«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Аналар мерекесі"

Балалар залға кіріп, айшық болып тұрады.

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттын,

Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысын, ардақтысың, данасын.

Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, сымбатты, сүйкімді қыздарымыз сендерді көктем айында келген 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Аналар мерекесі


Балалар залға кіріп, айшық болып тұрады.

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттын,

Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысын, ардақтысың, данасын.

Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, сымбатты, сүйкімді қыздарымыз сендерді көктем айында келген 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Тақпақтар:

Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Ақ бетінен сүйемін,

Келші, келші ақ анам


Ана біздің күніміз,

Ананыңбіз гүліміз,

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.


Ән:

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан,

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан.


Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда


Бізді өсірген апатай

Еңбегінде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мерекең.

Жүргізуші:

8 наурызбен бірге көктем де іле келеді.

Көктем:

Көлдің мұзын ерттім,

Ақ тонын жердің жібіттім.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Көктем күні ән-думан,

Қуанады балдырған.

Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Барлықтарыңызды Көктем мерекесімен құттықтаймын. Менің қолымда сиқырлы қорап пен «Гүлдер» бас киімі бар.

Сиқырлы қорапшада «Ана» деген сөзді сізге (жүогізушіге) беремін, ал мына «Гүлдер» бас киімімен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Мен гүлдермен жүремін».

Жүргізуші:

«Гүлдер» ойыны қызықты болды, рахмет Көктем.

Көктем:

Балалар сендермен өте көңілді болды, бірақ менің кетуім керек, қысты қуып, жерді жылытуым қажет, сау болыңдар!

(Көктем кетеді)

Жүргізуші:

(Есік тарсылдайды).

Балалар бізге тағы да қонақ келе жатыр.

(Антошка кіреді)

Антошка:

Картопты қазбаймын,

Тамақты үлкен қасықпен асаймын.

Сауық-сайран құрамын,

Бір әнімді бастайын.

Жүргізуші:

Тоқта, Антошка, сен біздің аналар мерекесіне келдің. Аналарға, қыздарға қандай сыйлығын бар?

Антошка:

Қозының анасы – (қой)

Құлыншақтың анасы – (жылқы)

Бұзаудың анасы – (сиыр)

Ботақанның анасы – (түйе)

Антошка:

Жарайсыңдар, балалар, қарандар картобымыз аз, қабымыз көп шықты.

Жүргізуші:

Сен картопты дұрыс тазаламадың, саған үйрену керек.

Жүргізуші:

Біздің балалар картоппен қызық ойын біледі.

Ойын: «Қаықпен картоп апар»

Антошка:

Рахмет, балалар! Өте қызық болды. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Балалар, біз мерекені әрі қарай жалғастырамыз.

Мыстан әже:

Амансындарма балалар! Мені таныдыңдарма, мен сол баяғы мыстан әжелеріңмін. Анау тұрған қорапты әкетемін, мереке жоқ. «Ана» деген сөзді ұрладым.

Жүргізуші:

Масқара! Масқара! Ойбай, енді не істейміз? Бізге «Ана» деген сөзді қайтару керек.

Балалар:

Біз мыстанды табамыз.

Сазайын оған береміз.

Сиқырлы қорапты қайтарамыз.

Жүргізуші:

Балалар, мыстан әжені ренжітпейік, мүмкін көңілін көтерсек, бізге қорапты қайтаратын шығар.

Би:

Мыстан әже:

Жақсы билейді екенсіңдер, мереке жақсы болса, мен сендерге «Ана» сөзін қайтарамын.

Жүргізуші:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып бере тағы әжем.

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып бере тағы әжем.


Ақ шашты әже, даналар,

Ақылды, қамқор даналар

Әжелердің маңынан

Шықпайды жақсы балалар.

Ән: «Әже»

Ойын: «Жіпті ора»

Жүргізуші:

Ән аттық, би биледік, қайтар бізге сиқырлы қорапты.

Мыстан әже:

Жарылып кетсем де бермеймін.

(көңілсіз музыка ойналады, кішкентай орман иесі келеді).

Орман шайтаны:

Орманда мен жалғызбын.

Досымда жоқ, туысымда жоқ.

Мыстан әже сен сондай мейірімдісің, маған ана болшы!

Мыстан әже:

Әрине, балақан, менің ұлым болсын.

Орман шайтаны:

А-на

Мыстан әже:

Мә, алыңдар сиқырлы қорапты. Міне, сендерге тәтті сыйлықтар. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Ананың әрбір сөзі ой – талабы

Жүректің тереңінде сақталсын.

Өсіндер елін сүйген ұл-қыз боп,

Ардақты ана еңбегі ақталсын.

Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее