрі, ірімшік, бесік, ін, із суреттері. «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері ( ата, әже, қыз, күшік, мысық, тышқан).

Пәнаралық

байланыс: Математика, дүниетану.


Барысы:

  1. Психологиялық дайындық.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Бүгін бізде сабақта бір-бірімізге гүл шоғын сыйлап, тілек айтуымыз керек. Жиналған гүлді «тілек гүлі, шоғы» деп атаймыз.

  • Бүгін бізде ерекше сабақ, қандай ертегіні білеміз?

  • Мына ертегі қай ертегінің кейіпкерлері? Ата-әже, қызы, күшік?

  • Шалқан!!!

  • Ендеше біз бүгін «шалқан» ертегісін көрсетеміз.

Бір күні ата кетпенін алып, шалқан егуге келеміз, біз де атаға көмектесеміз.(телефонмен сөйлесіп сұрау). Су құйып, күнделікті қарап жүрсек бір күні шалқанды көруге келсек, шалқан үлкен болып өсіп кетіпті. Ата қанша тартып көрсе де, шалқанды жерден суыра алмапты. Кәне біз көмектесіп жіберейік.

Атасы әжені шақырады, қанша екеуі тартса да шығара алмайды. Енді біз көмектесейік.








«Сөз құра» ойыны











«Кеме» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

«кебеже»

«кесе»


  • Балалар біз үстімізге не киеміз?

  • Киім!

  • Киімімізде не болады?

  • Ілгек!

  • Сабақтан келгеннен кейін, киімізді қайда ілеміз?

  • Ілгішке!

  • Ілгіш бізге неге керек?

Осы сөздер қандай дыбыстан басталады?

  • Кәне І-деп айтып көрейік!

  • І-І-І!!!

  • Қай үйге кіреді?

  • Дауысты дыбыс қызыл үйге кіреді.

Ендеше суретпен жұмыс. Қызы келеді.

Ірімшік, іні, тіс, тіл.

Ірімшік – дастарханға қойылатын тағам. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі, сүттен жасалады.


Оқулықпен жұмыс. Күшік келеді.

Іні – бауыры

Ірі – ірі мал сиыр, жылқы, түйе

Кісі – адам

Кіші – жасы кіші

Жеміс – алма, алмұрт

Білім – оқу, кітап

Тіл – адамның сөйлеу құралы

Піл – аң

Тіс – адамда 32 тіс

Кілт – бірі үй күзетіп қалса, бірі жүрер қалтада.


Мысық келеді.

Мақалды талдап оқу. Көрініс: Атасы мен немересі.

Кітап – білім бұлағы.

Қандай?

Ауыр-жеңіл

Жуан-жіңішке

Алыс-жақын

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс.

Төменгі жағы солға қарай имектелген көлбеу

І – бас әрпі

Төменгі жағы оңға қарай ілмектелген көлбеу

І – кіші әрпі

Екі жолын жазу, бір-бірінің дәптерлерін алып тексеру.


Тышқан келеді, жұлып аламыз.









Кәне осы кейіпкерлердің ізін табайық.

  • қандай оқушы?

  • Ізетті оқушы.

Ірімшікті жедің ғой?

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған.

Қайсы әріптен басталған?

Мен үшін жаңалық. Мен не білдім? Нені білмедім?


Үйге тапсырма: «І дыбысы мен әрпі»


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее