Сабақ тақырыбы: | Апта күндері Ай | Мектеп: | |||||
Күні : |
| Мұғалімнің есімі: | |||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны: | |||||
Оқу мақсаты: | циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады. | ||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | |||||||
Ресурстар: | апта күндерінің атаулары жазылған парақша-лар — 4 жинақ; тірек сөздер жазылған парақшалар; бір аптаға арналған сабақ кестесі; бір аптаға арналған үйірме кестесі; апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтіз бесі; | ||||||
Тірек сөздер | апта; дүйсенбі; сейсенбі; сәрсенбі; бейсенбі; жұма; сенбі; жексенбі. | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегі мен аптаның ұзақтығын түсіндіру. | ||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
| ||||||
Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады. Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың апта күндерінің атауы мен ретін білетінін анықтап алыңыз. Содан соң апта күндерінің ретін (егер оқушылар білмесе) айтыңыз немесе (егер оқушылар білсе) қайталатыңыз. Ол үшін мынадай ойын өткізіңіз. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызыңыз. Оқушыларға апта күндерініңатаулары жазылған парақшаларды таратып шығыңыз. Содан соң оқушылардан жеті-жетіден топқа (сөздер қайталанбайтындай етіп) бөлінуін сұраңыз. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айтыңыз. Әр күннің өз атауы бар. Өз топтарында оқушылардың ретімен тұруын сұраңыз: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұраңыз. Апта
күндерінің атауын және ретін есте сақтағаннан кейін бір апта келесі аптаны ауыстыратындай етіп, бір шеңберге тұруын сұраңыз. Апта күндерінің атауы бойынша жеті оқушыны тұрғызғаннан кейін сұрақ қойыңыз: “Жексенбіден кейін қай күн келеді?” . Содан кейін келесі аптаны тұрғызыңыз. Осылайша, барлық топпен жұмыс жасаңыз. Шын өмірде уақыт тың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста бола тынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіріңіз. Егер сыныптағы оқушылардың саны жетіге жетпесе, онда басқа топтың оқушыларымен ауыстырып, оларға апта күндерінің атауы жазылған парақшаларды үлестіріп беруге болады. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекітіңіз. Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпы лама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады. Жауабы: 7 күн. Сабақ кестесіне байланысты. Бейсенбі. Жеті күн, яғни 1 апта. Үш күн өткен соң. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйре неді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұраңыз. Жауабы: домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады. | Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.
Жауабы: 14 күн.
Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкен ге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастырыңыз. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтанбір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыруды ұсыныңыз. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріп беруді сұраңыз. Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.
Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыныңыз. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.
Ойлан. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуыңызға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді. Жауабы: жексенбі.
| ||||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
| Қосымша тапсырмалар
| ||||||
Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізіңіз. Алдымен оқушыларға ойынның шартын түсін діріңіз. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға іліп қойыңыз немесе интерактивті тақтада көр сетіңіз. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтыңыз. Мысалы: 1 — аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2 — аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3 — аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4 — аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5 — аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6 — аптаның алтыншы күні, яғни сенбі. 7 — аптаның жетінші күні, яғни жексенбі. Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсетесіз. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды. | Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптас тырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Оқушылар пазлдарда апта күндерінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта. Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?
Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме аттарын жазып толтырады. Берілген тап сырманы саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұраңыз. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады. | ||||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;апта күндерінің ретін біледі. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюыңызға болады: — бір аптада неше күн бар? — Бүгін аптаның қай күні? — Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесің дер? — Сейсенбі аптаның нешінші күні? — Дүйсенбіден кейін қай күн келеді? — Жексенбінің алдында қай күн? — Арғы күн қай күн болады? — Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекет тердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге болады? Неге? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо йынша өзін-өзі бағалатыңыз. |