«Зимний фестиваль знаний 2025»

Дәстүр және фольклор Мен қазақпын

Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы:

Дәстүр және фольклор

Мен қазақпын

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:қазақ халқының тарихымен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі:оның рухани құндылықтарын түсінуді үйренy;

  • Кейбір оқушылар:батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінy.

Тірек сөздер:

ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі, Қасымханның портреті, Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет.

Сабақтың мақсаты:

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.

Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндік

болса, оларға Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз.

Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады.

Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аударыңыз. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.

Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін іліңіз. Оқушыларға бір-бірден стикер таратыңыз және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқысын. Оқушылардан оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма екенін сұраңыз. Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аласыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беріңіз.


Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсыныңыз. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіріңіз. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге қойыңыз. Бұл гүлді суармаса, не болатынын сұраңыз.

Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.

Орындап көр. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды.

Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтаңыз. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



Бұл сабақтың тірек сөздері қолданып жүрген сөздік қорға жатпайды. Оқушылар тірек сөздерді хормен қайталасын. Содан кейін тірек сөзбен бір жай сөйлем ойлап табуын сұраңыз. Қабілеті жоғары оқушылар өз сөйлемдерін орыс және ағылшын тілдеріне аудара алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады.

Өнер. Дәптердегі «Мен қазақпын» тапсырмасы өнермен пәнаралық байланысты қамтиды.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан қазақ хандығы туралы материалдар жинайды.



Толағай


  • Танысып қой, бұл – батыр Толағай.

  • Неліктен ол батыр атанды деп ойлайсың?


Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Қазақ халқы» тапсырмасы орындауға беріледі.

Бағалау


Оқушылар


–– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін;


–– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді;


–– қазақ халқының тарихымен танысты.


Оқушылар


–– қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге; –– сұрақтар қоюға; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруге


үйренді.


Бағалаудың бір түрі ретінде «Орындық» тәсілін қолдансаңыз болады. Оқушы орындыққа арқасын тақтаға қаратып отырады. Тақтада оқушылар сабақ барысында алған ұғымдар мен есімдер жазылған. Мұғалім әр ұғым мен есімді (батыр, Қасым, Толағай) көрсетеді, ал бір оқушы олардың мағынасын ашады немесе кейіпкердің мінезін сипаттайды. Орындықта отырған оқушы ұғымды немесе есімді атайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее