«Зимний фестиваль знаний 2025»

Балалар әдебиеті

6 сынып оқушыларына балалар әдебиетінен қосымша мәліметтер беру, танымдық әлемін кеңейту, сөздік қорын жетілдіру.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Балалар әдебиеті – рухани қазына

Балалар әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер.
Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.
Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады.
Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял - ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері
Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.

Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.
Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.























Балалар әдебиетінің ерекшеліктері.

М.Горькийдің 1928 жылдан 1936 жылға дейін жазған «Тағы да сауаттылық туралы»(1928), «Құлағына мақта тығып алған адам»(1930), «Жауапсыз адамдар туралы»(1930), «Балаларға әдебиет»(1933), «Тақырып туралы»(1933), «Ертегілер туралы»(1935) деген көптеген еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын мәселелеріне енгізілген ірі мұра болып табылады. Аталған мақалалар балалар әдебиетінің теориясын дамытқан еңбектер болып саналады. М.Горькийдің айтуынша балалар әдебиетінің өзіндік өзгешелігі қайсы? Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына қарай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек.

«Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады» - деп ескертеді М.Горький. Балалар әдебиетіне қойылатын критерий де осы. М.Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие құралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Әр қилы тақырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайында сөз ете келіп М.Горький «Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару қолды ұзартты» - дейді. Мұндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық.

Балалардың оқуына қажетті кітаптарға шек қою, әлі де болса, балалардың жастық шақтағы қабілеттілігін ұға білмегендік болар еді. Үлкендерге арнап жазылған жақсы шығармалардың көпшілігі балалардың түсінуі мен олардың тәрбиесіне қайшы келмесе, қайта оларға қазіргі дәуірдегі жаңа адамды тәрбиелеудің ең үздік үлгілерін көрсетіп, өмір жолын танытарлық дәрежеде болса, ол сөзсіз балалардың оқуына да кең түрде ұсыныла береді. Өмір жолын танытып, саналы түрде тәрбиеге баулитын кітаптарды үлкен кісілердің араласуынсыз-ақ балалардың өздері де біріне-бірі ұсынып, көпшіліктің оқуына айналдырып жібереді. Бұл - өмір заңы, оған қайшы келуге болмайды. Мысалы, орыс жазушыларында Отан қорғау ісіне байланысты, әсіресе Отан соғысы тақырыбына байланысты жазылған шығармалардың көпшілігі балалардың оқуына лайықталып кетіп, соңынан балалар баспаханасы арқылы шығып жатқаны белгілі. Д.Фурмановтың «Чапаев», А.Фадеевтің «Жас гвардия», М.Шолоховтың «Адамның тағдыры» атты әңгімелері - осының айқын дәлелдері. Жоғарыда аты аталған жазушылардың бәрі де осы шығармаларын о баста балаларға арнап жазбағаны белгілі.

Сол сияқты Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі мен М. Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім. «Біздің ата - бабаларымыздың білген тар дүниесі қазір жетіжылдық бітірген баланың қалтасын да толтыра алмайды»,- деп Ғ.Мүсіреповтің өзі айтқандай, қазіргі кезде балаңдығы байқалған бұрынғы кездегі ұсақ-түйек уағыздарға балалар қанағат тұтпайды.

Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі» кітабында балалар әдебиетінің алты ерекшелігін атайды.

Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе кқрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді;

Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірен әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек;

Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр жақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды;

Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көрінісітерін, пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түсеі. Пейзаждық сурет – эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Эстетикалық тәрбие көбіне ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отырады. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу – баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады. Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберелер жасаған көркем өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рахаттанып рухани ләззат алуын дамытады;

Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұн мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбексүйгіштікке әуестендіре білуі керек;

Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы. Біздің барлық әсерімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін – сол. Әдебиет – сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер» - деген М.Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерллі болып отыруға тиісті. Блалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.















































Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. , Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

Әңгімелерін идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды. «Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.

Мысалы: 3. Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге, Тілеуің, өмірің алдыңда,

Бес нәрседен қашық бол, Оған қайғы жесеңіз.

Бес нәрсеге асық бол, Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Адам болам десеңіз. Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көрсеңіз.


Жамандық көрсең нәфритлі, Сізге ғылым кім берер,

Суытып көңіл тыйсаңыз. Жанбай жатып сөнсеңіз?

Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Дүние де өзі, мал да өзі,

Оны ойға жисаңыз. Ғылымға көңіл берсеңіз.

Ғалым болмай немене, Білгендердің сөзіне

Балалықты қисаңыз? Махаббатпен ерсеңіз.

Болмасаң да ұқсап бақ, Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір ғалымды көрсеңіз. Бір іске кез келсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп, Ақсақал айтты, бай айтты,

Айтпа ғылым сүйсеңіз. Кім болса мейлі, сол айтты -

Ақылменен жеңсеңіз.


Надандарға бой берме, Осы жалған дүниеден

Шын сөзбенен өлсеңіз. Шешен де өткен не бұлбұл,

Аят, хадис емес қой, Көсем де өткен не дүлдүл.

Күпір болдың демес қой, Сөз мәнісін білсеңіз,

Қанша қарсы келсеңіз. Ақыл - мизан, өлшеу қыл.

Көп орында көріне айтпа, Егер қисық көрінсе,

Біздің сөзге ерсеңіз. Мейлің таста, мейлің күл.

Мұны жазған кісінің Егер түзу көрінсе,

Атын білме, сөзін біл! Ойлап-ойлап, құлаққа іл.


Ақмақ көп, ақылды аз, Сөзіне қарай кісіні ал,

Деме көптің сөзі бұл. Кісіге қарап сөз алма.

Жақынның сөзі тәтті деп, Шын сөз қайсы біле алмай,

Жақыным айтты дей көрме. Әр нәрседен құр қалма.

Надандықпен кім айтса, Мұны жазған білген құл,

Ондай түпсіз сөзге ерме, Ғұламаһи Дауани

Сізге айтамын, қауіпім - бұл. Солай депті ол шыншыл.

Өзің үшін үйренсең, Сөзін оқы және ойла,

Ашыларсың жылма-жыл, Тез үйреніп, тез жойма,

Біреу үшін үйренсең, Жас уақытта көңіл - гүл.

Білгеніңнің бәрі -тұл.




Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің түрлері

Әдебиет- араб сөзі, аударғанда улгілі сөз деген мағынаны береді. Әдебиет оқиғаны сөзбен суреттеп  жеткізетін сөз өнері.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті . Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері»  деген мағынаны береді.

Ауыз әдебиет түрлері:

Ертегілер

Мақал- мәтелдер

Жұмбақтар

Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры

Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш – Баян сұлу

Айтыс өлеңдер

Тарихи жырлар

Тұрмыс салт жыры

Ертегілер адам қиялынан туған шағын шығармалар.

Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 –ке бөлінеді

Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиалға, фантазиаға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады.  (Алтын сақа, Ер Төстік)

Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді

Қазақ ертегілері

Сырттан келген ертегілер

1.Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық»

2.Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы»

3.Шыншыл ертегілер.  Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы  (Алдар көсе, Дүмше молда)

Мақал-мәтелдер.

Отан туралы

Еңбек пен кәсіп

Батырлық

Оқу, білім, ғылым туралы

Тіл өнері сөз өнері

Тәлім- тәрбие, әдептілік туралы

Достық пен жолдастық туралы

Адам туралы

Аңыз- әңгімелер.  Аңыз- тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, іс  әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгіменің ерекшелігі тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

Жиренше шешен туралы

ІІ.  Сұрақтарына жауап беру:

1.Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:

2.Ауыз әдебиетінің түрлері:

3.Шыншыл ертегілердің кейіпкері:

4.Қиял-ғажайып ертегісінің кейіпкері:

5.Қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар?

6.»Алтын сақа» қай ертегі түріне жатады?

7. «Алтын сақа» ертегісінде бала қандай тайды таңдап алады?

8. «Алтын сақа» ертегісінде бала жұрттан несін іздейді?

9. Әдеби ертегінің ерекшелігі қандай?

ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

 ІV. Қорытынды












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее