«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ересек тобына ұйымдастырылған оқу қызметі. «Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек». «Бір-көп», «үлкен-кіші»

Мақсаты: Білімділік: балаларды беске дейін санауға жаттықтыру, геометриалық пішіндер ( шаршы, дөңгелек, үшбұрыш) жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету,

Дамытушылық: заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру.

Тақырыбы: «Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек». «Бір-көп», «үлкен-кіші»

Мақсаты: Білімділік: балаларды беске дейін санауға жаттықтыру, геометриалық пішіндер ( шаршы, дөңгелек, үшбұрыш) жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету,

Дамытушылық: заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Демонстрациялық материалдар: үйдің суреті, геометриялық пішіндердің (дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш) ертегілік кескіндері.

Үлестірмелі материалдар: бөліктерді қою үшін қажетті ақ шаршы, түрлі түсті бөліктерге бөлінген шаршылар.

Сөздік жұмысы: бөлік, бөлшек, қабырға, бұрыш.

Қостілдік компонент: шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник, дөңгелек-круг, бұрыш-угол


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

«Балабақша» 01-«Г»-№3

Күз келді, күз келді !

Бәріне мектепке баратын кез келді.

Балалар бақшасыда,

Оларды асыға күтеді.

Күз мезгілі туралы, күздің ерекшеліктері туралы сұрақтар қояды.




Бүгін қызықты ертегі айтып беретінін хабарлайды.



Бәрі бірге айтады.


Балалар күз туралы өлең

жолдарын мұқият тындады.


Сұрақтарға жауап береді, күз ерекшеліктерін атайды; күзде суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Әңгімелеу

-Бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін. Бұл –ерекше ертегі.

Жазық далада орналасқан үйшік,

Ол аласа да, қысқа, биік те емес.

Ерекше бір үйшік.

Батпақтан бір үшбұрыш келеді,

Қақпаның жабық екенін көреді.

Ей, құлып, ашыл жылдам!


Тақтада үйшіктің көрінісі. Үшбұрыш пайда болады.



-Егер үшбұрыш сөйлей алған болса өзі жайлы не айтар еді?

-Үшбұрыш үйшікке кіргісі келеді, бірақ сиқырлы дауыс оған: «Балалармен ойна, сонда кіргіземін»,-деді.


Мұқият тыңдайды, қарайды.

Ертегі, расында да ерекше екенін, пішіндер туралы екенін

білді.






Ертегі кейіпкеріне ұқсас үшбұрышты көріп, қызығушылық танытады.


Менің үш қабырғам, үш бұрышым бар, менің түсім қызыл.


Дидактикалық ойын: «Біреу және көп» Балаларды заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды ұсынады.




Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды.

-Кім келіпті?

Шаршы мен үшбұрышты салыстыруды ұсынады.






Дидактикалық ойын: «Шаршы құрастыр»

Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.



Сергіту сәті:






Үшбұрыш пен шаршы бірге тұрып жатты.

Сонда үйшіктің маңында жаңа қонақ пайда болды.

-Бұл кім?

-Дөңгелек қандай болады?


-Ол не істей алады?

-Шаршы мен үшбұрыштан қандай айырмашылығы бар?


Сөйтіп барлығы бірге тұрыпты.

Балалар ойынды өте қызығушы-

лықпен ойнады. Олар біреу көп мағынасын түсінді: Мысалы: сағат біреу- ойыншық көп, тақта біреу-парта көп, деп жауап береді.





Шаршы келгенін айтады.

Шаршы мен үшбұрышты салыстырады. Бәрі бірге шаршының бұрыштарын санайды, барлық қабырғалары- ның бірдей екеніне көздері жетеді.


Ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасауға тырысады.


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қоссақ егер екеуін,

Болады екен он саусақ.

Барлығы бірге айтады.





Дөңгелек екенін айтады.

Дөңгелек домалақ, бұрыштары жоқ.

Ол дөңгелейді.

Дөңгелектің бұрыштары жоқ,

Шаршы мен үшбұрыштың бұрыштары бар

Рефлесивті-түзетушілік

Қорытынды:

-Үйшікте қандай пішіндер тұрады?


-Олар бізбен қандай ойындар ойнады?


«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Жақсылыққа құмармыз» 01-«Ж»№8

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Сұрақтарға жауап береді.

Үйшікте үшбұрыш, дөңгелек шаршы тұрады.

Балалардың еркін жауабы.




Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыруды, «бір» және «көп» деген ұғымдарды ажыратуды.

Болу керек: Геометриялық пішіндер туралы түсігіктері (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек)

Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындай алуды, пішіндерді бір-бірімен салыстыруды, қорытынды жасауды.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее