«Зимний фестиваль знаний 2025»

Әдебиеттік оқу. 3 сынып Мейірім.

Пәні. Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: "Мейірім"

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Пәннің аты

Уақыты:

22.12.2016 ж.

Кабинет: №3

Мұғалім:

Амандыкова Г.Ж

Сабақтың атауы

«Мейірім» М.Құлибайұлы.

Мақсаты


Сабақтың әдісі: Көрнекілігі Сабақтың түрі Пәнаралық байланыс

«Мейірім» әңгімесін оқытып,идеясымен мағынасын аша отырып,түсінік алып,мейірімді болуға баулу.
сұрақ - жауап, түсіндіру, бейне фильм көру.:.
:

Интербелсенді тақта,қыс мезгілінің суреттері.:

Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту

дүниетану, қазақ тілі,өзін-өзі тану.



«Мейірім» әңгімесін оқытып,идеясымен мағынасын аша отырып,түсінік алып,мейірімді болуға баулу.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

-Сәлеметсіздер ме,балалар!Кәне,барлығымыз ортаға шығып,шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-бірімізбен амандасып алайық.(Оқушылар үш тілде амандасады) Бір-бірімізге сәттілік тілейік.(Оқушылар үш тілде бір-бірлеріне сәттілік тілейді)

-Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің нешінші айы?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-Ал,16 желтоқсан қандай күн?

-Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр?

-Жарайсыңдар,балалар,сіздерді тәуелсіздікке 25 жыл толуымен құттықтай отырып,бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 25 жыл толуына арнаймыз.

-Жарайсыңдар,балалар,сіздерге де сәттілік

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



















Миға шабуыл








Топқа бөлу.ақкөңіл,кішіпейіл,қамқоршы,әдепті сөздері арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топтық жұмыстың ережелерін құрады.

  • Топ басшысын сайлап алу.

  • Жоспар бойынша жұмыс істеу.

  • Бәрін тыңдау.

  • Бір шешімге келу.

  • Тәртіп сақтау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген Советхан Ғаббасовтың«Қызыл түлкі» әңгімесі сұралады.

-Жарайсыңдар,балалар,үй тапсырмасына жақсы дайындалып келген екенсіңдер,өте жақсы.

Енді,әдеттегідей сиқырлы қобдишамызда қандай тапсырма берілгенін қарайық


Шеңбер бойымен хат жазу.

-Әр топ басшысы келіп,тапсырманы ала қойыңдар.

Әр топқа сұрақтар беріледі.Таңдап алған сұраққа жауап береді. Топ басшысы сұрақтың жауаптарын оқиды.

1 топ:

1.Туда бейнеленген суреттер нені білдіреді?

2.Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесің?

3.Қазақстанның астанасы қай қала?

4.Астана қаласындағы Бәйтерек туралы не білесің?

2 топ:

1.Біздің президент кім?

2.Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?

3.Астана қаласындағы Ханшатыр ойын-сауық орталығы туралы не білесің?

4.Қай жылы тәуелсіздік алдық?

3-топ:

1. Мемлекеттік рәміздерді ата.

2. Әнұран авторлары кім?

3.Астана қаласындағы Думан ойын- сауық орталығы туралы не білесің?

4. Сен қай облыста тұрасың?

4-топ:

1. 1-желтоқсан қандай мереке?

2.Астана қаласындағы Цирк орталығы туралы не білесің?Ол жерде нелер болады?

3. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына неше жыл толып отыр .

4.Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

Болжау стратегиясы.

-Оқушылар,әдебиеттік оқудан қандай бөлімде жүрміз?

-Дұрыс айтасыңдар, «Туған жерге қыс келді» бөлімінде жүрміз.

-Бүгінгі сабағымызда М.Құлибайұлының «Мейірім» әңгімесімен танысқалы отырмыз.

Мейірім сөзінің мағынасын ашу.

Кішіпейіл Ақкөңіл Қамқоршы Әдепті

-Балалар, ақынның осы «Мейірім» әңгімесінде не туралы баяндалуы мүмкін?

-Қалай ойласыңдар ,әңгіменің осылай аталу себебі неде екен?

-Әрқайсың өз пікірлеріңді айта қойыңдар.Қалай ойлайсыңдар,ақын әңгімеде не туралы жазды екен?

-Жақсы ,жарайсыңдар ,балалар,олай болса,әңгімені мұқият тыңдайық..

Мұғалімнің оқуы.




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

































Оқулықпен жұмыс

Әр топтан бір оқушыдан мәнерлеп оқыту.Түсініктерін айтқызу.

Жуан-жіңішке сұрақтар:

-Ақын қыс мезгілін қалай суреттеген?

-Қандай мұзайдыны сияқты дейді?

-Саматты кім ойынға қоспады?

-Нұржан Саматтың шанасын неге теңеді?

-Саматты ойын қоспаған соң ол не істеді?

-Ақын балар ойынын қалай әңгімелеген?

-Үлкен қарт кісіні кім соғып өтті?

-Нұржанның қылығы үшін кім қатты ұялды?

-Самат әжей құлағанда не істеді?

-Әжей қандай бата берді Саматқа?

Тапсырмалар:

-Ары қарай балалар сіздерге тапсырмалар бар,кәне орындауға дайынбыз ба? -. Жақсы топтың ережесін сақтай отырып,топпен тапсырма орындаймыз.

1 топ.

1) «Қысқы демалыс.Мезгіл түс....» -деп басталатын абзацтан,

«Қамсыз отырған Самат шана үстінен қаңбақтай ұшып түсті....»- деген абзацқа дейін оқып, мәтінге тақырып қойып, түсінік беру,сурет бойынша. 2)Нұржан сөзіне бесжолды өлең жаз.

2-топ.

1) «Шаналылар бірін –бірі қуып,қағып-соғып жатыр....» -деп басталатын абзацтан, «Бірақ мұз үстінде зуылдап сырғанаған шанаға жете алмай.....» деген абзацқа дейін оқып,мәтінге тақырып қойып,сурет бойынша түсіндіру. 2)Саматпен Нұржанның мінездеме бере отырып, вен диаграммасын жасау

3-топ.

1)«Ойын қызған шақ.Шаналылар ешкімді де елер емес....» - деп басталатын абзацтан, «Көсегең көгерсін,балам...» деген жерге дейін оқып,мәтінге тақырып қойып,сурет бойынша түсіндіріп,айтып беру.

2) Мейірім сөзіне кластер жасау.

4-топ.

1) «Әжей орнынан тұрды.Самат қолтығынан демеп,сүйеді...» деген абзацтан бастап, соңына дейін оқып,мәтінге тақырып қойып,сурет бойынша түсіндіру.

2)Самат сөзіне бесжолды өлең жаз.

-Жауаптарың,қандай тамаша,барлық топ бір-бірімізді қошеметтеп қояйық.

Сергіту сәті

Балалар «Қыдырып қайтайық» әніне қимылдар көрсетеді.

Ой толғаныс

Мейірімділік туралы бейнеролик көрсетіледі.

Бейнеролик бойынша әңгімелесу.

Мейірімді - Мейірімсіз сөздеріне барлық топтарға кластер жасату.

-Өте жақсы балалар,сонымен бүгінгі сабаққа қандай пікірлер айтар едәңдер?

Үйге тапсырма

Әңгімені оқып,түсінігін айтып беру.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

«Арал» әдісі.

Стикерлерді сабақтан алған әсерін өзі қалаған аралға апарып жабыстырады.



Қабанбай батыр ауылы

41 орта мектебі

3 «в» сынып













Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақтың тақырыбы:

«Мейірім» М.Құлибайұлы.



Сабақтың мақсаты: «Мейірім» әңгімесін оқытып,идеясымен мағынасын аша отырып,түсінік алып,мейірімді болуға баулу.













Бастауыш сынып мұғалімі: Амандыкова Г.Ж.











2016-2017 оқу жылы.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее