«Зимний фестиваль знаний 2025»

“Coca-Cola” адам ағзасына әсері

Зерттеу жұмысымда сусынның қаншалықты адам ағзасына кері әсер беретіні туралы көрсетілген. Эксперименттте жасалған

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Павлодар қаласы
"Жас дарын" мамандандырылған мектебі


Амангелді Дияр Нажжатұлы


Зерттеу жұмысы



Кіріспе

  1. Тарихи анықтама

  2. Coca-Cola сусының құрамы

  3. Эксперименттік бөлімі

    1. Оқушыларға сауалнама

    2. «Coca-Cola» сусынымен тәжірибе жасау

    3. Қорытынды

Пайдалынған әдебиет



































Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Соңғы уақыттарды теледидардан көптеген бағдарламаларда біздің күнделікті өмірде не ішіп, не жейтініміз туралы айтылады. Консерванттар, бояғыштар және жасанды хош иістендіргіштердің кеңінен пайдалануы бізге сол тағамдардың пайдасы мен зияны туралы ойлануға жол береді. Әсіресе бізге, яғни балаларға жарқын қаптама, қызықты жарнама, осы өнімдерді тәтті дәмі тартымды көрінеді. Сондықтан, біз кейде ата-аналарымыз бізге ұнаған заттарды неге сатып алмайтындарын түсінбейміз.

Зерттеудің мақсаты:«Coca-Cola» сусынының адам ағзасына әсерін зерттеу арқылы құрбыларымның оны сусын ретінде ішпеу керектігін ғылыми ізденіс арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

- “Coca-Cola” туралы көп мәлімет алу, сусының құрамымен танысу;

- Мектеп оқушылар арасынан сауалнама жүргізу арқылы “Coca-Cola” сусынының қаншалықты танымал екенін, ол туралы қаншалықты мәліметтендірілгені және де оның өз денсаулықтарына зияндыма екенін анықтау;

- Түрлі тамақ пен заттардың «Coca-Cola»-мен өзара іс-қимылын көрсететін экспериментерді талдау;

- «Coca-Cola» сусынының ағзаға әсері туралы қорытынды жасау.

Жұмыстың зерттеу нысаны: “Coca-Cola” сусыны.

Зерттеу пәні: «Coca-Cola» сусынының қасиеттері және адам ағзасына әсері.

Жұмыстың гипотезасы: “Coca-Cola” денсаулық үшін қауіпсіз емес.

Зерттеу әдістері: Теориялық – ақпарат көздерін талдау, тәжірибелік-бақылау, сауалнама, математикалық статистика, эксперимент.

Зерттеу болжамы: Менің зерттеу жұмысым арқылы құрдастарыма «Coca-Cola» сусынының зияны мен оның салдары алдын ала болдырмау.

Зерттеу ұсынысы: “Coca-Cola” толықтай құрамы, зияны бөтелке сыртында жазылса. Энергетикалық сусындар орнына ұлттық таза табиғи сусындар көп сатылса.

1. Тарихи анықтама


Қазақта «Дені саудың – жаны сау », «Бірінші байлық – денсаулық» деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтың қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбенауруға апармайық. Біздің ата-бабаларымыздың, ел батырларының денсаулықтары энергияны көп қажет ететін етті, майлы тағамдарды пайдалана отырып, қатал климаттада төзімділік көрсеткен. Сондықтан, мен зерттеу жұмысымда “Coca-Cola” –ның құрамы, жасалу жолдары мен адам ағзасына әсері, тұрмыста қолданылуы туралы мәліметтер жинап, тақырып төнірегінде ой қозғамақпын.

Coca-Cola” сусыны 1886 жылдың 8 мамырында Америкада, Атланта қаласында пайда болған. Бұл сусынды ойлап тапқан Джон Пембертон. Ал сусынның атауын Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон ойлап тапқан. “Coca-Cola”негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі ( осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, оны кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «Кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастаған. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған зат болып табылмаған. Сондықтан кокаин ретінде сатылымда болып, оны лаззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отырған. Осылайша кока-коланың танымалдығы мен кірісі біртіндеп өсе бастаған. Алғашында қарапайым сироп ретінде сатылған. Ал «The Coca-Cola Company» болып, арада жеті жыл өткеннен кейін ғана 1893 жылдың 31 ақпанында құрылды. Джон Пембертон коланың атасы болса, «The Coca-Cola Company» компаниясының атасы Ирландық Аса Кэндлер болатын. 
1923 жылы компания билігін Ернесттің ұлы Роберт өз қолына алды. Сол жылдан бастап Роберт «“Coca-Cola” әлемге тарату мақсатында “Coca-ColaЭкспортКорпарейшон» корпорациясын құрып, оның бөтелкесін бір қаптамаға біріктірген.  
Coca-Cola 1999, 2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «The Coca-Cola Company» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері Олимпиадалық комитетімен бірлесіп жұмысатқарады. 
1894  жылдан   бастап    шөлмектерде,  ал   1955   жылдан   бастап қалбыр    ыдыста    сатылатын    болды.


2. «Coca-Cola» құрамы

Жапсырмадағы көрсетілген сусын құрамы:

  • Ауыз суы

  • Қант (11 %),

  • Көміртегі диоксиді (Е290)

  • Бояуғыш карамель түсі (қант колері, Е150) қанттың ертуі арқылы құрамына химиялық, синтетикалық зат - аспартам қосады (951)

  • кармазин (азорубин, 120)

  • Қышқылдықты реттегіш ортофосфор қышқылы (фосфора 170 ppm, Е338)

              • кофеин (140 ppm),

  • Табиғи хош иістендіргіш

  • Консервант бензоат натрииі

  • Құпиялы сөзбен жасырылынатын «Merchandise 7X», оның рецептін 2 ғана жоғары лауазымды адамдар біледі. Қосымша №1

«Coca-Cola» құрамына міңездеме

1. Қант. 1 стақан «Coca-Cola» сусынында 9 қасық қант бар. Оның қаншалықты адамның семіруіне және тіске зиян екенін ойланайық. Біз өзіміз 1стақан шайға 9 қасық қант салып іше аламыз ба? Жоқ, әрине. Сусындағы ортофосфор қышқылы қант дәмін бәсендетседе, адам ағзасына әсерін бәсендетпейді екен, сонымен қатар 20 минуттан сон қан құрамындағы инсулин көтеріледі. Көптеген лимонадтар құрамында аспартам, яғни қанттың синтетикалық түрі +30 бөлшектенеді де, формальдегид пайда болады. Ал формальдегид – у. Адамның қалыпты температурасы +36 и 6! Зерттей келе мен білгенім – аспартам шөл қаңдырмайды, керісінше еліктіреді екен.

2. Көміртегі диоксиді. Түссіз газ, қышқылдау иісі мен дәмі бар. Консервант, қопсытқыш ұнтақ, минералды суларда пайдаланылады.

3. Бояуғыш карамель түсі Е150а. Құырылған қант. Цельсий бойынша 150 градусқа дейін ерімеді. Адам ағзасына зиянды емес.

4. Қышқылдықты реттегіш ортофосфор қышқылы. Өрт және жарылысқа лайық. Газдалған су және тұз (пішіне, крекер ұнтақтары), өнделген ірімшік алу үшін пайдаланады. Көп пайдалынған кезде адам тістеріндегі маңызды эмаль жойылып, кариеске әкеп соғады, сүйектегі кальцииді көп мөлшерде шайып кетеді.

5.Кофеин. сусынның негізгі құпиясы– кошениль 
құртынан алынатын азық-түліктік қоспада екен.Тамақ өнеркәсібінде бұл экстракт кармин қышқылы деген атпен белгілі. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Бүгінге бар білетініміз бұл «Coca-Cola» қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз

  1. Эксперименттік бөлімі

3.1 Оқушылардан сауалнама алу

Мен өз сыныптастарымнан сауалнама алып, зерттеу жолдарын бастадым. Сыныпта 25 оқушы. Сауалнама қорытындысы диаграмма ретінде берілген.

Қосымша №2

№1 сұрақ


№2 сұрақ



3 сұрақ


4 сұрақ




5 сұрақ



Сауалнама қорытындысы: құрдастарымның жауаптары бойынша сусын ұнайды екен, алайда оны сирек ішеді, көпшілігі оның құрамына қызығушылық танытты және де сусынның денсаулыққа пайдасысыз деп санайды.

3.2 «Coca-Cola» сусынымен тәжірибе жасау

Мен жоба жетекшісімен бірнеше тәжірибе жасай отырып сусынның зиянды немесе зиянсыз екенін көрсетуіміз керек болды.

1 тәжірибе. «Coca-Cola»-ның тіске әсері. Ыдыстағы тіске сусын құямыз.

Бақылау: Бір аптадан соң тіс қарайды және үгіле бастады.

Қорытынды: «Coca-Cola» сусының көп мөлшерде ішуі тіс эмальінің бұзылуына әкеледі. Қосымша №3

2 тәжірибе. «Coca-Cola»-ның жұмыртқаның қабығына әсері. Жұмыртқаның қабығын «Coca-Cola» сусыны құйылған стақанға саламыз.

Бақылау: Бір аптадан соң қабық қара түске боялды.

Қорытынды: «Coca-Cola»-ның қабықтың бұзылуына әкеледі.Қосымша №4

3 тәжірибе. «Coca-Cola»-ның сүйекке әсері. Сүйекке сусын құямыз.

Бақылау: Бір аптадан соң сүйек қарайды және жұмсарды.

Қорытынды: Сусын сүйектегі кальциидің шайылыуына әкеледі.Қосымша №5

4 тәжірибе. «Coca-Cola»-ның тауық етіне әсері. Бір ыдысқа сусыны құйылған тауық етін саламыз.

Бақылау: 3 аптадан соң тауық еті езіліп кеткенің көрдік.

Қорытынды: «Coca-Cola» сусыны ет жазушаларын бұзады. Қосымша №6

5 тәжірибе. Болттарда татты кетіру. «Coca-Cola»-ға болтты саламыз.

Бақылау: 1 аптадан соң болт таттан тазара бастады.

Қорытынды: «Coca-Cola» таттардан тазартады. Қосымша №7

6 тәжірибе. Шәйнек түбіндегі қабыршақтардан тазалау. «Coca-Cola» сусының шәйнек түбіне құйып, бір күнге қалдырамыз.

Бақылау: 2 күні қабыршақтар жоқ.

Қорытынды: «Coca-Cola» қабыршақтарды жояды.

Барлық тәжірибелерге басты шарт: арасында сусынды ауыстырып немесе толықтырып отыру керек. Қосымша №8


Эксперименттік бөлімі бойынша қорытынды:

  • Coca-Cola” сусынымен жасалған тәжірибелер денсаулыққа қауіпті екенін көрсетті;

  • Coca-Cola” құрамындағы аспартам біздің ағзамызды қауіпті жағдайға әкеледі.

  • Coca-Cola” ұзақ уақыт бойы ішуі, адам ағзасында асқазан безісінің ісігіне, бауырдың езілуіне әкеледі.

  • Ортофосфор қышқылының арқасында ағзадағы кальциидің шайылуына әкеледі.

  • Coca-Cola” сусының күнделікті өмірде тазалағыш ретінде қолдануға болады.

3.3. Қорытынды

Зерттеу барысында сусын туралы көп мәлімет ала отырып, оның құрамын жақсылап зерттедік. Мен үлкен қызығушылықпен жазып шықтым, көп іздендім, жасаған тәжірибелерім шынайы, фотосуреттерде мен өзіммін,

Бұл жобада менің көрген білгенім аз болса да талпынысымды көрсеткім келді. Кола сусынын зерттегеннен кейін мен бұл сусынды татып алмаймын, өзгелер ішіп жатса барынша тоқтатуға тырыстым. Әлі де тырысамын. Мен өзгелер бұл сусынды ішіп жатқанын көрсем – ол адам өз қолымен өзін өлімге сүйрегендей көрінеді. Сол себепті де бұл сусының елімізден мүлдем шығарылғанын қалаймын. Десе де халық қарсы болғанмен де нарықта оны тоқтатуға ешкімнің билігі жүрмейтін секілді. Коланың зиянын білген әр адам өзіне және жақындарына шектеу қойғаннан басқа амал жоқ. Өзіміздің ұлттық сусындарымыз коладан мың есе артық емес пе?Жасаған тәжірибелерімнің ешқайсысында да кола оң нәтиже бермеді.Пайда болған иіс асқазанды осылай бүлдірсе – менің денсаулығым жартылай құрдымға кетті деген сөз.«Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Ертерек қимылдамасақ, ертең кеш болып қалуы әбден мүмкін. Ойланайық, мұсылман баласы, коланы ішіп, құрдымға кетіп жүрмейік?! 

Coca-Cola”компаниясына пайданың өсуі ғана маңызды, ал біздің денсаулық ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА.

Пайдалынған әдебиет:

  1. Calorizator.ru - Анализируй то, что ты ешь! [http://www.calorizator.ru]

2. Всёо кока-коле! [ http://www.moscowuniversityclub.ru/home.asp?artId=8947]

3. В чём польза, а в чём вред кока-колы? [http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-21174/[

4. История компании Coca-Cola [http://selfire.com/2008/12/2005/]

5. Материал из Википедии [ http://ru.wikipedia.org/wiki/Coke]

6. Насколько вредна Coca Cola? [http://www.koleso.ch/gesundheit/coca-cola.shtml]

7. Новый изучению рака обязывает FDA напомним, аспартам [http://www.rense.com/general69/assp.htm]

8. Пищевые добавки [http://fitfan.ru

9. Проект опытно–экспериментальной деятельности «Чудеса» [http://festival.1september.ru/articles/532763/]

10. Эпидемиологический словарь [http://healtheconomics.ru]






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее